2 млн қазақстандықтың кедейлікте өмір сүретіні рас па?

24.kz 2 миллион қазақстандық кедейлікте өмір сүреді деп хабарлады. «Хабар» тілшісінің мәліметіне сенсек, бұл ресми мәлімет атаулы әлеуметтік көмек алуға қабылданған өтініштер негізінде жасалған. Дегенмен «Хабар» тілшісі ешқандай дереккөзге сілтеме бермеген. Ашық мәліметтердің көмегіне жүгініп тексеріп көрейік.

2 миллион қазақстандық кедейлікте өмір сүреді. Мұндай ресми
ақпарат атаулы әлеуметтік көмек алуға қабылданған өтініштер санының негізінде жасалды. Материалда кедейлік индикаторы ретінде АӘК алуға өтініш берген адамдар саны таңдалған.

Хабар-24

Материалда кедейлік индикаторы ретінде АӘК алуға өтініш берген адамдар саны таңдалған.

Яғни екі миллион қазақстандық кедейлікте өмір сүреді деген мәлімдеме тек жәрдемақыға өтініш берген адамдар санына негізделген. Бұл сандар берілген өтініштердің нешеуі әлеуметтік көмек алу ережелеріне сәйкес келетінін есептемейді.

Статистика комитетінің мәліметінше тұрғындардың 4.3%-ы немесе шамамен 800 мың адам кедейлікте өмір сүреді. Төмендегі кестеде 2019 жылдың екінші тоқсаны қалалар мен облыстар бойынша көрсетілген.

Қазақстан Республикасы 4,3
Ақмола 4,6
Ақтөбе 2,7
Алматы 3,3
Атырау 3,1
Батыс Қазақстан 3,8
Жамбыл 5,8
Қарағанды 2,5
Қостанай 3,4
Қызылорда 4,7
Маңғыстау 4,2
Оңтүстік Қазақстан
Павлодар 3,9
Солтүстік Қазақстан 5,1
Түркістан 11,2
Шығыс Қазақстан 4,5
Нұр-Сұлтан қ. 0,9
Алматы қ. 2,6
Шымкент қ.

Қазір АӘК-ті екі миллион адам мен 405 мыңнан аса отбасы алады.

Хабар-24

Бұл жерде де тілші ешқандай дереккөзді көрсетпеген. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің 2019 жылдың 1 шілдесіндегі мәліметіне сәйкес жаңа форматтағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек кірісі кедейлік шегінің мөлшерінен де аз 1574,0 азаматқа тағайындалған. Бұл 1,5 миллион адам.

Атаулы әлеуметтік
көмек
Баспанаға көмекМүгедек балалардың оқу шығынын өтеуге арналған көмек
Алушылар (мың адам)Орташа мөлшері
(теңге)
Алушылар
(мың отбасы)
Орташа мөлшері (теңге)Алушылар
(мың адам)
Орташа
мөлшері
(теңге)
157413471,746,63928,812,75329,1

Атаулы әлеуметтік көмек шартсыз және шартталған қаржылай көмек түрінде беріледі. Шартсыз қаржылай көмек аз қамтылған отбасылар мен тұлғаларға беріледі. Шартталған көмек аз қамтылған отбасылар мен тұлғаларға еңбек белсенділігі шартымен беріледі.

ЕӘҚМ мәліметі бойынша Шартсыз қаржылай көмек 1939 мың адамға, ал шартталған қаржылай көмек 1380 мың адамға тағайындалған.

UPDATE 10.10.2019

ЕӘҚМ-дың 08.10.2019 күнгі соңғы мәліметі бойынша: Осы жылдың тоғыз айында АӘК 417 мың отбасыға немесе 2,1 млн адамға тағайындалған. АӘК-тің бір адамға шаққандағы орташа мөлшері 2,5 есеге, яғни, 6848-ден 16 446 теңгеге дейін өскен. Орташа есеппен бір отбасыға 90 мың теңге шығады, бір айда максималды тағайындалған сомма – 455 мың теңге. Осы жылы АӘК-ке 206,2 млрд теңге қарастырылған, оның 146,4 млрды төленіп қойды.

Неге мәліметтер әртүрлі?

Кедейлікте өмір сүретін адамдар санына қатысты Еңбек министрлігі мен статистика комитеті әртүрлі мәлімет келтіріп отыр. Оған себеп, министрліктің мәліметтері АӘК алған адамдар санына негізделген. Статистика комитетінің кірісті есептеу әдісі бойынша мекеме мәліметтері үйшаруашылығын зерттеу арқылы жасалады. Нақтырақ айтқанда, жеке үйшаруашылығының кірісі республикалық деңгейге көтеріледі.

Қорытынды

  • Қазақстанда кірісі ресми бекітілген кедейлік шегінен аз тұрғындарсаны – 4,3 %.
  • Дегенмен, Статистика комитеті мен ЕӘҚМ мәліметтері әртүрлі.
  • Соңғысына сәйкес, аз қамтылған азаматтар шамамен – 8,1%.Сонымен қатар, Қазақстандағы кедейлікті анықтау қырлары жұмсақ айтқанда әлемдік стандарттарға сәйкес келмейді. Дегенмен соңғы екі жылда бұл көрсеткіш аз да болса теңесті (төмендегі мәліметті қараңыз), сол себепті 2019 жылы біз шамалы болса да шындыққа сәйкес келетін бейнені көреміз.
  • «Хабар 24» тілшісі бағалау үшін сәтсіз индикаторды таңдағанымен, шын мәнінде бейне тіптен естен тандырады.

Контекст: АӘК дегеніміз не

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек дегеніміз – облыс, мемлекеттік
маңызы бар қалалар, астанада бекітілген жан басына шаққандағы кедейлік
шегінің мөлшерінен аз алатын тұлғаларға берілетін шартты және шартталған
негізде қаржылай көмек.

Атаулы әлеуметтік көмек кімдерге тағайындалады?

ҚР-да атаулы әлеуметтік көмекті жан басына шаққандағы табысы
кедейлік шегінен аспайтын тұлғалар алады. Жан басына шаққандағы кіріс ортақ табысты отбасы мүшелеріне және үш айға бөлу арқылы тоқсан бойынша жасалады.

Кедейлік шегі деген не?

Бұл атаулы әлеуметтік көмекті анықтауда негізгі шарт болатын, бір адамның минималды шығындарын қанағаттандыратын кірістің шегі.

Ресми түрде Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығы бойынша 2019 жылдың 1 қазанынан Қазақстандағы кедейліктің шегі күнкөріс минимумының 70%-ы. Қазақстандағы күнкөріс минимумы 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 29 698 теңге.

Чингиз Уалихан