ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой карантинді жеңілдетудің басты шарттары туралы айтты. Ең алдымен:
- R инфекциясының репродуктивтілік көрсеткіші (вирус жұқтырған адам басқа адамдарды жұқтыруы) < 1 болуы тиіс.
- Соңғы аптада ауру көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққандағы 50-ден аспауы тиіс.
- Соңғы аптада 100 мың адамға шаққандағы өлім көрсеткіші 1,5-тен аспауы керек.
Алексей Цойдың хабарлауынша, карантин шараларын жеңілдету үшін кем дегенде 3 көрсеткішке қол жеткізуіміз тиіс.
Карантинді кезең-кезеңмен жеңілдету жөніндегі қорытынды шешім мемлекеттік комиссияның таяудағы отырысында қабылданатын болады.