Алматыда Privacy Day 2023 халықаралық конференциясы өтеді

2023 жылғы 27 қаңтарда Алматыда жеке деректерді қорғаудың халықаралық күніне орай, Privacy Day 2023 халықаралық конференциясы (қаз. — құпиялық күні 2023) өтеді. Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Беларусь, Ресей, Өзбекстан және басқа елдердің құпиялық саласындағы сарапшылары, мемлекет, бизнес және азаматтық қоғам өкілдері қатысады.

Конференцияға қатысушылар жергілікті мәселелер, құпиялық саласындағы тенденциялар мен инновациялар, жеке деректердің ашық жариялануын болдырмау жолы, азаматтарды бақылау құралдары және жеке өмірге араласудан қорғау құралдары, халықаралық тәжірибе және жаһандық трендтер сияқты мәселелерді құқық, этика және технология тұрғысынан талқылайды.

Конференция аралас форматта өтеді: офлайн + онлайн. Спикерлер мен бағдарлама туралы толық ақпаратты іс-шара сайтынан алуға болады.

Factcheck.kz