Фейк | Сталиннің туған күні Қытайда мерекеге айналды

Әлеуметтік желі қолданушылары арасында VestiRegion.ru порталы жариялаған мақала талқыланып жатыр. Онда Сталиннің туған күні Қытайда мерекеге айналып, соған орай демалыс беріледі делінген. Тіпті Қытай компартия төрағасының пленумда айтқан сөзі келтірілген.  «Сталиннің туған күні Қытайда мемлекеттік мерекеге айналды. Ресейге сабақ болсын» (архивке сілтеме) деген тақырыппен жарияланған материал біздің де назарымызды аударды. Тексереміз.

Сталиннің туған күні Қытайда мемлекеттік мерекеге айналды

Үкім: Фейк

Фейк 2018 жылы біздің оқырмандарымызға жақсы таныс «Панорама» сатиралық сайтында жарияланған. Ешқандай қытай коммунистерінің пленумы болған жоқ, ал Си Цзиньпинь айтты деген сөз – толығымен ойдан шығарылған.

Соған қарамастан көптеген БАҚ «Панорама»-ның фейктерін жаңалық ретінде жариялап отырады. Бүгінгі «жаңалығымыздың» авторы қиялына ерік беріп, мәтіннің шынайы шығуы үшін үлкен сараптама жасаған. Сонымен қатар, мәтіннің компиляторы қытай ЖОО-да оқуға міндеттелген миф «ғылыми сталинизм» туралы «Панораманың» тағы бір фейкіне сілтеме берген.

Жалпы, бұл Сталин туралы алғашқы фейк емес: «халықтар атасы» туралы жалған мәліметтердің біразын талдаған болатынбыз.

Құрметті оқырмандар, абай болыңыздар! Ақпаратты өзгемен бөліспес бұрын бір тексеріп алғаныңыз жөн.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz