Формалдық логика негіздері: манипуляцияға ұрынбас үшін не істеу керек? II бөлім

Бірінші бөлімде негізгі логикалық заңдарды қарастыра отырып біз формалды логиканың бұзылғанын өз бетімізбен анықтауды үйрендік, қазір БАҚ-та жарияланған материалдардан бастап әлеуметтік желілердегі дау-дамайлар мен мессенджерлерде тараған хабарламалардың да оған қандай қатысы бар екенін анықтай аламыз.

Бұл бөлімде біз жиі кездесетін логикалық қателіктерге тоқталамыз (кейде біреулер әдейі қателесіп, айла ретінде қолданып кетеді).

Сонымен:

Ignoratio elenchi немесе «тезисті алмастыру»

Латын тілінен аударғанда «сәтсіз теріске шығару», бастапқы тақырыпқа қатысы жоқ аргументті келтіру арқылы оппоненттің көңілін басқаға аудару.

Мұны «Біздің көңілімізді басқаға аударып жатыр» деп жиі айтатын «желілік сарапшылар» жақсы біледі. Бірақ ignoratio elenchi дегеніміз конспирология емес, формалды логиканың алғашқы заңы, тепе-теңдік заңына қарсы келетін нақты логикалық қателік («…бірнеше мағынасы болу, яғни мағынасының жоқтығы»).

Формалдық логика негіздері: манипуляцияға ұрынбас үшін не істеу керек? II бөлім

Формалдық логика негіздері: манипуляцияға ұрынбас үшін не істеу керек? II бөлім

Оның мәні қарсыластың әлсіз немесе қате тұжырымдама жасағанын дәлелдеу.

Жиі кездесетін мысал: «Сіздің төселген жолға, жол жиектемесін (бордюр) жиі ауыстыратынына көңіліңіз толмайды – сізге ештеңе ұнамайды. Бұл өте қиын және конструктивті емес».

Формалдық логика негіздері: манипуляцияға ұрынбас үшін не істеу керек? II бөлім

«Сізге ештеңе ұнамайды» сөзі адамның ойын өзгертіп жібергенін байқаймыз, өйткені қарсыластың көңілі тек жол мен жол жиектемесіне толмаған. Ары қарай пессимизмнің зияны жайында, өз өміріңді өзгерту керектігі туралы айтылады – бұл тек қана сәтті қолданылған логикалық айланың жалғасы және шындық пен логикаға еш қатысы жоқ.

Іgnoratio elenchi –дің кең тараған екі нұсқасы бар: «тұлып» (ағылшын тілді деректерде «қарақшы») және домино эффекті.

Алғашқы амалдан кейін қарсылас туралы пікір бұзылады, дәлел болмаған соң көз алдымызда жеңіл, сабаннан жасалған «тұлып» пайда болады және оны жою өте оңай. Өйткені ақпаратта дәлел болса жою қиын немесе мүмкін емес.

Ал «домино эффекті» дегеніміз – нәтижесі алысқа бармайтын іс-әрекеттің жорамалы (негізсіз).

Формалдық логика негіздері: манипуляцияға ұрынбас үшін не істеу керек? II бөлім

Көп жағдайда екі нұсқа өзара байланыста болады. Бірінші бөлімде біз Алматы және Алматы облысы тұрғындарының менингитке қатысты медиалық жанжалы мен «Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа кім тапсырыс берді?» атты мақала түріндегі «жауапты» мысал ретінде келтірдік. Мұнда ignoratio elenchi-дің екі түрі де қолданылған: әуелі, менингитке қатысты дау Денсаулық сақтау министрін орнынан алу мақсатында әдейі ұйымдастырылуы мүмкін екені «дәлелденді» яғни, «тұлып» «домино эффектін» пайдалана отырып жасалды.

Содан кейін бұл «тұлып» – яғни Біртановтың жұмыстан кетуін талап ететін (өйткені басында тараған эпидемияға денсаулық сақтау миистрлігінің жылдам әрекет етпеуі халықтың наразылығын тудырғаны айтылып, кадрды емес, осы жайтты түзету керектігі айтылған) тезис бұзылып, оның жақсы министр екендігі және оны ауыстыру – белгісіз манипуляторлардың жетегінде кету екендігі дәлелденді.

Айтпақшы, ignoratio elenchi – негатив болуы міндетті емес, бірақ манипуляция болуы керек. «Позитивті» мысалдарды күн сайын жарнамалардан көруге болады. Бізге сатып алу арқылы ақша үнемдейтін керемет тауарлар туралы айтады. Тауардың шын сапасын «беделді», «сәнді», «әлемге әйгілі брэнд», т.б. сынды сөздермен жасырып, сатып алуға итермелейді.

Argumentum ad hominem

Бұл да танымал демагогикалық тәсілдердің бірі.

Латын тілінен аударғанда argumentum ad hominem сөзі «адамға қарсы аргумент» деп аударылады, мағынасын ашып айтатын болсақ, «адамға шабуыл» немесе қарапайым сөзбен «адамның жеке басына тиісу» дегенді білдіреді.

«Еш жерде тіркелмеген ер адам архитектура туралы не айта алады?» М. Жванецкий

Бұл затты талқылап отырып, байқатпай дауға қатысып отырған адамды талқылауға көшіп кететін айла. Оны оңай байқауға болады, соған қарамастан өте жиі қолданылады және нәтижесі бар.

Негізгі ереже: КІМ айтып жатқаны маңызды емес, НЕ айып жатқаны маңызды.

Демагогтар қарсылас келтірген аргументті жоққа шығара алмаған кезде оның жеке басына тиісе бастайды. Аудиторияға оны сұрақты түсінбейтін, өзін ғана ойлайтын, екіжүзді адам ретінде көрсетуге тырысады.

Дегенмен, оның талқыланып жатқан затқа ешқандай қатысы жоқ.

Ұрлықшы екінші бір ұрының резеңке таяғын (дубинка) ұрлап алды

Алаяқтық немесе жемқорлық әрекеттерімен қолға түсіп, кейін қашып кеткен шенеуніктер мен кәсіпкерлердің Қазақстандағы басқа әріптестерінің былықтарын ашуға тырысатынын жиі байқаймыз. Жауап ретінде үнемі argumentum ad hominem-нің классикалық әдісінің мысалын аламыз. Бізге: «Қараңдаршы, оның өзі де ұры ғой!» деп айтады. Бірақ бұл ұрлықшы екінші ұрының былықтарын аша алмайды деген сөз емес (керісінше, біз байқамаған дүниелерді сол білуі мүмкін).

Маңыздысы – дәлел мен жоққа шығару. Ал бұл латын тілінен аударғанда «сен де» деген мағынаны білдіретін ad hominem tu quoque логикалық қатесінің кең тараған түрі ғана. Қарапайым сөзбен айтсақ, «өзің ақымақсың».

Жол құрылысынан бастап авиацияға дейінгі салалардың біріне қатысты сын айтылған кезде оларды мән-жайды түсінбейтін адамдар, дилетанттар деп кінәлайды.

Дәл сондай жағдай. Әділі, аргументке аргументпен жауап беру керек, әйтпесе ол демагогияға айналып кетеді. «Сіз дилетантсыз, сол себепті жазғаныңыздың бәрі өтірік» деп емес, «сіз мына сұрақта қателестіңіз, өйткені…, мынада да, сол себепті…» деу керек.

Жақсы мысал ретінде соңғы уақытта Алматыдағы Көкжайлау табиғат орнында кәсіпкерлер мен басшылықтың шипажай саламыз деуі және оған қарапайым халықтың қолдауы және «Көкжайлау сақшыларының» қарсы болуын келтіруге болады. «Көкжайлау сақшылары» құрылыс жұмыстары табиғатты бұзады, қалаға көшкін қаупі бар және т.б. сынды мысалдарды айта отырып, оларды «экологиялық Талибан» деп айыптайды. Мұнда біз тағы да аргументке деген қарсылық адамның жеке басына деген шабуылмен алмасып кеткенін байқаймыз.

«Сақшыларды» өздерінің экологиялық ойларын мінсіз көретін сектаға айналып кетті десек те олардың аргументін ешкім жоққа шығара алмайды. Аргументті екінші бір аргумент қана жоққа шығара алады.

Келесі бөлімде коммуникация арналары: саясаткерлердің сөздері және тауар мен қызметтердің жарнамасында кездестіретін petitio principii – «негіздемені болжау» логикалық айласы мен оның көптеген түрлері туралы оқи аласыз.

* Материалды орыс тілінен аударған: Балнұр Қожагелді 

Журналист, редактор, преподаватель философии. Возглавлял ряд казахстанских общественно-политических изданий.

Factcheck.kz