Камераны тартыңыз: Қазақстанда қайда және нені түсіруге болады?

Фото немесе видеоға түсіруге болмайды деген сөзбен әрқайсысымыз кезіккен шығармыз: полицейлерді түсіруге болмайды, медқызметкерлерді түсіре алмайсыз, бірде соттағы түсірілімге тыйым салынса, енді бірде супермаркеттегі бағаны түсіруге болмайды дейді. Қандай жағдайда біз заңды бұзамыз, ал қайсысында біздің құқықтарымыз тапталып жатыр? Заңнамаға жүгіне отырып, бірге тексерейік.

Мазмұны

Заң бойынша ешкімді өз рұқсатынсыз суретке немесе видеоға түсіріп, контентті интернетке салуға болмайды

Камераны тартыңыз: Қазақстанда қайда және нені түсіруге болады?

Үкім: Жартылай шындық

Мұнда толыққанды жауап жоқ. Сіз кімді, қандай мақсатпен түсіретініңізге және тұрған жеріңізге байланысты.

Жалпы: егер сіз бұқаралық іс-шараны түсірсеңіз немесе сіздің фото/видеоңыз адамдардың денсаулығын және құқықтарын бұзатын сәтті бейнелесе, ал түсірілімнің объектісі немесе тұлғаның өзі құпия мәліметтерге жатпаса контентті рұқсатсыз-ақ түсіріп таратуға болады. Назар аудару керек тұстарын төменде айтамыз.

Медицина қызметкерлерін түсіріп, олардың келісімінсіз Интернетке жариялауға болмайды

Камераны тартыңыз: Қазақстанда қайда және нені түсіруге болады?

Үкім: Жартылай шындық

Бұл жерде де нақты бекітілген заң жоқ. Сол себепті сізге түсірілім не үшін қажет екенін және қай медициналық мекемеде тұрғаныңызды ескеріңіз. Жалпы, егер медицина қызметкерлері емделушілерінің құқықтарын бұзса жұмыс орнында түсіруге болады. Сіз сотқа жүгінген жағдайда сурет пен видеолар дәлел ретінде ұсынасыз.

Дегенмен кадрға басқа емделушілер түсіп қалмауы керек, өйткені дәрігерлік құпия таралып кетуі мүмкін, сонымен қатар, адамның жеке басына қол сұғу туралы конституциялық заңды бұзбас үшін сіз дәрігердің жеке өміріне қатысты ештеңе айтпауыңыз керек. Басқаша айтқанда, сіз ауруханаға не үшін жүгінгеніңізді және алған қызметіңіздің сапасын ғана талқылай аласыз.

Бұл, әсіресе, мемлекеттік мекемелерге қатысты. Жеке клиникалардың өз ережелері бар, онда емделушілердің түсірілім жасауына тыйым салынуы мүмкін.

Медицина қызметкерін оның негізгі қызметінен бөлек жерде және ол бұқаралық іс-шараларға қатыспаса, рұқсатынсыз түсіруге болмайды. Әйтпесе біз ҚР Азаматтық кодекстің 145-бабын («Өз бейнесіне құқық») бұзамыз:

1. Қандай да бiр адамның суреттiк бейнесiн оның келiсiмiнсiз, ал ол қайтыс болған жағдайда – мұрагерлерiнiң келiсiмiнсiз пайдалануға ешкiмнiң де құқығы жоқ.
2. Басқа адам бейнелеген бейнелеу туындыларын (сурет, фотосурет, кинофильм және басқалар) – бейнеленген адамның келiсiмiмен, ал ол қайтыс болғаннан кейiн оның балалары мен артында қалған жұбайының келiсiмiмен ғана жариялауға, қайта шығаруға және таратуға жол берiледi. Егер заң құжаттарында белгiленсе, не бейнеленген адам ақы алып кескiнделген болса, ондай келiсiм талап етiлмейдi.

Медицина мекемелерінің өздері өткізетін бейнетүсірілімдерге қатысты айтар болсақ, мекеме басшылығы бұл туралы құжат түрінде барлық қызметкерлер мен емделушілерді ескертуі керек, олардың бас тартуға құқы бар.

Полиция қызметкерлерін түсіріп, келісімінсіз интернетке жариялауға болмайды

Камераны тартыңыз: Қазақстанда қайда және нені түсіруге болады?

Үкім: Жартылай шындық

Егер полиция қызметкері заң бұзып тұрса – түсіруге болады. Дегенмен өз ерекшеліктері бар. Сіздің қай жерде тұрғаныңыз маңызды: мәселен, құпия объектілерде кез-келген түсірілімге тыйым салынған. Сонымен қатар, полицейдің әрекетіне кедергі келтірмеуіңіз керек.

  • Егер полицей видео түсіруге тыйым салса, қандай заң мен ережелерді негізге алып отырғанын түсіндіруі қажет.
  • Жұмыстан басқа уақытта және бұқаралық шараларда полицейлерді тек өздерінің рұқсатымен түсіруге болады.

Қазақстандағы заң – осы. Басқа елдердің өз ережелері бар: мәселен, Испанияда қауіпсіздік мақсатында полицейлерді түсіруге тыйым салынған, АҚШ-тың заңдары штатқа байланысты әртүрлі. Сол себепті басқа елге барғанда жергілікті заңнамамен танысып алуға кеңес береміз.

Сот отырысы кезінде фотоға және видеоға түсіруге болмайды

Үкім: Жалған

Қазақстан Республикасының “Әкімшілік құқықбұзушылық туралы” Кодексінің 24-бабы соттағы түсірілімге рұқсат береді:

Іске қатысушы тұлғалар мен ашық сот отырысына қатысушы азаматтар залда өздері отырған орыннан жазбаша немесе аудиожазбаны пайдаланып сот барысын жазуға болады. Сот барысында кино- және фото түсірілім, видеожазба, тікелей радио- және телетрансляция жасауға рұқсатты іске қатысып отырған тұлғалардың пікірімен келісе отырып сот береді. Бұл әрекеттер сот отырысының нормалық тұрғыда дұрыс өтуіне кедергі келтірмеуі керек және уақытты сот шектеуі мүмкін.

Қысқаша айтқанда, сотқа түсірілім жасауға заңда тыйым салынбаған, дегенмен түсініспеушілік болмас үшін сот отырысының алдында рұқсат сұрауға тура келеді.

Оқушы/студентке оқытушысын түсіруге болмайды

Камераны тартыңыз: Қазақстанда қайда және нені түсіруге болады?

Үкім: Жартылай шындық

Бұл жерде де мәселе медицина қызметкерлерінікіндей. Егер оқушы (немесе оның ата-анасы) баланың құқығы бұзылғанын немесе мемлекеттік білім беру мекемесінде мұғалім өз қызметін асыра пайдаланғанын байқаса, түсірілім жасауға рұқсат етіледі, өйткені ол сотта дәлел болады.

Жекеменшік оқу орындарында фото- және видеотүсірілімге арналған өзіндік ережелері бар, олармен алдын-ала танысып алған дұрыс.

Жұмыс уақытынан бөлек және бұқаралық іс-шараларда рұқсатты мұғалімнің өзінен сұрау керек.

Дүкендер мен сауда орындарында түсіруге болмайды

Камераны тартыңыз: Қазақстанда қайда және нені түсіруге болады?

Үкім: Жартылай шындық

Дүкендер мен сауда орындары жеке тұлғаларға тиесілі, соған сәйкес олардың иелері фото- және видеотүсірілімге қатысты кез-келген ережені қоюы мүмкін. Егер сіз тыйым салынған белгішені көрсеңіз камераны тығып қоюға тура келеді. Белгі жоқ болса, яғни меншік иесі өз аумағындағы түсірім ережесі туралы ескертпесе түсіруге болады.

Дегенмен, коммерциялық аймақтардың ішкі ережесіне қарамастан сатып алушылардың белгілі бір түсірілімге құқы бар. Оған тауарлар мен бағаларды түсіру жатады.

Тауарлар мен олардың бағасын түсіруге болмайды

Камераны тартыңыз: Қазақстанда қайда және нені түсіруге болады?

Үкім: Жалған

Сатушылар мен менеджерлер не айтса да түсіруге болады. Тауарлар мен олардың бағасы коммерциялық құпияға жатпайды.

ҚР «Тұтынушылардың құқын қорғау» туралы Заңның 24-бап, 12-тармағына сәйкес ҚР Заңнамасында көрсетілген жағдайлардан басқа кезде тұтынушылардың фото- және видео түсірілім жасауына тыйым салынбайды.

Дүкенде немесе кітапханадағы кітаптарды суретке түсіруге болмайды

Камераны тартыңыз: Қазақстанда қайда және нені түсіруге болады?

Үкім: Шындық

Бұған қатысты нақты тыйым жоқ. Дегенмен, кітаптар, олардың мұқабасы немесе мазмұны болса да, авторлық құқықпен қорғалған болуы мүмкін. Яғни оны түсіріп, тарату үшін авторлардан немесе басқа да өкілетті тұлғалардан рұқсат алу керек.

Діни мекемелерде түсірілім жасауға тыйым салынады

Камераны тартыңыз: Қазақстанда қайда және нені түсіруге болады?

Үкім: Жартылай шындық

Арнайы тыйым салынбаған, бірақ келеңсіз жағдайларды болдырмас үшін мекеме басшылығынан рұқсат алған дұрыс.

Концерт, театр және т.б. жерлерде түсіруге болады

Камераны тартыңыз: Қазақстанда қайда және нені түсіруге болады?

Үкім: Жартылай шындық

Егер сіз өзіңіз үшін ғана түсірсеңіз, ұйымдастырушылардың не айтқанына қарамастан, рұқсат етілген. Ал егер концерттің видеожазбасын интернетке салсаңыз орындаушының сабақтас құқын бұзуыңыз мүмкін. Қысқасы, қалағаныңызша түсіріңіз, бірақ таратпаңыз.

Университетте лекция, тренинг және т.б. түсіруге болмайды

Камераны тартыңыз: Қазақстанда қайда және нені түсіруге болады?

Үкім: Жартылай шындық

Білім беру контенті авторлық құқықпен қорғалуы мүмкін, сол себепті лектор немесе ұйымдастырушылардан рұқсат алған жөн.

Мұражайларда түсіруге болады

Камераны тартыңыз: Қазақстанда қайда және нені түсіруге болады?

Үкім: Жартылай шындық

Ашық қордағы мұражай экспонаттарын жеке мақсатта фото және видеоға түсіру «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңда рұқсат етілген. Түсірілімнің басқа түрлеріне мұражай әкімшілігінің арнайы рұқсаты керек.

Мұражайлар, жекеменшік өнер туындыларын бүлдірмес үшін жарқылды қолдануға, қойма мен рестоврация залына кіруге шектеу қоюы мүмкін. Бірақ түсірілімге рұқсат бергені үшін олар ақы алмайды.

Қорытынды

Көріп отырғанымыздай, заңда түсірілімге қатысты мәлімет толық қамтылмаған, сол себепті тақырып даулы болып қала береді. Қандай жағдай болса да дұрыс ойлап, басқалардың құқығына құрмет танытайық.

Журналист, фактчекер, фотограф. Автор factcheck.kz c 2017 года.

Factcheck.kz