TikTok Гонконг аумағында жұмысын тоқтатты

TikTok жақын күндері Қытай қабылдаған ұлттық қауіпсіздік туралы Заңға байланысты Гонконг аумағында жұмысын тоқтатады. Бұл туралы Reuters хабарлайды.

ҚХР билігі мобильді қосымшаның қолданушылардың деректерін сұратқан. Сол себепті Bytedance қытай компаниясына тиесілі қысқа видеоларды жасауға арналған қосымша жұмысын тоқтатайын деп жатыр.

Сонымен қатар, компанияның Қытайға арналған Douyin қосымшасы бар. ByteDance бұл қызметтің Гонконг нарығына шығуы әзірге жоспарланбағанын хабарлады.

Агенттіктің айтуынша TikTok үшін Гонконг нарығы тиімсіз еді. 2019 жылдың тамыз айындағы есепке сәйкес қосымшада Қытай автономиялық ауданынан тек 150 мың пайдаланушы тіркелген.

Маусым айының соңында Қытай билігі TikTok-қа “вульгарлы контент” таратқаны үшін, “социализмнің негізгі құндылықтарына” және “жастардың тәрбиесіне қауіп төндіргені үшін” айыппұл салды.

Factcheck.kz