ЖАЛҒАН | “Фредерике” — соңғы 10 жылдағы ең жойқын дауыл

2018 жылдың 19 қаңтарында қазақстандық және ресейлік БАҚ-та “Еуропадағы соңғы 10 жылдағы ең жойқын дауыл” атты материалдар жарық көрді. Журналистердің келтірген мәліметтерінше “Фредерике” дауылы соңғы 10 жылдағы ең күштісі болған.

Үкім: Жалған

Еуропада болған “Фредерике” дауылы соңғы 10 жылдағы ең жойқын дауыл емес. 

БАҚ-та тараған мәліметтер бойынша, қаңтардағы дауылдың салдарынан 10 адам қаза тауып, желдің максималды жылдамдығы сағатына 140 шақырымға жеткен. Апат Германия, Нидерланд және Бельгия елдерінің аумағында болған. 

ЖАЛҒАН | "Фредерике" — соңғы 10 жылдағы ең жойқын дауыл

Ал Францияның бас метеорологиялық агенттігінің есебінде 2010 жылдың ақпанындағы «Ксинтия» дауылы Германия, Франция, Португалия, Испания, Бельгия, Нидерланд және Люксембург елдерімен өткендігі айтылған. Желдің максималды жылдамдығы сағатына 150-160 шақырымға жетсе, қаза тапқандардың саны тек Францияда 50-ден асқан. “Ксинтия” дауылының шығыны 2,5 млрд еуродан асқан. Ол “Фредерике” дауылына қарағанда 5 есе зардап әкелген еді. Бұл туралы толық ақпаратты Францияның метео сайтынан табуға болады. 

 

Логико-сенсорный экстраверт, обожающий горький шоколад и фильмы с Джонни Деппом.

Factcheck.kz