Экология министрлігі Ресейден келген “радиоактивті бұлт” туралы қауесетті растамады

Экология министрлігі Ресейден келген "радиоактивті бұлт" туралы қауесетті растамады

Тамыздың 8-і Архангельск облысында әскери полигонда болған жарылыстан кейін Қазақстан аумағында “радиоактивті бұлт” таралмады. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәлімдемесін Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Жарылыстан соң әлеуметтік желілерде “радиация бүкіл Қазақстанға тарады” деген қауесет пайда болды. ОДВЗЯИ комиссиясының басшысы Ласино Зербо ресей полигонындағы жарылыстан кейін радионуклидтердің таралу картасын жариялады.

Зербо карта радиацияның таралуын нақты көрсетпейтінін айтты. Тек, радионуклидтер бар болған жағдайда, олардың орналасуын үлгілейтін стандартты технология екенін ескертті.

“Автор бірнеше рет ақпараттың тек болжам екенін көрсетеді. Қазгидромет хабарлауынша, тамыздың 8-нен 14-не дейін Архангельск, Северодвинск аудандарынан шыққан ауа массалары Орал тауларының солтүстік бөлігіне сағатына 12 километр жылдамдықпен қозғалып, Қазақстан аумағына жете алмады”, – деп хабарлады Экология министрлігі.

2019 жылғы тамыздың 14-19 аралығында ел аумағының басым бөлігі Қазақстан арқылы Иран және одан әрі Батыс Сібірге қарай жылжыған жылы ауа массаларының ықпалында болды.

“Осылайша, метеорологиялық жағдай Қазақстан аумағында “радиоактивті бұлттың” таралуын алдын алды. Тамыздың 8-19 аралығында радиациялық гамма-фоны нормадан аспады”, – деп хабарлады министрлікте.

Тамыздың 8-і Архангельск облысындағы Қорғаныс министрлігінің полигонында сұйық реактивті қозғалтқышты сынау кезінде өрт шықты. “Росатом” Саров (Нижегород облысы) ядролық орталығының бес қызметкері қаза болғанын хабарлады.

Factcheck.kz