Павлодар тұрғынына фейк таратқаны үшін айыппұл салынды

Polisia.kz порталының хабарлауынша полиция Павлодар тұрғынына жалған ақпарат таратқаны үшін айыппұл салды.

Жалған ақпарат таратушы WhatsApp “Павлодар- Екібастұз” трассасы жабылғаны жайлы фейк таратқан. Кейіннен бұл ақпаратты ауыл тұрғындары бір-біріне тарата бастады. Тәртіп сақшылары жалған аудио хабарлама таратушысын анықтады. Ол 28 жастағы Павлодар облысының Ленин ауылының тұрғыны болып шықты.

Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБК 478 бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот фейк таратушыға 40 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салды. Бүгінгі таңда сот облыстың үш тұрғынын ТЖ режимінде жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілікке тартты.

Полиция департаменті тұрғындарды шындыққа сәйкес келмейтін жалған мәліметтерді таратпауға шақырады. Өйткені төтенше жағдай кезінде жасалған бұл әрекет Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жазаланады.

Азаматтарға ресми ақпарат алу үшін тиісті мемлекеттік органдарға жүгіну қажет. Жалған ақпарат тарату фактілерін анықтау мақсатында полицейлер күн сайын әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізеді.

Оқи отырыңыз

Factcheck.kz