МАНИПУЛЯЦИЯ | Сағадиев: Қазақстанға қарағанда, Ресейде жоғары білімді адамдар көп

Ресей Федерациясында жоғары білімі бар халықтың үлесі Қазақстандағы жоғары білімді халықпен салыстырғанда тұтас Қазақстан халқына, яғни 17 миллион адамға артық.

Мұндай пікірді ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 2017 жылдың 12 сәуірінде өткен жоғары білім мәселесіне арналған «3.0 модернизация жағдайындағы Қазақстан ғылымы» атты форумда айтқан болатын.

Үкім: Манипуляция

Қазақстанмен салыстырғанда, Ресейде жоғары білімді халықтың үлесі шын мәнінде артық, алайда бұлай салыстыру дұрыс емес.

Шынында да, Ресейде жоғары білімді азаматтардың саны бізден көп. Министр айтып отырғандай 17 миллионға емес, 25 миллионға артық. Алайда, Ресейдің аумағы мен Қазақстаннан аумағы салыстыруға келмейді. Сондықтан екі елдегі халықтың жоғары білім алу деңгейін пайыздық үлеспен салыстырған дұрыс. Ресейде соңғы халық санағына сәйкес (2010 жыл) 143 436 145 адам тұрады, оларды ішінде жоғары білімі бар тұрғындардың саны 27 540 707, яғни 19,2%.

Қазақстанда 2009 жылғы соңғы халық санағы бойынша 16 009 597 адам тұрады, оның ішінде жоғары білімдісі 2 407 523, яғни жалпы халықтың 15%-ы жоғары білімді. Яғни, айырма аса көп емес, бар болғаны 4,2%.

Журналист, фактчекер, фотограф. Автор factcheck.kz c 2017 года.

Factcheck.kz