Ғылыми деректерді қалай тексереміз

Фактты тәжірибе жүзінде тексеріп дәлелдей алатын болсақ, ол ғылыми деп есептеледі. Ал егер деректердің қайдан келгені белгісіз болса – жалған ғылымға жатады. Факт пен ақпараттың ғылымилығын қалай тексеруге болатынын анықтап көрейік.

Әлдебір ғылыми деректі тексермес бұрын осы тақырыпқа қатысты мәліметтерді қарап шығыңыз. Ең дұрысы, деректің алғашқы жарияланған жерін, яғни ғылыми журналдарды ақтарып шығу. Сонда қандай журналдарға сенуге болады?

Кейбір журналдардың академиялық ортада құны жоқ, тек қаражат табу мақсатында жұмыс істейді. 2014 жылы 420 мың мақаласы бар 8 мың журналдың сол тізімде екені анықталды. Мұндай журналдарға қазақстандық кейбір ғалымдардың да мақалалары еніп тұрады, олардың ішінде ЕҰУ ректоры, ҚазҰУ ректоры, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры бар.

Өзін ғылыми деп атаған журналдың сапасын қалай тексеруге болады?

Сонымен, ақша табу мақсатында жұмыс істейтін журналдарға алданып қалмас үшін не істеу керек? Әуелі, мына нәрселерге назар аударамыз:

Атауы

Бұл танымал брэндтердің әрпін өзгертіп немесе сөз қосып өзгертетін қытайлық сапасыз дүниелер сияқты. Мәселен, Open Access Emergency Medicine деген журнал бар және оның фейк түрі OA Emergency Medicine бар. Егер атаулары ұқсас болса, импакт-фактор мен ғылыми зерттеулер базасын пайдаланып, қайсысының шынайы екенін тексеріп алыңыз. Келесі пункте осыларды әңгіме етеміз.

Ғылыми деректерді қалай тексереміз
Nature Communications журналының сипаттамасы және импакт-фактор. Дереккөз: Scimago. 

Импакт-фактор

Бұл мақалаларда атаудың жиі айтылуы. Ғылымда журналдар мен ғалымдардың дәрежесі осы арқылы анықталады. Журналдың импакт-факторын Scimago базасынан немесе немесе атауын гугл іздеу жүйесінен қарап табуға болады. Егер импакт-фактор табылмаса онда журналдың тарихы күңгірттеу болғаны.

Журналдың импакт-факторы қаншалықты жоғары болса, оған деген сенім де жоғары болады. Бірақ ол да риясыз сенуге болады деген сөз емес: кейбір импак-факторы жоғары журналдар да нашар мақалаларды жариялайды немесе керісінше. Журналдың беделін басқаша Clarivate Analytics, Elsevier-ден Scopus, Directory of Open Access Journals, Journal Citation Reports арқылы тексеруге болады. Егер журнал осы аталғандардың ішінен табылса, ол басқаларға қарағанда сенімдірек дегенді білдіреді. Бірақ журналдың шығып жатқанына көп уақыт болмаса, олар қосып үлгермегендіктен базаға енбей қалуы мүмкін екенін ескеріңіздер.

Кейде басылымдардың өздері де сайттарында импакт-факторды көрсетіп, жалған импакт-сервистерге сілетеме береді. Бұған да абай болу керек.

Тақырыптың көптігі

International Journal of Business, Humanities and Technology журналдарының атауынан-ақ олардың көп нәрсені қамтығысы келетінін байқаймыз. Жақсы журнал тек бір тақырыпты немесе ұқсас тақырыптарды негізге алады.

Сонымен қатар журналдың атауы жалпылама болмауы керек, мәселен, Journal of Education. Мұндай журналдардың иелері тек жарияланған материалдар арқылы ақша табуды көздейді.

Редактура

Кейбір ғылыми журналдар, шынында, жарияланған материал үшін ақша алады (бағалары жайлы төменнен оқыңыз). Жақсы материалды жарыққа шығару үшін редактор, корректор, басқа да ғалымдар атсалысады. Мақала бағасының жоғары болуы осы арқылы түсіндіріледі. Егер журнал күмәнді болса, олар тек ақша табу үшін жұмыс істейді, яғни, грамматикасы мен стилистикасына да ешкім мән бермейді.

Журналда қабылдау, тексеру және мақаланың жариялануына қанша уақыт кететініне назар аударып көріңіз. Екі аптадан аз болса, соған қоса жылына жүздеген немесе мыңдаған зерттеулерді жариялап жатса, мақала қандай да бір ұқыпты тексерістен өтті деп айта алмаймыз.

Рецензирование – еңбектерді сол саладағы тәуелсіз ғылыми сарапшылардың тексеруі. Оның бар-жоқтығы журналда анық жазылуы керек. Жақсы журналдар бұл принципті негізге алады, бірақ егер рецензия болмаса бірден қобалжудың қажеті жоқ. Бұл жеке жұмыстарға да  байланысты. Мәселен, өте ауқымды arXiv ғылыми журналдар мен жарияланымдардың онлайн-архивінде Терстон гипотезасын дәлелдеген математик Григорий Перельманның рецензиясы жоқ жұмысы бар. Рецензияның жоқтығы оның жұмысының құндылығын әріптестері мойындап, математикалық «Оскар» – Филдсовская премиясын  беруге кедергі болмады. Бірақ ол премиядан бас тартты.

Сурет

Сапасы төмен немесе кейде басқа дереккөздерден рұқсатсыз алынған суреттер жұмыстың таза еместігін дәлелдейді. Суреттердің жасандылығын қалай тексеруге болатынын біз бұрын жазған болатынбыз, естеріңізге сала кетейік.

Ғылыми деректерді қалай тексереміз
Аудармасы: – Әже, сіздің еңбегіңіздің ең бағалысы қайсысы! – Барлығы да сені жақсы жазу үшін. Дереккөз: raymondsbrain.com

Мақаланы жариялау бағасы

Кейбір ағылшын тілді журналдарда төлем жасаудың бірнеше түрі бар – жұмысты қарауға бергенде (submission fee), жылдам жариялануы үшін (APC — Article Processing charges) немесе баспаға кететін қаражат, – немесе бұлардың ешқайсысы да болмауы мүмкін, бірақ журналдың беделі бұған байланысты емес.

Беделді журналдар, әдетте, APC төлеуді талап етеді, оған журналға кететін шығындар, менеджмент және жұмыстың қолжетімді түрде жариялануы кіреді. Бағалар былай жүйеленеді: BMC Biology бір мақалаға 2785$ сұрайды, PLOS Medicine — 3000$, Critical Perspectives on Accounting — 1100$.

Баспаға келетін болсақ, бір бетіне 100-250$ шығады, түрлі-түсті болуы үшін 150-1000$ аралығында төленеді. Submission fee-ге қатысты сұрақ біржақты емес: оны фейк журналдар да, дұрыс басылымдар да талап етуі мүмкін, бірақ соңғысында бұл өте аз кездеседі. Бірақ The Kasetsart Journal of Social Sciences-да 5 жұмысты қарап шығу құны 100$.Сол себепті бағасынан өзге де факторларды мұқият қарастырамыз.

Мақалаларға қойылатын талаптар

Талаптар басылымның сайтында анық жазылуы тиіс: мәселен, жұмысты Editorial Manager немесе Scholar One сынды арнайы жүйелер арқылы жіберу, плагиат екендігін тексеру, бас тарту саясаты және басқалар.

Автор

Авторды Google Scholar жүйесі арқылы тексереміз. Оның жарияланған мақалалары мен сөздерінің көптігін қараймыз. Санды толық талқыламасақ та, ауқымы аз тақырып үшін оның маңызы зор.

Ғылыми деректерді қалай тексереміз
Google Scholar-дағы ғалымның профайлы

Редакция

Журналдың редакциясын тексеріп көріңіз. Егер бір адам бірнеше журналдың редакторы болып жазылса, сонымен қатар, барлығы бір баспа үйінен шығатын болса, оған сену қиындау. Сонымен қатар, оның академиялық бэкграундын тексеріп көріңіз: оның тіпті болмауы да мүмкін. Осы нәрсе басқа да редакторларға қатысты.

Және тағы бір амал, редакторлық құрамда жазылған адамдардың барлығы тірі ма, соны тексеріп көріңіз.

Мұндай айла арқылы Journal of Human Ecology журналы «қолға түскен». Олардың қызметкерлерінің тізімінде Кеннет Кеннеди есімді профессор бар екен. Оны тексергенде, профессордың бірнеше жыл бұрын қайтыс болғаны белгілі болды. Баспахананың мекен-жайын тексеру де артық болмайды. Ол түсінікті жазылуы керек. Бір қарағанда бәрі дұрыс көрінгенімен, ерінбей тексеріңіз: мәселен, пәкістандық және нигериялық компаниялар Ұлыбритания мен АҚШ-тан мекен-жай жазуға құмар келеді. Жазылған телефон нөміріне хабарласып, тұтқаны кім алатынын тексеріңіз. Немесе Google Maps-тан қараңыз, мүмкін бұл ғимаратта мүлдем баспахана жоқ шығар.

Мекен-жай жайлы тағы бір ақпарат, электронды поштаға қатысты. Егер жәшік доменнің өзінде емес, Gmail, тіпті одан да нашар Mail.ru-да болса баспахананың күмәнді болғаны.

Сонымен бірге ISSN нөмірін тексеріңіз, әлемдегі барлық баспалардың өздерінің жеке сериялық нөмірлері болады. Басылымның онлайн және баспа түрінің әрқайсысында әртүрлі нөмір болады.

Зерттеудің өзі

Ғылым туралы жаңалықтардың өзі ғылымның қызметін бұрмалайды. Бір зерттеу екіншісін жоққа шығаратындай көрінеді. Шын мәнінде алдыңғы зерттеулермен қорындысы сәйкес келетін жұмыстар сенімді деп есептеледі. Дегенмен сіз қызыққан саладағы зерттеулердің барлығын есепке алу керек, оның ішінде қарама-қайшы келетінін де қатар қойып, шешім шығармас бұрын екеуін салыстырып алған жөн.

Мұнда Википедияның тәсіліне жүгінген дұрыс: онлайн-энциклопедия қолданушыларға екінші дәрежелі дереккөздерді ұсынады, өйткені алғашқы дереккөздер ешкімге түсініксіз жеке зерттеу болуы мүмкін.

Сол себепті, екінші дәрежелі дереккөздерді Washington Post секілді сенімді жүйелерден іздейміз. Оларды тапқан соң аты аталған материалдар мен адам аттарын гуглдан іздеп көріңіз. Тағы да импакт-фактор мен алдыңғы мақалалардың тарихын тексереміз, олардың сіз іздеген тақырыппен сәйкес келуі әбден мүмкін. Тақырыптың өзін гуглдан іздеңіз, ол туралы не жазылғанын көріңіз.

Осының бәрі, екінші дәрежелі автор бізді шатастырып жібермеді ма, түпнұсқаны дұрыс түсінді ма, соны анықтау үшін керек.

Google Академия / Google Scholar-ды қалай қолданамыз?

Google Академия / Google Scholar –дәл Google іздеу жүйесі секілді, бірақ ғылыми әдебиет пен материалдарды іздеуге арналған. Гуглдан ақпаратты дәл табу үшін қолданатын амалдарымыз мұнда да өзгермейді. Оларды қолмен енгізуге болады немесе сол жақ мәзірдегі жан-жақты іздеуді пайдалана аламыз.

Бірақ қосымша функциялары да бар.

Google Академияда нәтижелер атының жиі аталғандығына байланысты шығады. Егер сізге хронологиялық ретті тексеру керек болса, мәзірден «Отсортировать по дате» дегенді таңдап немесе өзіңіздің уақытша шекараңызды орнатып қойыңыз.

Ғылыми деректерді қалай тексереміз Ғылыми деректерді қалай тексереміз

Егер нәтижелердің одан да анық болғанын қаласаңыз, сол жақтағы «Включить патенты», «Включить упоминания» деген белгішелерді алып тастаса болады.

Бірнеше уақыт сүзгіден өткен материалдар мен зерттеулерді мәзірдің «Метрика» бөліміндегі «Классические работы» тізімінен табасыз.

Дәл сол «Метрикада» Google нұсқасы бойынша 100 ең мықты ғылыми журналдарға арналған топ мақалалардың тізімі бар. Бұл мақалаларды тиісті журналдың үстін басып көре аласыз.

Іздеу үшін әртүрлі кілт сөздерді пайдаланыңыз – автордың аты-жөні, мақаланың атауы, ағылшын тілді жұмыстарда “meta-analysis” сөзі (бірнеше зерттеу жұмысының біріктірілген түрі). Осы тақырыптағы басқа да жұмыстарды әдебиеттер тізімінен іздеңіз немесе олар мақаланың өзінде айтылуы да мүмкін.


Мақалада мынадай дереккөздер пайдаланылды:

Журналист, фактчекер, фотограф. Автор factcheck.kz c 2017 года.

Factcheck.kz