«Таразыны» қалай анықтаймыз?

Factcheck.kz сайтындағы негізгі жарияланымдарда жан-жақты талдаудан кейін үкім шығарылады, үкімнің жіктемесі төмендегідей («таразы»):

  • «ШЫНДЫҚ»— фактчекинг нысаны (мәлімдеме, оқиға, жаңалық, келтірілген деректер, цитата, сурет, түсірілім немесе құжат) тиісті фактілермен 100% дәлелденеді және анық болып есептеледі.
  • «ЖАРТЫЛАЙ ШЫНДЫҚ»— фактчекинг нысаны жартылай нақтыланады немесе нақты болмайды, аздаған қателіктері болады, дұрыс түсіндірілмеген болады, деректер өзекті болмайды немесе жалпылама түсінік пайдаланылады.
  • «ЖАЛҒАН»— ұсынылған ақпарат шындыққа жанаспайды (оқиғаның орны, уақыты, қатысушылары, мән-жайы) немесе мәлімдеме мүлдем жоқ деректер негізінде жасалған.
  • «МАНИПУЛЯЦИЯ» — қоғамдық пікірге ықпал ету мақсатымен қасақана бұрмаланған, асыра/кемітіп көрсетілген немесе «контекстен жұлынып алынған» деректер, белгілі тұлғалардың/оқиғалардың деңгейін, мәртебесін асыру не түсіру мақсатымен айтылған деректер, қолжетімді ақпаратқа шектеу, шынайы жағдайды жасырып қалу.
  • «ҮКІМІ ЖОҚ» — дәлелдемелердің жеткілікті болмауына орай немесе мүмкін болмағандықтан шындық не жалған екенін дәлелдеу мүмкін болмаған жағдайлар.
  • Жекелеген жағдайларда редакция эксперттерден тұратын жұмысшы топ құрып, үкім шығаруды осы топқа қалдыра алады.