“Алматы СпецТехПаркинг сервис” баспасөз қызметі мәлімдемелеріндегі өтірік пен жартылай шындық

18 ақпанда Бауыржан Байбек халыққа есеп беру жиынын өткізгені белгілі, онда Алматы әкімі еліміздегі ең ірі қаланың даму жоспарымен бөліскен еді. Алайда қала тұрғындарының бәрі бірдей  әкімге сұрақтарын қоя алған жоқ –Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан Халықаралық бюросының мәліметінше,  “Көкжайлау” тау шаңғысы курортының құрылысы мен Алматы трамвайының тағдырына қатысты сұрақ қойғысы келген белсенділерді кездесуге кіргізбеді.  

Ал бір апта бұрын алматылық жүргізушілер тұрғын үйлердің ауласындағы көлік тұрағы ақылы болды деп “шулаған” еді. “Алматы Спецтехпаркинг Сервис” ЖШС баспасөз қызметі Фейсбук әлеуметтік желісінде жағдайды түсіндіруге асыққан, пайдаланушылардың ескертпесіне жауап беріп те үлгерген.

Factcheck.kz серіктестіктің баспасөз қызметі берген жауапты ғана емес, Алматыны шарлап жүрген “бұл компанияға оңтүстік астана әкімі отбасының қатысы бар” деген тұжырымды да тексеріп көрген еді.

[google-drive-embed url=”https://drive.google.com/uc?id=1M4WbyCFRe7GReJfRy1V9SAXoGNLkmq5s&export=download” title=”Scan Facebook.jpg” icon=”https://drive-thirdparty.googleusercontent.com/16/type/image/jpeg” width=”450″ height=”200″ extra=”image” style=”embed”]
Скриншот Фейсбуктегі «Парковки Алматы» парақшасынан

Мәлімдеме: «Инвестицияға қатысты барлық ақпарат ашық»

Үкім: Жалған

Компанияның ресми сайтынан да, ашық деректерден де аталған серіктестіктің жобаға салынған инвестиция туралы есебін таба алмадық.

[google-drive-embed url=”https://drive.google.com/uc?id=1vc_FSZLHWgSyqkMXEO-ioTe0n375StCO&export=download” title=”Информации об инвестициях нет.jpg” icon=”https://drive-thirdparty.googleusercontent.com/16/type/image/jpeg” width=”1096″ height=”541″ extra=”image” style=”embed”]

Мәлімдеме: «Бюджетке салық түрінде 269 миллион теңге төленді»

Үкім: Жалған

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің деректеріне сүйенсек, аталған компания 2013 жылдан бастап күні бүгінге дейін БАР БОЛҒАНЫ 146,2 миллион теңге ғана салық төлеген, соның ішінде өткен жылы 2 миллионға сәл жетпейтін сома төлеген!

[google-drive-embed url=”https://drive.google.com/uc?id=18kDJXdMnyt6ks5X_PYbEJbbWtyEL3XYi&export=download” title=”Tax AParking.jpg” icon=”https://drive-thirdparty.googleusercontent.com/16/type/image/jpeg” width=”884″ height=”410″ extra=”image” style=”embed”]

Мәлімдеме: «Тұрақ ақысы жұмыс күндері таңғы 8:00-ден кешкі 19:00-ге дейін төленеді, сағаты – 100 теңге”

Үкім: Үкімі жоқ

Алматы тұрғындарының көпшілігі тұрақтағы есептеуіштің жұмыстан тыс уақытқа да ақша есептеп беретініне наразы. Мысалға Фейсбук желісін пайдаланушы салған чекті алатын болсақ, сағат 14:16-дан 00:16-ға дейін паркомат 1000 теңге есептеп берген (суреттің рас-өтірігіне Factcheck.kz  жауапты емес).

[google-drive-embed url=”https://drive.google.com/uc?id=10_eFVwD9lkTWAYWxAzhIc1tQLwth4s2D&export=download” title=”Скрин со страницы в ФБ.jpg” icon=”https://drive-thirdparty.googleusercontent.com/16/type/image/jpeg” width=”450″ height=”200″ extra=”image” style=”embed”]

Скрин Facebook-тегі “Алматы в чистые руки” ашық парақшадан алынды, әрі суреттің рас-өтірігіне Factcheck.kz жауапты емес. Десе де, бұл арыз-шағымдар паркоматта техникалық ауытқулар болғанының да тікелей дәлелі бола аолмайды. 

Мәлімдеме«Алматы СпецТехПаркинг сервис» ЖШС көліктің сақталуына жауапты емес” – компания сайтындағы жиі қойылатын сауалдар бөлімінде осылай деп жазылып тұр (ред.).

[google-drive-embed url=”https://drive.google.com/uc?id=12RoYUrjzdYxG1POosid4zYK5ith5RN13&export=download” title=”АПаркинг не несет ответственности.jpg” icon=”https://drive-thirdparty.googleusercontent.com/16/type/image/jpeg” width=”894″ height=”111″ extra=”image” style=”embed”]

Үкім: Жалған

Компания тіркелген уақытта қызмет түрін “Азаматтарға тиесілі көлік құралдарын сақтау қызметі” деп көрсеткен. Сондықтан көлік бүлінсе немесе ұрланса, қызметін дұрыс атқармағаны үшін өтемақы талап етуге немесе айыппұл өндіртіп алуға болады.

[google-drive-embed url=”https://drive.google.com/uc?id=12mTvUobxkkhoqly0lMddOBV2inPM9TUp&export=download” title=”Вид деятельности.jpg” icon=”https://drive-thirdparty.googleusercontent.com/16/type/image/jpeg” width=”766″ height=”83″ extra=”image” style=”embed”]

Енді компанияның құрылтайшылары туралы.

«Бұл компанияға Бауыржан Байбек отбасының қатысы бар” деген тұжырым бар.

Үкім: Жартылай шындық

Дәл қазір компанияның құрылтайшылары арасында баспасөз қызметі атап өткен келесі серіктестіктер бар:

  • “RR2”  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (БИН 151040027093)
  • “Алматы қаласы табиғи ресурстарды басқару және табиғатты пайдалануды реттеу” коммуналдық мемлекеттік мекемесі (БИН 050240003614).

“RR2” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі “АЛМАЛЫ” активтерді басқару компаниясы” ЖШС (БИН 140140018509) мен “Almaty CPS” ЖШС (БИН 151040020145) тиесілі, оған Боранбаев Мұрат Советайұлы жетекшілік етеді, ол Айсұлтан Назарбаевтың қайын атасы.

“Almaty CPS” серіктестігіне Ахметов Саламат Қуатұлы иелік етеді және басқарады, оған сондай-ақ Астанадағы құрылыс холдингі “Wood Art” ЖШС да тиесілі, ол Кузиев Закиржан Пірмұхамедұлымен бірге осы холдингтің құрылтайшысы.

Соңғысы, 2017 жылдың 7 желтоқсанында “Wood Art” ЖШС-і Вар Суат пен Байбек Қыдырғали Мұхаметәмірұлының (Алматы әкімінің әкесі) үлесін иемденген.

Яғни, соңғы уақытта алып шаһардың жолдарын бақылауында ұстап отырған компаниямен Алматы әкімінің отбасы мүшелерінің байланысы болған десек те, қазіргі уақытта олардың тікелей қатысы бар-жоғын ашық деректерге сүйене отырып анықтау мүмкін емес.

*Барлық ақпарат ашық дерек көздерінен алынды

Factcheck.kz