Интернетте коронавирусқа қарсы вакцинамен байланысты фейк сайттар пайда болды

Коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаны ресми тіркегеннен кейін киберқауіпсіздік саласындағы сарапшылар жүзден астам домендердің тіркелгенін хабарлады. Сайттардың кейбірі вакцинаға алдын-ала тапсырыс беріп, жартылай төлем жасауды сұрайды. Бұл туралы РосКомСвобода хабарлайды.

Алғаш рет мұндай сайттар наурыз айында пайда бола бастады, содан бері олардың саны артып келеді.

РФ Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 алдын алу үшін вакцинаны тіркеген сәттен бастап он күн ішінде .com және .ru мекен-жайында 113 домен пайда болды. Тек 19-20 тамызда сайт атауында «vaccin» сөзі бар кем дегенде 14 ресурс тіркелді.

Infosecurity a Softline Company хабарлауынша шілде—тамыз айларында 445 домен, шамамен күніне тоғыз доменнен тіркелген.

BI Zone сараптамалық қызметтер блогының директоры Евгений Волошиннің айтуынша ресурстарда әлі ештене жарияланбағанымен, кейбір домендерді алаяқтар кейін қолдануы мүмкін.

«Касперский зертханасының» контент-талдаушысы Татьяна Сидорина фейк парақтардың бір бөлігі алаяқтарға резерв ретінде қажет. Себебі бір ресуртс бұғатталған жағдайда, екіншісін қосып алады. Сидоринаның айтуынша мұндай сайттар бір күннен аз жұмыс істей алады, алайда кейбірі одан да ұзаққа шыдауы мүмкін.

Factcheck.kz