Президент жолдауына фактчекинг | 2-бөлім

Кеше Қазақстанның екінші президенті Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқына алғашқы жолдауын тексеруді бастаған едік. Бүгін де сіздердің назарларыңызға жолдауда айтылған бірнеше мәлімдеменің ақ-қарасын ұсынбақпыз.

Қала және ауыл мектептеріндегі орта білім сапасының айырмашылығы жыл сайын артуда

деген еді Тоқаев

Үкім: Шындық

Біз бұл факт туралы біраз жазған болатынбыз: ресми түрде Қазақстанда TIMSS және PISA халықаралық тесттерінің нәтижесі мойындалады. Соған сәйкес әлеуметтік жағдайы төмен отбасылармен қатар ауыл оқушыларының білім сапасы қаламен салыстырғанда төмен.

Толығырақ…

Инфографикада математикадан PISA-2012  нәтижелері ауылдық елдімекендердегі, қала типіндегі ауылдар, моноқалалар, қалалар мен мегаполистерді салыстырған, сонымен қатар Қазақстан бойынша нәтижелер және ЭСДҰ елдерінің орташа салыстырмасы бар.

Президент жолдауына фактчекинг | 2-бөлім

TIMSS пен PISA-2015-тің қазақстандық құжатында: нәтижелер мен әсер ету факторларын қалалық оқушылар ауылдағы оқушылардан бір жылға озып кеткені анықталды.

Президент жолдауына фактчекинг | 2-бөлім

PISA-ның математика бойынша нәтижелері туралы айтар болсақ, 2012 жылы ауылдық оқушылар мен олардың қалалық қатарластарының арасындағы айырмашылық 13-15 ұпай болды (420 және 443-445 ұпай), ал 2015 жылы айырмашылық 25 ұпайға жетті. Қазақстанда PISA-2015-ті өткізудің казусы туралы да жазған болатынбыз.

ОЖСБ (орта білім берудегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау) да шамамен осыны көрсетеді. Дегенмен 2017 жылмен салыстырғанда 2018 жылы жағдай 0,01 ұпайға жақсарған.

Президент жолдауына фактчекинг | 2-бөлім
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ доценті Жасұлан Нұрбаевтың «Казахстан: неравная борьба за равенство в школе» материалынан алынған инфографика. Материал Central Asian Bureau for Analytical reporting (CABAR.asia) ресурсында жарияланған.

Бұл жерде аймақтық дисбаланстар тұрғындардың денсаулығы, әсіресе ана мен бала өліміне қатысты байқалады. Иә, бұл көрсеткіш төмендеп жатыр, дегенмен әлі де жоғары және дамыған елдердің дәрежесінен асып түседі.

Қ. Тоқаев

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2017 жылы республикадағы ана өлімінің коэффициенті 14,8 (тірі туылған 100 мың сәбиге) болды. Сонымен қатар , ЭСДҰ – Экономикалық серіктестік және даму ұйымы елдерінде (бұл ұйым әлемнің 36 дамыған елін біріктіреді) бұл көрсеткіштің 2017 жылғы орташа күйі 6,3 дәрежесінде болды.

Ресми статистика бойынша, 2017 жылы Қазақстандағы бала өлімінің коэффициенті 7,9 (тірі туылған 1000 сәбиге) болды. ЭСДҰ елдерінің 2017 жылғы дәл осы көрсеткіші 5,9 дәрежесінде болған.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz