Финляндияда үйі жоқтарға ешқандай талап пен шартсыз баспана беретіні рас па?

10 тамыз күні «NewTimes» жаңалықтар порталы Lenta.ru сайтына сілтеме жасай отырып, «Финляндия билігі баспанасы жоқтарға ешқандай талап пен шартсыз тұрғын үй береді» деген материал жариялады. Тақырыптың астында «Финляндияның баспанасыз адамдарына ақша мен пәтер таратылды. Бұл тиімді болып шықты, деп хабарлайды Лента.ru» деген хабар бар. Тақырыбы болмаса, екі материалдың еш айырмашылығы жоқ.

Финляндияда үйі жоқтарға ешқандай талап пен шартсыз баспана беретіні рас па?

Осылайша, түпнұсқадағы нұсқаға көшеміз, онда басқалармен қатар, «1987 жылы Финляндияда 18 мыңнан астам үйсіз адам болды. Соңғы 2017 жылғы мәліметтерде сәйкес олардың саны – 6,6 мың» және «үйсіздікпен күрес жөніндегі жобалардың қаржыландыру көзі – ойын бизнесі болды… Барлық лотереяларды және жалпы барлық құмар ойындарды мемлекетке тиесілі Veikkaus компаниясы бақылайды» деп айтылады.

Финляндия қолданған Housing First («алдымен – тұрғын үй», ағылш.) бағдарламасының мән-мағынасы да айтылады. Қағидатты америкалық психолог Сэм Цемберис әзірлеген: «үйсіз адамды тұрғын үйге «лайықты» екенін мәжбүрлеудің орнына алдымен оған сол үйді ұсынып, содан кейін оңалту бағдарламаларын жүргізу керек. Өйткені, үйсіздерді қайта әлеуметтендіруді қиындататын басты фактор – үйсіздіктің өзі». Осыған қоса материалда былай делінген: Үйсіз адамдар тұрғын үймен қамтамасыз етілгеннен кейін, оларға білім алып, жұмыс табуға көмектеседі. Сонымен, тексереміз.

Мәлімдеме: Финляндия билігі Housing first қағидасы бойынша баспанасы жоқ адамдарға ешқандай талап пен шартсыз тұрғын үй береді. 1987 жылы Финляндияда 18 мыңнан астам үйсіз адам болды. Соңғы 2017 жылғы мәліметтерде сәйкес олардың саны – 6,6 мың.

Үкім | Екеуі де шындық

Шын мәнінде, бәрі дұрыс. Даму бағдарламасы, проблематика, статистика және жасырын қаржылық пайда туралы нақты ақпарат Y-Foundation сайтында ұсынылған. Y-Foundation – ұзақ үйсіздікті қысқарту жөніндегі мемлекеттік (қазірдің өзінде аяқталған) бағдарлама (2008-2015, PAAVO-1, PAAVO-2) және 2016-2019 үйсіздікті болдырмау жөніндегі қазіргі іс-қимыл жоспары шеңберінде әрекет ететін негізгі ұлттық девелопер.

Қор Housing first қағидаттары мен тұжырымдамасы аясында жұмыс істейді. Ал қордың негізін ірі қалалардың муниципалитеттері, фин құрылыс компанияларының Конфедерациясы, менталдық Денсаулық қауымдастығы, Қызыл крест, Шіркеу кеңесі және т.б. қалады. Былай қарағанда, мәселені шешумен мемлекет, үкіметтік емес ұйымдар, бизнес және кәсіподақтар айналысады. Y-foundation – Финляндияда жалға берумен айналысатын 4-ші ірі жылжымайтын мүлік иесі. Қор қолжетімді тұрғын үй салады және әлеуметтік қызметтерді тарта отырып, әлеуметтендіру процесін ұйымдастырады.

Расымен, 1985 жылы Финляндияда үйсіздердің саны 20 мыңнан астам, 1987 жылы – 18 мыңнан астам, ал 2018 жылы – 5,482 адам еді.

Финляндияда үйі жоқтарға ешқандай талап пен шартсыз баспана беретіні рас па?

Инфографикаға түсініктеме: Финляндияда үйсіздердің қатарына тек қана көшелерде немесе құтқару қызметінің баспаналарында (ондайлар – 6%) қонатындар ғана емес, сондай-ақ жатақханаларда (4%) және әлеуметтік мекемелерде тұратын (8%), достарында немесе туыстарында уақытша тұратын (65%) адамдар да жатады. Ал 2018 жылғы 822 (17%) адамның үйзісдігі туралы Финляндияның тұрғын үй құрылысын қаржыландыру және дамыту орталығында (ARA) еш ақпарат болған жоқ.

Жоғарыда айтылған топтарға тұрғын үй беру бағдарламасы қалай жүзеге асырылды?

Көмек түрі мен көлемі үйсіз адамның мұқтажына және оның жағдайына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Бұл ретте резидент (бұрынғы үйсіз) Финляндияның әлеуметтік сақтандыру мекемесіне (Kela) тұрғын үй жәрдемақысын алуға алдын-ала өтініш беріп, қол жетімді тұрғын үй үшін ақшаны өзі төлейді. Егер резиденттің өмір сүруге қажет шығындарын жабу үшін ақшасы жеткіліксіз болса, онда ол ай сайын әлеуметтік жәрдемақы алуға өтініш береді.

Осылайша, әлеуметтік бағдарламалар аясында бұрынғы финляндиялық баспанасыз адам тұрғын үй шығындарын өтеуге және басқа да қолдауға (психологқа және тіпті психиатрдың көмегіне дейін) ие бола алады немесе шығындарының бір бөлігін жабу үшін қаражат та ала алады. Кей жағдайларда басты тұрғын үй жәрдемақысын алатын және Y-қор ұйымдастырған резиденцияда тұратын адам зейнеткерлерге көмек көрсете отырып, аптасына белгілі бір сағат санын өтеуге міндеттенеді (мұндай форма жас адамдар мен студенттер үшін қолайлы).

Финляндияда үйі жоқтарға ешқандай талап пен шартсыз баспана беретіні рас па?

Сонымен қатар, қор сайтында бұрынғы үйсіздер жұмыс іздеп, жергілікті қоғаммен ынтымақтастық бағытындағы әрекеттері жақсы бағаланатыны туралы айтылады: Біздің жұмысқа орналастыру бойынша жұмысымыздың мақсаты – біздің жалға алушыларымыздың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету және оларды жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту.

Housing first-тің мән-мағынасы

Кейбір еуропалық елдер, әсіресе финдер сәтті пайдаланып жатқан (өйткені бірнеше жыл бұрын және пилоттық жобалар деңгейінде емес, ұлттық деңгейде бастағандықтан) «алдымен-тұрғын үй» бағдарламасы 4 қағидатқа негізделеді:

  • Баспана адамға өз өмірін тәуелсіз жүргізуге мүмкіндік береді.
  • Адамның жеке таңдауы мен оның автономиясын құрметтеу.
  • Резиденттің мүмкіндіктерін оңалту және кеңейту.
  • Жергілікті комьюнитиге және қоғамға ықпалдасу.

Үйсіз адам хостел, транзиттік әлеуметтік жатақханалар түріндегі баспалдақтарды айналып өтіп, жеке пәтерді бірден алады. Үйсіздікпен күрес жөніндегі шаралардың көпшілігі үйсіз адам тұрақты тұрғын үй алмай тұрып, алдымен көшеге қаңғып қалған проблемаларын (тәуелділік немесе менталдық проблемалар сияқты) шешуі тиіс деген алғышартқа негізделген.

Дүниежүзілік Банктің сайтында Ұлыбританияда, Германияда (бұл елде әзірге «алдымен тұрғын үй» бағдарламасы тіпті пилоттық жобалар деңгейінде жоқ) және Францияда үйсіздер санының артуы байқалады (жалпы Еуропа бойынша сол көрініс), ал Финляндияда — керісінше.

Мәлімдеме: Баспанасыздықпен күрес жөніндегі жобаларды қаржыландырудың көзі – ойын бизнесі, атап айтқанда мемлекетке тиесілі Veikkaus компаниясы

Үкім | Жартылай шындық

Шынында да, бұл компания баспанасыздықпен күрес жөніндегі жобаларды қаржыландырады, бірақ тек ол емес…

Финляндияда үйі жоқтарға ешқандай талап пен шартсыз баспана беретіні рас па?

Y-қордың «Сенің өз үйің. Алдымен тұрғын үй және Финляндиядағы баспанасыздықтың соңы» деген құжатта қаржыландырудың көздері көрсетілген. Көріп отырғанымыздай, ақшаны Финляндияның тұрғын үй құрылысын қаржыландыру және дамыту орталығы (ARA), әлеуметтік істер және денсаулық министрлігі және RAY Финляндиялық ойын автоматтары қауымдастығы бөліп отыр. RAY 2017 жылы Fintoto (лотереялар) және Veikkaus (құмар ойындар) компанияларын біріктіріп, мемлекет иелігіндегі Veikkaus Oy атты ойын компаниясына айналды.

Мәлімдеме: Финляндиядағы баспанасыз адамдарға ақша мен пәтер берілді

Үкім: Манипуляция

Жоғарыда айтылғандарды және Финляндия – әлеуметке бағытталған мемлекет екенін назарға ала отырып, азаматтар және кейбір жағдайларда Финляндияда тұрақты тұратын (ЕО паспорттары), сондай-ақ осы елде тұруға ықтиярхаты бар адамдар әртүрлі әлеуметтік қолдау түрлеріне сене алады. Алайда үйсіз адамдарға бей-берекетсіз ақша мен пәтерлерлер таратылады деу дұрыс емес.

Біріншіден, үйсіз адам тұрғын үй жәрдемақысын алатын болса да, ай сайын әлеуметтік жәрдемақы алуға өтініш беру қажет, екіншіден, «Алдымен тұрғын үй» бағдарламасының басты мақсаты – жоғарыда айтылғандай жұмыспен қамту бойынша мүмкіндіктерді кеңейту.

Үшіншіден, тексеріліп отырған Lenta.ru сайтындағы тақырып астындағы мәліметте ғана үйсіз адамдарға ақша мен пәтер берілетіні айтылады. Керісінше, бағдарлама бойынша адамдар орташа есеппен 2, ең көбі 7 жылдан кейін кетіп, одан кейін жұмыс тауып, жаңа пәтер алады.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz