Журналист Вадим Борейко өзіне шабуыл жасамақ болғанын хабарлады

19 қаңтарда журналист Вадим Борейкоға шабуыл жасалды. Бұл туралы ол өзінің Telegram арнасында хабарлады.

Журналистің сөзінше, түнгі үште белгісіз біреулер пәтерінің есігінің сыртына құрылыс желімін жағып кеткен. Көршілері үш күдіктіні байқаған, дегенмен олар қашып үлгерген.

Борейко қызметіне байланысты қасақана қастандық жасалмақ болғанын айтады.

Есікке жағылған көбіктен жанғыш заттың иісі шығады. Соған қарағанда олар есікті бұғаттап, кейін өртемек болған секілді. Оған қоса үйдің кіребересіндегі (подъезд) есікке де бояу баллоны арқылы Telegram арнамның атауын жазып кеткен.

Вадим Борейко, журналист

Журналист жақында Динара Егеубаева, Гүлжан Ерғалиева, Самал Ибраева секілді журналистерге және өзіне жасалған шабуылды бір адам ұйымдастырып отыр деп есептейді.

Контекст

Айта кетейік, бұған дейін, 14 қаңтарда Алматыда белгісіз біреулер журналист Динара Егеубаеваның көлігіне от қойған. Ал 18 қаңтарда журналист Вадим Борейко Ulys Media сайтының бас редакторы Самал Ибраеваға кибершабуыл жасалғанын хабарлады. Оның сөзінше, қылмыскерлер Ибраеваның сайтын бұзып, онда журналистің және оның отбасының жеке деректерін, фотосын жариялап жіберген.

Factcheck.kz