ЖАРТЫЛАЙ ШЫНДЫҚ | ҚР Мәдениет министрлігі: Үстіртте тарихи және мәдени ескерткіштер жоқ

2016 жылы Ақтауда көшпелі жиын өтіп, онда Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының (МТҚ) аумағын кеңейту және кейіннен оны бірегей табиғи және мәдени мұра ретінде ЮНЕСКО тізіміне енгізу мүмкіндігі талқыланған болатын. Үстірт МТҚ – республикалық деңгейдегі айрықша қорғалатын табиғи аумақ, ол Дүниежүзілік мұраның әлеуетті нысаны ретінде ЮНЕСКО талаптарына жауап береді. Қорық аумағын кеңейтсе, бұл критерийлерге толық сәйкес болуға оң ықпал етер еді, мұны халықаралық сарапшылар тобы бірнеше жылдан бері айтып келеді. Алайда, Үстірт МТҚ Дүниежүзілік мұра тізіміне енуіне Қансу газ кен орнын игеру кедергі келтіру мүмкін.

Үкім: Жартылай шындық

Қарақия ауданының аумағында 7 республикалық маңызы бар, 57 жергілікті маңызы бар ескерткіш бар. Тікелей Үстірт қорығында 3 ескерткіш бар, олар: Көкесем, Қаражар, Балуанияз қорымдары. Қорымның аумағы кеңейген жағдайда ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұрасы тізіміне бірден 3 ескерткіш кіретін болады, оның ішінде Бекет Ата жерасты мешіті де бар. Үш қорыммен салыстырғанда, бұл мешіт республикалық маңызы бар қала құрылысы және сәулет ескерткіші. Сонымен бірге, ғалымдар Үстірт шыңдарын бойлай орналасқан арандар, яғни кезінде аңшылық мақсатта қолданылған ежелгі тас құрылыстың ғылыми және тарихи маңызы бар деп есептейді.

ЖАРТЫЛАЙ ШЫНДЫҚ | ҚР Мәдениет министрлігі: Үстіртте тарихи және мәдени ескерткіштер жоқ
Карта «Пернатые хищники и их охрана» журналынан, № 31

Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары және мәслихат депутаттары, Қарақия ауданы әкімінің орынбасары, Сенек ауылының әкімі, БҰҰ даму бағдарламасы, ЮНЕСКО, Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ислам ұйымы өкілдері, Маңғыстау облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, «ҚазТрансГаз» АҚ, «ҚМГ-Қансу оперейтинг» АҚ, Үстірт МТҚ және Маңғыстау тарихи-мәдени қорығы, «Арника» және «Эко Маңғыстау» ҮЕҰ өкілдері және басқа да мамандар қатысқан көшпелі жиында 14.09.2016 жылғы №09-05/142 хаттамасында көрсетілген шешім қабылданды:

ЖАРТЫЛАЙ ШЫНДЫҚ | ҚР Мәдениет министрлігі: Үстіртте тарихи және мәдени ескерткіштер жоқ
Скан 14.09.16 жылғы №0905/142 хаттамасынан

Мұндай шешім қабылдауға тыңдалған баяндамалар да негіз болды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер мәселелері департаменті директорының орынбасары К.К.Сейітова мен Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының директоры Н.А.Құлбаевтың сөздері айрықша назар аударарлық:

ЖАРТЫЛАЙ ШЫНДЫҚ | ҚР Мәдениет министрлігі: Үстіртте тарихи және мәдени ескерткіштер жоқ
Скан 14.09.16 жылғы №0905/142 хаттамасынан

Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы облыстық мәдениет басқармасына бағынады (яғни, ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне бағынады). Оның міндеттеріне ескерткіштерді анықтау, мемлекеттік тіркеуге алу, ғылыми зерттеу жүргізу және төлқұжаттау, күзет шараларын ұйымдастыру, консервация және реставрация жұмыстарына бақылау жасау, археологиялық зерттеу жүргізу және оның жүргізілуіне бақылау жасау, халық арасында насихаттау және жаппай ағарту ісі кіреді. Бұл мекемеде «Республикалық қорғау категориясындағы мемлекеттік тіркеудегі ескерткіштер тізімі» құжатын пайдаланады, оған сәулет және қала құрылысы, ансамбльдер мен археология ескерткіштері, соның ішінде республикалық (21) және жергілікті (429) категория енген.

ЖАРТЫЛАЙ ШЫНДЫҚ | ҚР Мәдениет министрлігі: Үстіртте тарихи және мәдени ескерткіштер жоқ
«Республикалық қорғау категориясындағы мемлекеттік тіркеуде тұрған ескерткіштер тізімі» құжатының скриншоты

Үстірт ұлттық табиғи қорығының қазіргі аумағындағы археология ескерткіштері мұнымен шектелмеуі мүмкін, өйткені, сарапшылардың айтуынша, бұл аумақта толыққанды іздестіру жұмыстары жүргізілмеген.

39-бап. Аумақты игеру кезінде тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету

      1. Аумақтарды игеру кезінде жер учаскелері бөліп берілгенге дейін тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау жөнінде зерттеу жұмыстары жүргізілуге тиіс.

      2. Тарихи, ғылыми, көркемдік және өзге де мәдени құндылығы бар объектілер табылған жағдайда, жеке және заңды тұлғалар одан әрі жұмыс жүргізуді тоқтата тұрып, бұл туралы уәкілетті органға хабарлауға міндетті.

      3. Тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталып тұруына қатер төндіруі мүмкін жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады.

      Ескерту. 39-бап жаңа редакцияда – ҚР 2007.07.21 N 307 Заңымен.

40-бап. Археологиялық ескерткіштерде қазба және барлау жұмыстарын жүргізу

      Археологиялық ескерткіштерде қазба және барлау жұмыстарын жүргізуге лицензиясы бар болған жағдайда ғана жол беріледі.

      Қазақстан Республикасының аумағында тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарына лицензияны облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарымен келiсiм бойынша уәкiлеттi орган береді.

      Қазақстан аумағындағы археологиялық зерттеулер нәтижесінде Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалары алған барлық материалдар мен олжалар ғылыми тіркелгеннен және өңделгеннен кейін уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының мемлекеттік музейлеріне беріледі. Оларды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкетуге тыйым салынады.

      Ескерту. 40-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 2004.12.20 N 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді), 2007.07.21 N 307; 28.10.2015 № 368-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

41-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштерін әкелу және әкету

      Ескерту. 41-бап алып тасталды – ҚР 28.10.2015 № 368-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» заңы

ЖАРТЫЛАЙ ШЫНДЫҚ | ҚР Мәдениет министрлігі: Үстіртте тарихи және мәдени ескерткіштер жоқ
Арандар – аң аулауға арналған ежелгі тас құрылыс. Фото А.Петровтікі

Маңғыстауды жергілікті тұрғындар ашық аспан астындағы мұражай деп атайды. Бірегей табиғаты мен көптеген діни нысандар Үстіртке әр елден туристер мен қажылардың келуіне ықпал етеді. Жүздеген жыл бұрын бұл жерден Ұлы Жібек жолы өткен, өткен ғасырдан бастап шектеулі аумақ Үстірт қорығына қосылған, ғалымдар тарихи ескерткіштерді ашуды жалғастыруда, тек Мәдениет және спорт министрлігіндегі шенеуніктер ғана олардың бар екеніне күмән келтіреді. Сарапшылардың пікірінше, Үстірттегі айрықша қорғалған табиғи аумақ жиынтығы ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұрасының бірқатар табиғи (кемінде 3 критерий) және мәдени (кемінде 2 критерий) критерийлеріне жауап береді. Осылайша, бұл аумақта Дүниежүзілік мұраның аралас нысаны анықталып, сондай номинация берілсе, бұл тек Қазақстан ғана емес, Орта Азия көлеміндегі алғашқы осындай нысан болмақ. Мұндай кластерлі нысанды ЮНЕСКО тарапынан бекіту мүмкіндігі өте жоғары және ол Маңғыстау облысының «көзірі» болып, бұл өңірдің әлемдік деңгейдегі туристік нысанға айналуына ықпал етуі мүмкін.

Аударған Жұлдыз Әбділда

Factcheck.kz