#3 эпизод «Коронавирус жайлы соңғы фэйк ақпараттарға шолу»

Құрметті оқырман!
Сіздердің назарларыңызға Factcheсk.kz сайтының подкасын ұсынып отырмыз. Бұл жерден алдын ала жазылған подкастардың аудиосын тыңдап немесе қаз қалпындағы мәтінін оқи аласыздар. Подкаст медиасауат пен фактчекингке және оқырмандардың критикалық ойлауын дамытуға бағытталған. Жоба Конрад Аденауэр атындағы қордың қолдауымен жарық көреді. Ендеше кеттік
.


Сәлем достар! Менің есімім – Әсем. Бұл Shyndyq подкасты. Алдыңғы эпизодтарды тыңдаған болсаңыздар, фэйктер және вирус жайлы сұхбат болған. Ал 3 эпизодтымызда осы уақытқа дейін Factcheck.kz редакциясы анықтаған коронавирус туралы бірнеше фэйк жаңалықтарға шолу жасаймыз. 

1.Әлеуметтік желілер мен елдегі ақпарат құралдарында “COVID-19 вирусын жасаған АҚШ ғалымын қамауға алынғаны” жайлы ақпарат тарады. Алайда бұл ақпарат  – жалған.

Өкінішке қарай, бұл фэйк ақпаратты Айқын, Hola news, Kazweek, Adirna, Егемен Қазақстан,Түркістан,Қазақ газеттері,Qyzylorda News секілді беделді қазақстандық басылымдар және бір телевизиялық арна Алматы ТВ эфирге шығарды. Басылымның бір бөлігі оқырмандар мен көрермендерден кешірім сұрады, ал қалғаны мақаланы оқырмандарға түсініктеме бермей, алып тастапты. Ал кейбірінде сайттарында әлі тұр. 

Шыныменде АҚШ-та Чарльз Либер есімді ғалым тұтқындалды. Бірақ ғалымның Қытайға қатысы болғанымен вирусқа қатысы жоқ.

Гарвард университетінде ұстаздық етіп және басқа лабараторияның басшысы бола тұра Либер отанында демеуші іздеген.

Мемлекеттік гранттарды алу үшін ғалым басқа университеттер мен мемлекеттердің материалдық қолдауы туралы ескерту керек еді. Алайда Либер қытайлық грант берушілер туралы ақпаратты жасырып қалған. Оны сол әрекеті үшін және тыңшылық жасауы мүмкін деп тұтқындаған болатын.

Бұл жерде ухань вирусология институтының зертханасы туралы айтылмаған. Либердің өзі вирусолог емес, ол химик, ал оның тергеу жұмысында коронавирус туралы сөз болмаған.

 2. Дәрігер мен полиция коронавирусты анықтау үшін үйге келетіні рас па? Осындай ақпарат ватс аппта кеңінен таралды. 

Жазбада былай дейді:

Дәрігерлер полицейлермен бірге барлықтарыңызға (үйлеріңізге) барады. Вирусты анықтайтын кез кезлген тесттен бас тартыңыз. Содан кейін олар екінші рет тексеруден өтуге мәжбүрлейді және ол вирустың бар екенін көрсетеді. Вирустың бар екені анықталғаннан кейін, сіздерге екпе салғызады. Жоспар бойынша, адамдар жарты жылдан кейін дүниеден өте бастайды. Сіз мынаны естен шығармаңыз: тест(вирусты анықтайтын), бұл өз еркіңізбен болатын іс. Егер олар шектен шықса, полиция тұрғанына қарамастан, полиция қызметкерін шақырыңыз. Сосын хаттама бойынша мәжбүрлеу туралы шағым жазыңыз. Олар, полиция қызметкерін шақыра бастағанда кете бастайды. Мәжбүрлеу заңсыз болғандықтан қорқып, кетіп қалады. Деген фэйк таралды.

Бұл ақпарат – жалған

Біріншіден, Қазақстанда коронавирусты анықтауға арналған тест ш ектеулі азаматтарға жасалып, арнайы зертханада вирусты анықтауға тест өткізіледі.

Екіншіден, бұл ақпарат Ресейде де таралған екен. Қазақстан желілерінде РФ (Ресей Федерациясы) сөзі алынғанын байқауға болады.

Үшіншіден, коронавирусқа қарсы вакцина табылмағанын ұмытпағанымыз жөн.

Қымбатты тыңдармандар, Егерде тағы да көз жеткізгіңіз келсе, Factcheck.kz сайтында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы коронавирус бойынша call-орталықпен байланысқан аудио жазба бар, тыңдап көрсеңіздер болады.

3. Zoom платфлормасы расымен қауіпті ме? 

Қазіргі таңда онлайн кездесу, дәрістер, вебинарлар өткізетін,  көп қолданатын платформалардың бірі. Қаскүнемдер Zoom қолданушыларының дербес деректерін ұрлай алатыны туралы бірқатар материал жарық көргеннен кейін академиялық ортада үрей пайда болды. Коронавирус пандемиясына байланысты қашықтан оқытуға мәжбүр мұғалімдер конференцияға арналған бұл бағдарламаның баламасын іздеп әлек.  Уайымдайтын себебі бар, өйткені ЦАРКА (Қазақстандағы кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығы) былай хабарлайды:

Zoom-да жиілеп кеткен қателіктер Қазақстан үшін қауіп төндіруі мүмкін. Танымалдылығы бойынша қазір әлемде барлық рекордты бұзып жатқан Zoom бағдарламасының екі осал тұсы анықталды. Қателіктердің бірі қаскөйлер Windows операциялық жүйесінің құпиясөзін ұрлай алады. Екінші осал тұсы – MacOS пайдаланушының рұқсатынсыз микрофон мен камераға кіруіне мүмкіндік береді. Егер қысқа мерзімде мәселе жойылмаса Қазақстан жаппай шабуылға ұшырауы мүмкін. Оның ішінде Zoom-ның уақытша аса танымалдылығының салдарынан инфрақұрылымға да шабуыл жасалуы ықтимал.

Бағдарламаны жасаушыларға бағытталған наразылыққа қарамастан басқа да бағдарлама жасаушылар қоғамның қысымы күшейіп,  олар қателіктерді түзетуге тырысып жатыр (кейде операциялық жүйе жасаушыларының өзі түзетеді). БІРАҚ (!) қауіпсіздіктің басты мәселесі бағдарламаның өзінде емес, оны пайдаланушылардың қауіпсіздік ережелерін сақтамауында. 

Zoom-ның шынында осал тұстары анықталды, ол әсіресе Windows-қа арналған нұсқасында. Егер бұл сізді алаңдатса – түзеткенін күтіңіз (бір бөлігі шығып қойды), браузерлік нұсқаға көшіңіз немесе балама бағдарламаны пайдаланыңыз.

Жалпы, құрметті тыңдармандар сіз дербес деректеріңізге, камераға, микрофонға, жесткий диск пен сақтауға қолжетіміділік беретін кез келген бағдарлама – қауіпті. Хакерлер танымал бағдарламаларды үнемі бұзуға тырысады және олардың қолынан келеді. Біздің ойымызша, WhatsApp пен WeChat Zoom-ға қарағанда әлдеқайда қауіпті- дейді Фактчек редакциясы.

4. Италия тұрғындары көшеге ақша шашып жатыр деген жазбамен – жерде шашылып жатқан ақшалардың фотосымен желіде тарады.

“Италия тұрғындары ақшаларын өлімнен құтқармайды деп, көшедегі жолдарға шашып жатыр. Егер сіз бай болсаңыз, мұны мұқтаж адамдарға қызмет етуге және көмектесуге жұмсаңыз. Адамзат үшін сабақ болары сөзсіз”- деген жазба желіде, Whatsapp және Telegram мессенджерлерінде кеңінен тарады.

Бұл жалған, достар.

 Желіде таралған суреттің Италияға еш қатысы жоқ.

Ол 2019 жылдың 11 наурызында Венесуэлада түсірілген. Бір топ ер азамат Мерида қаласының ең ескі банктердің бірін тонап, гепиринфляцияның салдарынан құнын жоғалтқан боливарды өртеп, көшеге лақтырған. Жергілікті БАҚ, шашылған ақшалардың көбісі жарамдылығы жоғалтқан құны жоқ купюралар екенін айтады.

5. Коронавирус белсіздікке себеп бола ма? Осындай ақпарат желілерде көп таралды. 

12 наурызда Хубэй провинциясы халық үкіметінің ресми сайты COVID-19 вирусы белсіздікке әкелетіні туралы мақала жариялады. Мақала Қытайда бұқаралық резонанс тудырып, әлеуметтік желіде талқылана бастады. Жарияланған мақала бірнеше сағаттан кейін ресми сайттан алынып тасталғанына қарамастан, көптеген халықаралық БАҚ жаңалықты таратып үлгерді. Мысалы, Интерфакс Москва: «Ғалымдар ерлердің репродуктивті денсаулығына коронавирустың зияны туралы хабарлады», ал Global Times: «Коронавирус аталық безге зиян, ерлердің белсіздігін тудыруы мүмкін» деді. 

Factcheck. Редакциясы  «COVID-19-бен ауырып шыққан ерлер кейін белсіздікке тап болады» деген ақпараттың қаншалықты рас екенін тексерді.. 

Біріншіден, Жарияланған баяндама клиникалық зерттеуден өтпеген. Бірнеше сағаттан кейін үкімет сайтынан алынып та тасталыпты.

Айта кетейік, MedR xiv.org ресурсы ғылыми және медициналық қауымдастық әлі қабылдамаған және мақұлдамаған мақалаларды жариялай береді, сондықтан оларда қате де, нақты анықталмаған ақпарат болуы мүмкін. Халықаралық медициналық қауымдастық растамаған зерттеулердің негізінде COVID-19 вирусы еркектің белсіздігіне әкеледі деп айту – қате.

Яғни, бұл жерде манипулиясың әсерін байқап отырмыз.

6. 42 500 теңге: алаяқтар фейк Telegram-боттар жасады.

Telegram-да әлеуметтік төлемді рәсімдеу процедурасын жеңілдетуге арналған ресми бағдарламаға ұқсас етіп жасалған жалған боттар пайда болды. Telegram іздеу жолағында EgovKzBot2.0 бот атауын енгізген кезде бірнеше бот пайда болады. Сол себепті түпнұсқаны табу қиындайды.

ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі онлайн қызметті https://t.me/Kenes1414Bot арнайы сілтемесі арқылы алуға болатынын хабарлады. Подкастың астына барлық  сілтемені қалдырамын.

7. Алматыда коронавирусқа байланысты суды өшіру туралы хабар жалған болып шықты.

Тағыда WhatsApp желісінде Алматыда су арнасы дезинфекцияға жабылып жатыр деген хабар таратылды.  Бұл жайлы «Казинформ» «Алматы су» кәсіпорны бұл хабарламаға түсініктеме берді. «Алматы қаласында сумен жабдықтау қызметі үздіксіз жұмыс істеуде. WhatsApp мессенджері арқылы Алматыда төрт күнге су өшіріледі деген ақпарат шындыққа сай емес. Аталған кезеңде суды өшіру жоспарланбаған», – дейді кәсіпорынның баспасөз қызметі.


Құрметті тыңдармандар, осымен жалған ақпараттар легі аяқталды. Жоғарыда айтылған ақпарат сіздің медиабіліміңізге әсер етті деп үміттенеміз. Тек шынайы ақпаратты оқуға тырысайық және қолдарымызды жуып, үйде отыруды ұмытпаймыз.

Келесі эпизоттарда кездескенше!

Factcheck.kz