Туиттер ақылы қызметінде қандай ерекшеліктер болатынын айтты

Туиттер компанияның қосымша табыс табуға және бизнесті қолдауға мүмкіндік беретін ақылы функцияларды енгізуді жоспарлап отыр. TechCrunch хабарлауынша компания қолданушыларға арналған сауалнама жүргізуде. Сауалнамада Twitter қолданушылардан қандай қызмет түрін қалайтынын сұрады.

Медиа-кеңесші Мэтт Наварра компанияның сауалнамасынан алғашқылардың бірі болып өтті. «Міне, Twitter ақылы түрінде қоса алатын мүмкіндіктердің тізімі. Қайсысына төлеуге дайынсыз?»

https://twitter.com/MattNavarra/status/1289131816973152256

Сауалнамада компания пайдаланушылардан келесі опцияларды қарастыруын сұрады:

Туитті кері қайтару. Пайдаланушы туитін оқырмандары көргенге дейін 30 секунд ішінде кері қайтара алады.

Түс таңдау. Сіз «түнгі режимді» орнатып қана қоймай, сонымен қатар телефон мен компьютердегі қосымшаның қарпі мен түсін өзгерте аласыз. Жаңа қызметфонның, сілтемелердің, хэштегтердің және белгішелердің түсін өзгертуге мүмкіндік береді.

Видео жариялау. Жоғары сапада және бұрыңғыға қарағанда 5 есе ұзақ видео жариялауға мүмкіндік береді.

Таңбалар. Сіз өзіңіздің профиліңізге жұмыс істейтін компанияның белгішесін қоса аласыз.

Автоматты түрде жауап беру. Пайдаланушы комментарийде пайдалана алатын бірқатар автоматты жауаптарды дайындау мүмкіндігі. Бұл опция тұтынушылардың сұраныстарын компанияның ресми парақшаларына жылдам бағыттағысы келетін брендтер үшін пайдалы болуы мүмкін.

Жетілдірілген талдау. Бұл сізге платформадағы пайдаланушының немесе компанияның аккаунтының дамуын бақылауға, сонымен қатар пайдаланушылардың компания жайлы қаншалықты жиі айтатынын көруге мүмкіндік береді.

Брендтердің сауалнамасы. Компаниялар жүргізетін жарнаманың тиімділігін өлшеу үшін сауалнама жариялау.

Factcheck.kz