Ұлттық банк алаяқтардың көбейгенін хабарлап, сақтық шараларын ұсынды

Қазақстан Ұлттық банкі азаматтардан ақша ұрлап, жеке деректерін білу үшін банк қызметкері ретінде телефон шалатын алаяқтардың көбейгенін ескертеді. Бұл туралы банктің ресми сайтында хабарланды.

Ұлттық Банк жеке тұлғалардың шоттарына қызмет көрсетпейді, ақшалай есеп айырысу мен мәмілелер жасамайды. Ұлттық Банкте шоттарды тек қана Ұлттық Банктің, екінші деңгейлі банктердің, шектеулі заңды тұлғалардың операцияларын есепке алу үшін ашылады.

Банктің ресми сайтындағы хабарлама

Осыған байланысты банк қызметкерлері электронды хат пен белгісіз нөмірден түскен қоңырауларға жауап бермеуге кеңес береді. Ал күмәнді хабарламаға кезіккен жағдайда құқық қорғау органдарына хабарласу қажеттігін хабарлады.

Контекст

  • Бұған дейін «Отбасы банк» кейбір банк салымшыларына таныс емес телефон нөмірден хабарласып, өздерін банк қызметері ретінде таныстыратынын ескерткен.
  • Сынымен бірге, Kaspi.kz, «Сбербанк» ЕБ АҚ, Halyk Bank, Нұрбанк, ВТБ Банк (Қазақстан), ForteBank, Jýsan Bank, AltynBank, Хоум Кредит Банк, Еуразиялық банк, «Альфа-Банк Қазақстан» ЕБ АҚ бірлескен мәлімдеме жариялаған. Онда банктер соңғы кезде қаржы алаяқтарының көбейіп кетуіне алаңдаушылық білдіріп, клиенттеріне сақтық шараларын ұсынған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz