Әдіснама: Македония фейктер «фермасын» қалай анықтады?

Lead Stories журналистік тергеу сайты Лейдендік Nieuwscheckers университетімен бірлесе отырып фейк жаңалықтарды тарататын сайттар желісін анықтады. Оның құрамына мақалаларына Facebook пен Twitter-де 7 млн әсер, бөлісуі бар және пікір жинаған 70-тен аса сайт кіреді. Олардың иелері әлеуметтік желіде бір-бірімен «дос» македондық Куманово қаласының тұрғындары екен.  Бір бөлігі мемлекеттік қызмет істеген немесе әлі күнге істейтіндер.

Македониялық фейктер желісін Lead Stories қалай анықтағаны туралы мына материалды аударып ұсынып отырмыз.

Құрастырыңыз…

Сайттардың тізімін жасау үшін журналистерге әуелі оқырмандар арасында қандай материалдардың танымалдылыққа ие екенін  анықтау керек болды.

Мақалалардың ізіне түсу үшін Lead Stories өздерінің Trendolizer жүйесін қолданды. Басқа да заттармен бірге ол Facebook қолданушыларының қызығу дәрежесіне қарай мақаланың виралдығын өлшей алады.

Әдіснама: Македония фейктер «фермасын» қалай анықтады?
Trendolizer жүйесінен скриншот. Дереккөз:  Lead Stories

Trendolizer-де кілт сөздер арқылы сайттар тобы мен контентті бақылауға болады. Одан бөлек жүйе Adsense, Taboola, ContentAd сынды жарнамалық тегтер мен жан-жақты идентификаторлар – Google Analytics тегі, WHOIS мәліметтері, IP-адрестер мен тағы басқаларды тексереді. Осы арқылы қай сайттардың бір ғана тұлғаға тиесілі екенін анықтауға болады.

Әдіснама: Македония фейктер «фермасын» қалай анықтады?
Trendolizer жасаған сызбанұсқаның бір бөлігі. Дереккөз: Lead Stories

Twitter-ден іздеңіз

Бұл әлеуметтік желіде өзіндік спам-фильтр бар, яғни фейк «фермерлері» үнемі жаңа аккаунттар ойлап тауып, аз ғана сілтеме сала алады. Сілтемелер македондық бір желідегі әртүрлі сайттарға апарады. Бұл тілшілерге фейкі бар жаңа ресурстың пайда болуын анықтауға көмектесті.

Спам-фильтр сілтемелерді тілшілер байқағанға дейін өшіріп тастаған кездерде олар Google-дың көмегіне жүгінді. Мәселен, твиттерде lifeinfo24.net сілтемелері қолжетімсіз болды, сол себепті тілшілер іздеу жүйесінен сайттың атауы мен Jessica деген комбинацияны іздеді. Jessica – македондық «фермерлердің» бірі Дапсевскийдің сүйікті есімі. Ол осы есіммен бірнеше фейк аккаунттар құрастырған. Сол жерден олар lifeinfo24.net-ке сілтеме берген твиттерді тапты.

Әдіснама: Македония фейктер «фермасын» қалай анықтады?
Google Twitter-дің спам-фильтрлеріне мән бермейді, ол твиттерден өшірілген контентті де көрсетеді. Дереккөз: Lead Stories

Контентке сараптама жасаңыз

Македонялықтар мәтіндерді өздері жазбаған және авторларды жалдамағандықтан, олар мақаланы басқа дереккөздер мен өздерінің бұрынғы сайттарынан көшірген. Сол себепті  Lead Stories кейбір мақалалардың неше мәрте көшірілгенін есептеп көрмек болды. Ол үшін барлық сайттардан тақырыптарды жинайтын арнайы бағдарлама жазылды. Кейін ол бас әріптерін, пунктуация мен «таңқаларлық жаңалық» деген секілді тіркестерді алып тастап бірдей жүйеге келтірді. Осылайша топ мақалалардың тізімі пайда болды, олардың кейбірі 10-20 реттен көшірілген.

Бұл мақалалар жарияланған басқа да сайттарды табу үшін тілшілер BuzzSumo мен Google–ды пайдаланды. Кейде алғаш шыққан жері табылатын, кей-кездері македонялық желіге кіретін, бірақ ғұмыры аз болған немесе із қалдырмағандықтан бұрын байқалмаған сайттар белгілі болды.

Жойылып кеткен сайттарды табу үшін Google-дағы кэштелген парақшалар мен archive.org және archive.is архивтелген контенті қолданылды.

Домендер туралы мәлімет іздеңіз

Сайттардың тізімі бар, енді иелерін тексеру керек. Олар туралы мәліметті whois.com-нан білуге болады, бірақ македондық сайттарға келгенде біршама қиындықтар болды, көбі тіркелген кезде ақпаратты жасыратын анонимайзерлерді пайдаланған. Сондықтан басқа сервистерге жүгінуге тура келді.

Әдіснама: Македония фейктер «фермасын» қалай анықтады?
Македониялық фейктер желісіне кіретін akniinfo.com домені туралы мәлімет. МК коды Македония дегенді білдіреді. Дереккөз: Lead Stories

Нұсқау: Жойылып кеткен сайт туралы мәліметті табу үшін кейде гуглға сайттың домені мен «регистратор» немесе «техникалық контакт» («Registrant» немесе «Technical Contact») сөзін қосып жазып іздеуге болады. Сізден бұрынырақ та біреу мәлімет іздеп форум немесе блогқа жазған болуы мүмкін.

Доменнің тіркеу тарихын толықтай білу үшін DomainTools ақылы жүйесі немесе функциялар жинағы аз DomainBigDate, әлде Нistorical Date опциясы бар толықтай тегін SecurityTrails қолданылады. Соңғысы арқылы сайттың қай кезде иелері ауысқанын көруге болады.

Кейде осы ресурстардың көмегімен сайттардың бірдей IP-адрес немесе серверді қолданатынын тексеруге болады. Кейбір хостинг-провайдерлер әр тұтынушыға жеке IP-адрес пен серверді береді, сол арқылы туыс сайттарды табуға болады. Ал, кей провайдерлер бір IP мен серверге бірнеше тұтынушыны хост жасайды, македониялық сайттарда солай болды.

Lead Stories-ке «фермерлердің» шынайы аты-жөні мен e-mail-дерін анықтауға ескі сайттардағы тіркеу мәліметтері көмектесті. Әдетте, адамдар алғашқы сайтты ашарда бәрін заңды түрде жасап, шынайы мәліметтерді көрсетеді. Ол кезде анонимді жүйенің бар екенін де білмеген болар. Одан кейінгілерінде де ІР мен жарнамалық кодты және тегтерді пайдаланып алдыңғысын табуға мүмкіндік беретін із қалдырған.

Әлеуметтік желілерден іздеңіз

Есімдері арқылы, e-mail, Google жүйесі, Facebook пен Pipl Lead Stories арқылы Facebook, Linkedln, Pinterest және Twitter-ден бір тұлғаға ғана тиесілі болуы мүмкін шынайы адамдардың аккаунттарын таптық. Кей жағдайларда күмәніміз расталды, өйткені кейбір күдіктілер парақшаларында үнемі македондық фейктер «фермасының» сайттарына сілтеме беріп бөлісіп отырған.

Сондай-ақ іздеу үшін басқа да жүйелер қолданылды. Facebook журналистер мен медиа-ұйымдарға арналған тегін  CrowdTangle құрылғысын ұсынды, ол жария топтар мен көпшілік парақшалардан посттарды іздеуге мүмкіндік береді. «Link checker» опциясы белгілі бір сілтеменің қашан және қай топтарда жарияланғанын тексеруге мүмкіндік береді. CrowdTangle-дың кемшілігі – ол соңғы 500 нәтижені ғана көрсетеді.

Әдіснама: Македония фейктер «фермасын» қалай анықтады?
CrowdTangle жүйесі. Дереккөз: Lead Stories

Адамдар арасындағы байланысты анықтауға Stalkcan.com көмектесті: Facebook-тегі жеке парақшаның URL мекен-жайын терсең болғаны кімге лүпіл басқаны, суреттерде кім белгілегенін және туған күнімен кім құттықтағанын көруге болады. Сонымен қатар Stalkcan.com арқылы қолданушы жариялаған барлық постты көра аласыз. Мұндай амал WhoPostedWhat.com жүйесінде де бар, бұдан бөлек жүйеде белгілі бір уақыттағы посттарды кілт сөздер арқылы табуға болады.

Lead Stories тапқан кейбір профайлдар расымен шынайы адамдарға ұқсайтын, кейбірі күмән тудыратын: мәселен, америкалықтардың достарының тізімінде тек македонялықтар болды.

Барлық нүктелерді біріктіріңіз

Македонялық фейктер фермасы сайтының сілтемелерін жиі бөліскен аккаунттардың тізімі жасалғанда Lead Stories оларды сайттар атына тіркелген адамдармен байланыстыра бастады. Кейбір аккаунттар достарын жасырғанымен оларды спам-аккаунттардың достарының арасынан табуға болатын еді.

Әдіснама: Македония фейктер «фермасын» қалай анықтады?
Суретті жүктеген Nina Nince, бірақ шын мәнінде бұл сербиялық жұлдыз Nina Lecic. Дереккөз: Lead Stories

Аватарлары да тексерілді: Google мен Яндекстен суреттерді іздеу арқылы кейбір аккаунттар сербиялық және македониялық әншілердің фотоларын пайдаланғаны белгілі болды. Басқа аватарларда «фермерлердің» туыстары бейнеленген, оны достардың тізімі арқылы анықтады.

Танымалдылығына мән беріңіз

CrowdTangle-ды қолданып кейбір сілтемелерді Facebook парақшасында неше рет бөліскенін және қанша қолданушыны қамтығанын (охват) көруге болады. Қанша адам көргенін анықтау мүмкін емес: парақшаның барлық жазылушылары барлық постты бірдей көріп отырмайды. Бірақ қамту саны танымалдылықтың деңгейін шамамен түсінуге мүмкіндік береді.

Әдіснама: Македония фейктер «фермасын» қалай анықтады?
CrowdTangle жүйесі. Дереккөз: Lead Stories

Қамту мөлшерін BuzzSumo арқылы да анықтауға болады. Белгілі бір сайтты алайық, жүйе осы сайтқа сілтеме берілген әр түрлі әлеуметтік желілердегі посттар қамтуының жалпы санын көрсетеді және әр посттың орташа қамту саны мен әр әлеуметтік желіге бөлек статистиканы көрсетеді.

Әдіснама: Македония фейктер «фермасын» қалай анықтады?
BuzzSumo-дағы орташа және жалпы қамтуы. Дереккөз: Lead Stories

Журналист, фактчекер, фотограф. Автор factcheck.kz c 2017 года.

Factcheck.kz