Ресейде галлюцинацияны тудыратын препарат туралы TikTok’тағы видеоларды бұғаттайды

Роскомнадзор Ресей Федерациясы аумағында аллергияға қарсы «Бенадрил» препаратын көп мөлшерде қабылдауға шақыратын TikTok’тағы видеоларды бұғаттайды. Бұл ұсынысты Мемлекеттік Думаның Денсаулық сақтау комитетінің мүшесі Борис Менделевич тастады. Бұл туралы РИА новости хабарлайды.

«Бұл челленждің қаупін ескере отырып, Сізден, құрметті Андрей Юрьевич, әлеуметтік желінің ресейлік сегментінде жоғарыда аталған хэштегпен біріктірілген бейнелерді бұғаттау мүмкіндігін қарастыруыңызды сұраймын» дейді Борис Менделевич.

Оның айтуынша, «Бенадрил» аритмия, галлюцинация және сіңірдің тартылуы мүмкін, ал оны шамадан тыс қабылдаған жағдайда дәрігердің көмегіне жүгіну керек.

Бұған дейін БАҚ-та АҚШ-та жасөспірімдер TikTok әлеуметтік желісінде галлюцинацияны тудыру үшін аллергияға қарсы препаратты көп мөлшерде қабылдауға шақыратын челленжді бастағаны туралы хабарланған болатын.

Роскомнадзорды бұл істі Росмолодежь-ға тапсырды. Жастар ісі бойынша Федералды агенттігінің басшысы Александр Бугаев видеолар кәмелетке толмағандардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін айтады. Оның айткынша бұл материалдарға қатысты Ресей Федерациясының аумағында таратуды шектеу туралы шешім қабылданады.