Пандемияда “көрінбейтіндер”

COVID-19 пандемиясы институттарға деген сенімнің осы кезге дейінгі ең төмен деңгейге жетуімен басталды. Саяси жағдай ушығып, ал әлеуметтік бірлік әлсіреген еді. Сондықтан да мемлекеттер үй шаруашылықтары мен кәсіпорындарға орасан зор ресурстарды бағыттауға тырысуда, сол сияқты олар денсаулық сақтаудың дағдарыс жағдайы мен экономикалық зардаптар айқын түрде бірдей орын алған жергілікті қауымдастықтарды елемей кетпеуі тиіс.

Үлкен жиырмалық G20 көшбасшылары осы аптада COVID-19-ға жауап беру жолдарын ақылдасу үшін онлайн жиын өткізетіндігіне қарағанда, алдағы айларда әлемдік ЖІӨ құлдырауы 2008 жылғы Ұлы Рецессия кезіндегіден де асып түседі деп күтілуде. Сол кездегі құлдырауға әкелген жаһандық қаржы дағдарысынан айырмашылығы бұл пандемия бүкіл әлем бойынша экономиканың тұтас секторларын жабуға итермелеуде. Бізде мұндай соншалық көп экономиканың көптеген секторлары кенеттен бір уақытта тоқтаған прецедент болмаған.

Ұлы Рецессияға ішкі реакциялар тиімді болмады. Құтқару көмегі қаржы мекемелері мен қалалық орталықтарды тұрақтандырып, ауылдық және жартылай ауылды аудандардағы  миллиондаған адамдарды елеусіз қалдырды. Қаталдық пен автоматтандыру ауылды аудандардағы қауымның өмірін жақсарту перспективаларын жоққа шығарғандықтан, халық арасында әділетсіздік сезімі орнады. Популисттер бұл ренішті қарапайым азаматтарды мигранттарға, босқындарға, бұқаралық ақпарат құралдарына, “истеблишментке” және барлық типтегі сарапшыларға қарсы қойып өз пайдасына пайдаланды.

Бұл қателіктерді қайталамас үшін, біз экономикалық және әлеуметтік капиталды осы проблемалы қауымдастықтарға бағыттауымыз керек. COVID-19-ның өршуі бүкіл әлемде – көшелерде, көппәтерлі үйлерде және WhatsApp пен Facebook-тегі топтардағы қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін жандандырды. Бұл бастамалар оқшауланған және вирустың қауіптілігі жоғары адамдарға практикалық қолдау ұсынады. Балконға ән салатын итальяндықтар және жомарттық пен қауымдастық рухының басқа үлгілері осы қиын-қыстау кездерге жарқын сәттерді сыйлады.

Бірақ қауымдастық желілері көп ұзамай өте қажет болатын жерлерде әлсіз. Соңғы үш жылда біз басқаратын More in Common ҮЕҰ (Үкіметтік емес ұйымы) Батыс демократиясындағы әлеуметтік қайшылықтар туралы хабар беріп келеді. Біздің зерттеулеріміз әр елде қоғам өздерін елемейді деп санайтын «көрінбейтіндер» тобы бар екенін тапты. Бұл «көрінбейтіндер» белгілі бір табыс деңгейі, жасы, нәсілі, жынысы немесе саяси сенімі бойынша емес, қоғамнан оқшау қалғандығымен ерекшеленеді.

Басқалармен салыстырғанда, «көрінбейтіндер» адамдар мен барлық типтегі мекемелерге сенбейді. Кез-келген демографиялық топтарға қарағанда, олар әлеуметтік жанжалды күшейтетін «біз қарсы оларға» деген арандатушы әңгімелерге ергіш. Бұл дағдарыс кезінде өте қауіпті. Және «көрінбейтіндер» – бұл аз топ емес. «Көрінбейтіндер» Франция, Германия және Америка Құрама Штаттарындағы жалпы халықтың үштен бірін құрайды.

Әрине, экономикалық өзгеріс бұл адамдарға ауыр тиді және жұмыс мүмкіндігінің төмендеуі көптеген адамдардың аз ақшаға жұмыс істеуге дайын иммигранттармен бәсекелесе алмаймын деп қорқуына себеп болды. Бірақ бұл адамдар өздерін әлеуметтік жағынан да шеттетілген деп санайды. Олар өздерін жалғыз, қадірі жоқ және ешкімге қажет еместей сезінеді. Олардың ашу-ызасын, ашуын және дәрменсіздік сезімін пайдаланып, популисттер көптеген елдерде билікті тартып алды немесе соған жақын.

Триллион долларлық құтқару пакеттерін тиімді ету және Ұлы рецессияның қателіктеріне жол бермеу үшін өажет нәрсе ол – дамыған және дамушы елдердегі әлеуметтік келісімді нығайту үшін бірлесіп әрекет ету. Үлкен жиырмалыққа кіретін елдер экономиканың өсуіне жұмсалған әрбір долларларды әлеуметтік капиталы таусылған аудандарға бағытталған қоғамдық қорларға бөлінетін әрбір центпен теңшеуден бастаса болады.

Мұндай қорлар қоғамның өмірі мен байланысын нығайтуға және қалпына келтіруге арналған шағын көлемдегі ресурстарды қамтамасыз ете алады, бұл ретте экономиканың тоқтап қалуы мен қоғамдық алшақ болу шараларының салдарын көптеп тартатын «көрінбейтіндерге» ерекше көңіл бөлінеді. Қазіргі ауқымдағы болып жатқан дағдарыстар қоғамдастықтың терең бөлінуіне себеп болуы мүмкін, бірақ сонымен қатар олар адамдарды біріктіруге мүмкіндік береді.

Үлкен жиырмалықтың (G20) COVID-19-ға байланысты жасаған шараларының жалпы құны қазірдің өзінде Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Маршалл жоспарындағыдан да асып түседі. Осыдан жетпіс бес жыл бұрын экономика құлдырап, миллиондаған адамдар босқынға айналды және үмітсіздік артты. Генерал Джордж С. Маршаллдың қоғамдар мен экономикаларды қайта құру жоспары АҚШ пен Еуропа арасындағы ынтымақтастықтың ерекше белгісі болды.

1947 жылы Жоспарды іске қосу кезінде Маршаллдың үндеуі «еркін институттар өмір сүре алатын саяси және әлеуметтік жағдайлардың пайда болуына мүмкіндік беру үшін әлемдегі жұмыс істейтін экономиканы жандандыру» болды. Маршалл 1920-1930 жылдардағы қателіктерден сабақ алып, осал қоғамдар бөлінген кезде авторитаризмнің тұзағына түсетінін білді.

Пандемиядан кейінгі болашаққа дайындық кезінде G20 көшбасшылары бұл сабаққа құлақ асуы керек.  Қазір 70-80 жасқа келіп қалған, яғни коронавирусқа өте әлсіз – Маршалл жоспарының балалары қол жеткізген өркендеу инклюзивті экономикалық және әлеуметтік негіздерге құрылды. Бұл пандемиядан жарқын үмітпен шығу үшін біз тек кейбіреулерді ғана емес, барлығын да қалпына келтіруіміз керек.

Тим Диксон мен Мэтью Лефеврақоғамдастықтарды поляризация мен әлеуметтік бөлінуге төтеп беру үшін жұмыс жасайтын More in Common халықаралық коммерциялық емес ұйымының негізін қалаушылар.

Авторлыққұқық: Project Syndicate, 2020.
www.project-syndicate.org

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz