Қазақстанда 28 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша Қазақстанда 28 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған. Олардың барлығы карантин нысандарында жұмыс істеген.

Министрдің айтуынша әрбір жағдай бойынша эпидемиологиялық тексеру жүргізіп, бұл жағдайдың себебін анықталады. Сонымен қатар жұмыс орнынан басқа жерде вирус жұқтырған қызметкерлер де бар. Оларға бөлек есеп жүргізілуде. Алайда олардың санын нақты айтпады.

Оның айтуынша, қазір дезинфекциялау құралдары мен жеке қорғану құралдары алынып жатыр. Осыған дейін үкімет коронавирус жұқтырғандармен жұмыс істейтін дәрігерлерге қосымша ақы тағайындады. Дәрігер вирус жұқтырған жағдайда 2 миллион теңге көлемінде көмек алады.

Factcheck.kz