Хакерлер атақты адамдардың Twitter аккаунтын бұзды

Сәрсенбі күні кешке хакерлер көптеген танымал адамдардың Twitter парақшаларын бұзды. Белгісіз хакерлер олардың парақшасында биткойн тарататыны жазылған туит жариялаған. Бұл жайлы BBC хабарлайды.

A hacked tweet from Elon Musk's account
Илон Масктың туиттері

Төменде көрсетілген мекен-жайға жіберілген барлық Bitcoins екі еселеніп қайтарылады. Егер сіз 1000 доллар жіберсеңіз, мен 2000 доллар қайтарамын. Мұны тек алдағы 30 минут жасаймын

Туит тек бірнеше минутқа жарияланып, қайта өшірілді. Оқырмандар туиттің жалған екенін айтып, әзілдесті.

Миллиардер, Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс, Amazon басшысы Джефф Безос, рэпер Канье Уэст, АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обаманың, АҚШ-тың Демократиялық партиясынан үміткер Джо Байден, Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху және басқа да танымал адамдардың, сондай-ақ Apple мен Uber сияқты ірі компаниялардың аккаунттарында ұқсас хабарламалар пайда болды.

Туиттер бұл жағдай бойынша тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады. Кейінірек компания құпия сөзді қалпына келтіру функциясы уақытша қол жетімсіз болуы мүмкін екенін айтты.

Хакерлер аккаунттарды қалай бұзғаны белгісіз. Олардың көпшілігі кіруді растау үшін екі факторлы аутентификацияны пайдаланды.

Factcheck.kz