“9/11” туралы миф пен шындық

Ресейлік Themonitor.media сайты адамзат тарихында болған ең ірі террактілердің бірі – 2001 жылғы 11 қыркүйектегі жарылыстан кейін пайда болған мифтер мен шындықтарды тексеріп жазды. Factcheck.kz сайты сол материалды қазақшаға аударып, өз оқырмандарына ұсынып отыр.

2001 жылдың 11 қыркүйегінде АҚШ-та болған жарылыстан бері 18 жыл өтіпті. Сол кезде 4 жолаушылар ұшағын “Әл-Каида” ұйымының өкілдері басып алған еді. Террористер басып алған ұшақтың бірін Пентагондағы ғимаратқа, қалғанын Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығына бағыттады. Үш мыңға жуық адам қаза тауып, алты мыңға жуығы жараланды. Уақыт өте келе мәдени қоғамда бұл трагедия “9/11” деген атқа ие бола бастады және көптеген қауесеттер мен теориялардың тууына түрткі болды. 

Вконтакте желісінде “Дух Времени” (Zeitgeist) атты жалған-деректі фильм шыққан кезде көбіміз мектепте немесе колледжде оқып жүген едік. Үш бөлімнен тұратын бұл фильм жалған әрі аңызға айналған ақпаратқа толы болды, соның ішінде “9/11” трагедиясы да бар еді. Ресейде бұған әлі күнге дейін сенетіндер бар.

Күні кеше біз Ресейлік БАҚ өкілдерінің теракт болған уақыттың алдында коғамдық пікірді қалай манипуляция жасағанын талдаған болатынбыз. Ал, бүгін “9/11”-ге байланысты танымал фейктерді талдап көрдік.

Мұнараларды ішінен де жарған

“9/11” туралы миф пен шындық

Ең танымал конспирологиялық теориялардың бірі – “Дүниежүзілік сауда орталығының қирау” теориясы. Теория жақтастары ғимараттың құлауын тек ұшақтардың соқтығысуынан ғана емес, сонымен қатар, оны бұзумен де байланысты деп отыр. NIST (АҚШ Ұлттық стандарттар және технологиялар институты) эксперттері өздерінің соңғы есебінде мұнараның құлауын түсіндіруге жалпы қабылданған нұсқа жетерлік деген шешімге келді. 

“История подрыва Америки” кітабының авторы Брент Бланшар есімді журналист “9/11”-ге байланысты танымал фейктерді қайта жаза келе, жарылыстан кейін 8 ай бойы жүргізілген тазалық кезінде жарылғыш заттардың табылмағандығы әрі құжатталмағандығы “мұнараны бұзу” теориясын түсіндірмейтініне сенімді. Сыни анализге толы Бланшардың зерттеуін implosionworld.com сайтынан оқи аласыздар.

Ұшақ болған жоқ

“9/11” туралы миф пен шындық

Келесі бір теорияның жақтастары Пентагондағы шабуылға көп назар аударады. Кейбіреулері ұшақты әдейі құлатпады десе, басқалары АҚШ Қорғаныс Министрлігі штаб-пәтеріне ешқандай ұшақтың соғылмағанына сенімді. “9/11 Truth Movement” қозғалысының зерттеушісі Джим Хоффман 911review.com сайтында Пентагон шабуылына қатысты барлық негізгі қателіктер мен мифтерді талдап берді.   

Азаматтық құрылыс университетінің профессоры Пердью өзінің “Debanking 9/11 myths: Special Report” атты материалында Пентагондағы ракеталық жарылыс теориясының қате екендігін түсіндіріп берді.  

Төртінші әуе-лайнерін атып құлатты

“9/11” туралы миф пен шындық

11 қыркүйекте жаулап алынған төрт ұшақтың бірі жолаушылар мен экипаж мүшелерінің террористерге қарсы бүлігінен кейін, өзінің діттеген жеріне жетпей, Пенсильванияда құлағанын білеміз. Сонымен қатар, осы бір теорияға байланысты ұшақты ӘӘК-тің АҚШ-ғы реактивті ракетасы атып түсірді деген мифтер де кездеседі. Американдық зерттеуші Фил Моленің бұл мифті жоққа шығарған материалы “Sceptic” басылымында жарыққа шыққан болатын.  

Тағы нені көруге және оқуға болады?

Танымал БАҚ өкілдері, ғылыми-танымдық телеканалдар да өздерінің медиаларында мифтердің жалған екенін көрсетті. National Geographic “11 сентября. Наука и заговоры” атты деректі фильм түсірді, оны  You Tube-тан көре аласыздар. 

Түсірілімге криминалистика, компьютер және инженер-құрылысшы саласының мамандары қатысты. Мұнаралардың қирау моделін виртуалды әрі шынайы түрде жасап көрді. 

Histotry Channel өзінің “Теории заговора о 9/11: факты или выдумка” атты арнайы жобасында ӘӘК-нің АҚШ пилоттарының сөйлескен жазбаларын және Солтүстік Америка аэро-ғарыш қорғанысы бұйрықтарын жариялайды. Куәгерлерден сұхбат алып, “9/11” туралы ең танымал теорияларды егжей-тегжейлі қарастырды.

Егер сізде осы ақпаратты оқуға немесе карауға уақытыңыз болмаса, онда The Guardian-ның осы оқиғаға 10 жыл толуына байланысты “Теории заговора о 11 сентября развенчены” атты мақаласына назар аударып көріңіз. Бұл жерде террактге қатысты негізгі мифтердің жалған екендігі қысқаша жазылған.          

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz