Өзбекстаннан келген мигранттар елімізде расымен көп пе?

29 қаңтарда ҚР Мәжілісінің кезекті пленарлық отырысында депутат Асылбек Смағұлов өз сауалында Қазақстандағы Өзбекстаннан келген мигранттар туралы айтты. Factcheck.kz Смағұлов айтқан мәлімдеменің рас-өтірігін анықтады.

Қазір Қазақстан Өзбекстаннан келетін мигранттарды ең көп қабылдайтын елдердің бірі. Мұны ресми статистика деректері де растайды.

Бұл туралы да депутат Балайым Кесебаева және Геннадий Шиповских өз мәлімделерінде атап өтті.

Үкім: Шындық

БҰҰ-ның ресми мәліметі бойынша Қазақстанда 2019 жылы 3,7 млн еңбек мигранты тіркелген. Көші-қон қызметі комитетінің соңғы ресми мәліметінше, Қазақстанда 2018 жылы 1 млн 453 648 Өзбекстан азаматы тіркелген. Бұл статистикадан байқағанымыздай, Өзбекстаннан келген мигранттардың саны көп екенін аңғаруға болады.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz