Астық жинау рекордтық көрсеткішке жетті ме?

Республика күніне орай өткен жиында Қасым-Жомарт Тоқаев халықты мерекемен құттықтай келе, еліміздегі елеулі мәселелерге тоқталды. Көктемдегі су тасқынына қарамастан елімізде 26 миллион тоннадан астам астық жиналғанын әрі бұл рекордтық көрсеткіш екенін айтты. Осы орайда Factcheck.kz редакциясы аталған деректі тексеріп көрді.

Президент сөзі (Тайм-код: 9:42)

Мәлімдеме: Көктемгі тасқынға қарамастан 26 миллион тоннадан астам астық жиналды.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Үкім: Шындық

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпаратына сай, биыл жалпы егіс алқабы 23,3 млн гектар болып, ең кейінгі дерек бойынша 26,5 млн тонна астық жиналды.

Мәлімдеме: Мұны рекордтық көрсеткіш деуге болады.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Үкім: Жалған

Тоқаев келтірген 26 миллион тоннадан астам астық көлемін рекордтық көрсеткіш деуге келмейді, себебі Faostat-тың дерегінше, Қазақстан 1992 жылы 29,6 млн тонна, одан кейін 2011 жылы 26,8 млн тонна астық жинаған. Осы деректерге сүйеніп, биылғы жылғы астық көлемі рекордтық көрсеткішке жетпегенін көреміз.

Астық жинау рекордтық көрсеткішке жетті ме?
Дереккөз: Faostat

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz