Фактчек | Көлік ұрлау азайды… Енді Алматы қауіпсіз бе?

Қыркүйек айының басында бірқатар БАҚ өкілдері Алматы қаласы ІІД-нің мәліметіне сүйене отырып, «Алматыда автокөлік ұрлығы азайды» және «әсіресе автокөлік айнасын ұрлау көрсеткіші төмендеді» деген ақпарат таратты (2018 жылдың 8 айы мен 2017 жылды толық есептегенде).

Уровень престуности в АлматыУровень преступности в Алматы

Вконтакте әлеуметтік желісіндегі Алматы ІІД парақшасынан да осындай ақпартты кездестіруге болады.

Біз 2013-2018 жылдардың белгілі бір кезеңдеріндегі (әр жылдың алғашқы 8 айы) статистиканы негізге ала отырып, Алматының қаншалықты қауіпсіз қалаға айналғанын тексеріп көрейік деп шештік.

Бұл тақырыпты алу себебіміз:

Автокөлік ұрлығы, оның ішінде автокөлік айнасын ұрлау туралы мәлімдеме бізді күмәндандырып тастады. Оның үстіне, мәлімет бәрімізге белгілі оқиғалардан бір жарым ай өткеннен кейін тарады.

Не айтқымыз кеп тұрғанын әр қазақстандық жақсы біледі деп ойлаймын. Шілде айында мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен қайтыс болған күннің ертесіне БАҚ өкілдері Алматы полициясына сілтеме бере отырып ҚР ҚК 99 бап (Адам өлтіру) 2 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталғанын хабарлаған болатын.

Мәселен, prosports.kz сайты «пайдакүнемдік ниетпен, сол сияқты жалдау бойынша не қарақшылықпен немесе қорқытып алумен ұштасқан жазаны қарастырады» деп жазды.

Алматылықтарды ұрланған терезе емес, адам өлімі дүр сілкіндірді. Адамдар қылмыстық іс өз өмірлеріне және денсаулықтарына қауіп төндіріп тұр ма деп алаңдады. Сонымен, негізгі сұраққа көшейік.

Алматы қауіпті ме?

Алматы өткен жылдарға қарағанда қауіпсіздеу қалаға айналды деп айта алмаймыз. Қауіпті деу де дұрыс емес. Мәселен, 2018 жылдың 8 айындағы адам өлтіру саны 2016 жылдың жалпы кезеңіне сәйкес келіп тұр, ал 2017 жылдың алғашқы 8 айынан 1 адамға көбірек. ІІД-нің мәлімдемесі манипуляцияға жақын, көңілімізді автокөлік ұрлығына аударып жіберуге тырысады.

Бұдан бұрынырақ біз халықаралық тәжірибеде қауіпсіздік дәрежесі алдын ала жоспарланған адам өлтіру саны жылына 100 адамға шаққандағы индекс арқылы анықталады деп жазғанбыз. 2018 жыл әлі аяқталмағандықтан, біз әр жылдың алғашқы 8 айын есепке алып отырамыз. Адам өлімі бойынша салыстыру индексі 2014-2017 жылдар аралығында жасалды.

Алматыдағы қауіпсіздіктің 2014-2018 жылдар аралығындағы қаңтар-тамыз айлары бойынша абсолютті көрсеткіші

Уровень преступности в Алматы

Инфографика ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық  статистика және  арнайы есеп комитетінің ақпаратына негізделді.

Қауіпсіздік индексі немесе 2014 жылдан 2017 жылға дейінгі адам өлтіру көрсеткіші

Формуланы естеріңізге сала кетейік: К = Қ х 100 000 / Х, мұнда: К – қылмыс коэфициенті Қ – қылмыс саны (бұл жағдайда 99 бап) Х – халық саны.

2014 жыл

Жыл соңындағы Алматы тұрғындарының саны – 1 641 400 адам

Есептеу кезінде СДТБТ-да тіркелген адам өлтіру саны – 88

К = 5,4

2015 жыл

Тұрғындар – 1 702 700

Адам өлтіру саны – 88

К = 5,2

2016

Тұрғындар – 1 751 300

Адам өлтіру саны – 67

К = 3,8

2017

Тұрғындар – 1 802 000

Адам өлтіру саны – 74

К = 4,1

Уровень преступности в Алматы

Сонымен қатар, жоғарыда айтып өткендей ҚР ҚК 99 бап, 2 тармағындағыдай ауыр қылмыс туралы келер болсақ, 2018 жылдың 8 айында 147 құқықбұзушылық тіркелсе, 2016 жылдағы жалпы құқықбұзу саны 146 болған. 2017 жылы – 197, 2015 жылы – 231, 2014 жылы – 237, 2013 жылы – 296.

Жоғарыда айтылған мәліметтердің барлығы ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп бөлімінің сайты және Алматы қаласы Статистика департаменті сайтынан алынды.

Қазақ тіліне аударған – Балнұр Қожагелді

 

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz