Яэль Эйзенстат: Facebook манипуляция мен жаппай дезинформацияға дайын

Орталық барлау басқармасының (ОББ) бұрыңғы қызметкері Яэль Эйзенстат 2018 жылдың шілдесінен қараша айына дейін Facebook-те бизнесті дамытудың жаһандық көшбасшысы ретінде жұмыс істеді. Сонымен қатар сайлау науқандары кезінде әлеуметтік желінің жұмысын ұйымдастырумен айналысты.

Оның айтуынша Facebook сайлау кезінде айла-шарғы жасау және жаппай жалған ақпарат тарату науқандары үшін бұрыннан дайын болған.

Мен 2015 жылы әлеуметтік желінің азаматтық демократиялық қоғам үшін нағыз қауіпке айналатынын түсіндім, бірақ бұған дейін мен Facebook-тің нағыз жанкүйері едім

Яэль Эйзенстат

Эйзенстаттың айтуынша компания оны жалдағанда олардың мақсаты өздерін өзгерту деп ойлаған. Мұндай лауазымға қызметкер жалдағаны үміттендірген еді дейді. Бірақ жұмыстың екінші күні компания оның лауазымының атауын өзгерткен.

Facebook өзгеріп жатқанын, кішкене қадамдар жасауға дайын екенін көрсетуге дайын. Алайда ешкім жалған ақпарат пен манипуляцияның таралуына қатысты фундаменталды нәрселерді өзгертуді қаламайды немесе дайын емес

Яэль Эйзенстат

Эйзенстат Facebook үш негізгі қағиданы басшылыққа алады дейді:

  • біріншіден, біз жасайтын барлық нәрсе нақты сынға жауап беруі керек, маңызды бағыттар бойынша белсенді әрекеттер болмауы керек;
  • екіншіден, су ішетін құдығыңа түкірме (Цукерберг Ақ үймен жауласа алмайды);
  • үшіншіден, әлеуметтік желіде жасалынатын нәрсені барлық елдерге оңай таратуға болатындай етіп жасау керек, эксклюзияға жол жоқ.