ЖАЛҒАН | Күнкөріс минимумы шығындарға сәйкес келеді

Мемлекет басшысы 31 қаңтар күнгі Қазақстан халқына Жолдауында күнкөріс минимумын қайта қарау керектігін айтты: «Ол қазақстандықтардың шынайы тұтыну шығындарына сай болуы керек. Бұл 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап үш миллион адамның базалық зейнетақысын, мүгедектердің, асыраушысынан айырылған отбасылардың, атаулы көмек алатындардың және мүгедек бала тәрбиелеп отырғандардың жәрдемақысын көбейтуге мүмкіндік береді. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмекті күнкөріс минимумының 40 пайызынан 50 пайызға дейін көтеруге және оның жаңа форматын енгізуге мүмкіндік береді».

Үкім: Жалған

Маусымдық ерекшеліктеріне орай кейбір өнімдерді сатып алмаған күннің өзінде Астанада да, Алматыда да 14 675 теңгеге ең қажетті деген заттарды сатып алу мүмкін болмады. ҚР азық-түлік себетінің тізіміндегі өнімдерді сатып алу үшін Астана қаласында айына 16 375 теңге жұмсалса, Алматы қаласында бұл көрсеткіш 19 510 теңге болды.

ҚР «2017-2019 жылдардағы республикалық бюджет туралы» заңына сәйкес, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда күнкөріс минимумының мөлшері (КММ) 24 459 теңге.

Яғни, күнкөріс минимумы ең төменгі тұтыну себетіне тең деген сөз. Ал ең төменгі тұтыну себеті дегеніміз – адамның өмір сүруіне аса қажетті азық-түлік өнімдерінің, тауарлар мен қызмет түрлерінің ең төменгі жиынтығы.

Бұл соманың 60%-ы азық-түлікке, ал қалған 40%-ы азық-түліктен тыс тауарлар мен қызметке арналған. Яғни, азық-түлікке әр қазақстандық кемінде айына 14 675 теңге жұмсауы керек. Біз бұл қаражат ҚР азық-түлік себетінде бекітілген азық-түлік өнімдерін алуға жететін-жетпейтінін анықтауға тырысқан едік.

Открытый диалог порталындағы өз блогында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова бұған қатысты былай деп жауап берген болатын:

«Қазіргі азық-түлік себетінің құрамы 2005 жылы халықаралық сарапшылар мен Қазақ тағамтану академиясының ұсынуы бойынша, азық-түлік өнімдерін тұтынудың ғылыми негізделген физиологиялық мөлшеріне сай бекітілді. 2005 жылы азық-түлік себетінің құрамы өзгеріп, азық-түлік өнімдерінің түзімі кеңейді, қазіргі таңда онда 43 түрлі өнім бар». (Screenshot_11)

Біз азық-түлік себетінде көрсетілген 43 түрлі өнімді Астанада және Алматыда сатып алып көрдік. Төмендегі кестеде базардағы, дүкендегі және супермаркеттердегі баға көрсетілген. Эксперимент дұрыс болуы үшін мейлінше арзан жерлерден алуға тырыстық. Сондай-ақ, сауда орындарының қаланың орталығында болуына мән бердік. Атап айтқанда: «Астаналық базар» (Артем), «Еуразия» сауда үйі жанындағы «Жәрмеңке», «Еуразия» сауда үйінің ет павильоны, Magnum, Green супермаркеттері. Алматыда Magnum, Рамстор супермаркеттері мен көшедегі базарлар таңдалды.

Азық-түлік себетінің құрамы

Азық-түлік Қазақстан Республикасы халқы үшін төменгі тұтыну мөлшері

(Грамм/ айына)

Астана қаласындағы баға

2017 жылғы

ақпан (теңге/кг)

Алматы қаласындағы баға

2017 жылғы ақпан

(теңге/кг)

Астана қаласы бойынша бір айда тұтынуға ұсынылған тауарға жұмсалған ақша

(теңге)

Алматы қаласы бойынша бір айда тұтынуға ұсынылған тауарға жұмсалған ақша

(теңге)

Байытылған бидай ұны

1-сұрып

1083 200 163 217 177
1-сұрыпты байытылған бидай ұнынан жасалған нан

 

5892 158 220  

931

 

1296
Қара бидай наны 2583 328 372 847 960
Қара нан 400 325 325 130 130
Макарон өнімдері 367 150 167 55 61
Күріш 708 240 690 170 487
Қарақұмық 167 350 694 59 116
Сұлы жармасы 167 428 1137 72 190
Жарма 167 220 383 37 64
Бұршақ 167 190 383 32 64
Картоп 7917 100 175 792 1386
Қырыққабат 2083 90 82 188 171
Сәбіз 1667 120 99 200 165
Пияз 1667 120 89 200 148
*Қызанақ маусым-қазан аралығы
*Қияр маусым-қазан аралығы
Қызылша 417 150 123 63 51
**Бақша өнімдері (қарбыз) тамыз-қазан аралығы
Жемістер (алма) 2083 300 300 625 625
**Жидектер (жүзім) тамыз-қазан аралығы
Кептірілген өрік 42гр 1500 3325 63 140
Қант 1500 250 225 375 338
Сиыр еті 1250 1500 1799 1875 2249
Шошқа еті 750 1915 1869 1436 1401
Қой еті 525 1500 2505 788 1315
Құс еті 417 857 765 357 319
Жылқы еті 267 1800 2479 481 662
Шұжық 250 1700 докторская 2200 телячья 425 550
1-категорияға жататын субөнімдер (бауыр) 33 1129 1055 37 35
Балғын және/немесе мұздатылған көксерке 700 2684 1029 1879 720
Сүт, литрі 7 литр 195 325 1365 2275
Қаймақ, майлылығы 20% 267 925 1013 247 270
Майлылығы аз сүзбе 408 800 1338 326 546
Ірімшік 192 2509 1889 482 363
Сары май 367 1600 3295 587 1209
Жұмыртқа, дана 12 дана 35

теңге/дана

42,5

теңге/дана

420 510
Сұйық май 583 420 395 245 230
Маргарин 125 700 590 88 74
Майонез 42 790 671 33 28
Шай 56 3143 2833 176 159
Ас тұзы 183 355 37 65 7
Ашытқы 4 1770 4750 7 19
Дәмдеуіштер 2
 

БАРЛЫҒЫ

16 375  

19 510

Ескерту: азық-түлік себебі қайсыбір өнімнің маусымына орай өзгеріп отырады:                                                                                      *қызанақ пен қияр – тұтынудың төменгі деңгейі бес айға бөлінеді (маусым-қазан);                                                                                              **қарбыз, жидектер (жүзім) – тұтынудың төменгі деңгейі үш айға бөлінеді (тамыз-қазан айлары).

Анықтама үшін: Күнкөріс минимумы – ең төменгі тұтыну себетінің құнына сәйкес келетін бір адамға арналған ақшалай кіріс. Күнкөріс минимумының мөлшерін есептеу ережесінде: «Күнкөріс минимумының мөлшерін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ең қажетті азық-түлікке жатпайтын тауар мен қызмет түрлерінің ең төменгі шегіне орай есептелген азық-түлік себетінің бағасына қарай есептейді», – делінген.

Аударған Жұлдыз Әбділда

Factcheck.kz