TikTok “жеккөрушілікті қоздырды” деп АҚШ-та 380 мың видеоны өшірді

Сондай-ақ, компания жеккөрушілікті тудыратын контент немесе мінез-құлық үшін 1300-ден астам аккаунтты бұғаттап, “жеккөрушілік сипатындағы сөздер” үшін 64 мыңнан астам комментарийді өшірген. Бұл туралы Cnet хабарлайды.

Компанияның хабарламасында TikTok-та жеккөрушілікке жол бермейтінін айтты. Сондықтан осындай сарындағы жариялынымдарды, нәсілшілдікке толы жазбаларды платформадан алып тастайды. 2020 жылдың басынан бастап компания жеккөрушілікке қарсы күрес саясатын бұзғаны үшін АҚШ-та 380 мыңнан астам видеоны өшірген.

Тамыз айында диффамацияға қарсы лига (американдық үкіметтік емес ұйым — ред.) жариялаған есепке сәйкес, 100 миллион американдық қолданатын платформа ақ нәсілшіл топтардың мүдделері мен антисемитизмді насихаттайтын контентке толы.

Азаматтық құқық белсенділері әлеуметтік желілерді, соның ішінде Facebook-ті сайттарындағы ғадауат тілі бар жазбаларжы жою үшін көбірек жұмыс істеуге шақырды.

Американдық TikTok бөлімшесінде қауіпсіздік мәселелеріне жетекшілік ететін Эрик Хан платформадаға хейтспич контентті толығымен жою мүмкін емес болғанымен, компания бұл жұмысты ары қарай жалғастыра береді.

Factcheck.kz