АҚШ-та арнайы қызмет смартфон арқылы геолокация деректеріне қол жеткізді

АҚШ құпия қызметі Babel Street компаниясының Locate X’ге қол жеткізу туралы келісімшартқа қол қойды. Locate X – құқық қорғау органдарына cмартфон пайдаланушыларының геолокациясын бақылауға мүмкіндік береді. Бұл туралы The Verge хабарлайды.

Наурызда Protocol техникалық басылымы бірқатар мемлекеттік органдардың Babel Street-пен Locate Х қызметін шығарғаннан кейін келісім шарт жасасқанын хабарлаған еді.

Кейбір дереккөзге сәйкес Locate X қондырғыда орнатылған қосымшалар арқылы деректерді пайдаланып, құрылғының орналасқан жерін анонимді түрде қадағалап отырады.

Сонымен қатар, Protocol журналистері АҚШ шекара және кеден қызметі Locate X арқылы деректерге қол жеткізуге келісім шарт жасасқандардың арасында бар екенін көрсететін құжаттарды тапты.

АҚШ заңнамасына сай технологиялық компаниялардан құрылғылардың орналасқан жері туралы мәліметтерді алу үшін құқық қорғау органдарына тиісті сот ордері қажет. Алайда іс жүзінде мемлекеттік органдар мамандандырылған компаниялардан геолокация деректерін көбіне сатып алады, ал бұл үшін ордер қажет емес.

Factcheck.kz