МАНИПУЛЯЦИЯ | Досаев: 2016 жылдың қыркүйек айына дейін банк секторының барлық субъектілері үшін жұмыс істемейтін несиені есептен шығаруға қатысты шаралар қолға алынады

Мұндай мәлімдемені Ерболат Досаев 2015 жылғы 28 желтоқсанда ҚР Парламенті Мәжілісінде жасаған болатын.

МАНИПУЛЯЦИЯ | Досаев: 2016 жылдың қыркүйек айына дейін банк секторының барлық субъектілері үшін жұмыс істемейтін несиені есептен шығаруға қатысты шаралар қолға алынады
Скрин: primeminister.kz

Үкім: Манипуляция

2016 жылдың қорытындысы бойынша, банк секторының 2016 жылғы проблемалық несиелерінің жалпы жиынтық сомасы 1 триллион теңгеден асып түсті.

Алайда, «есептен шығару шарасының» соңғы нәтижесі көрсетілмеген: есептен шығару туралы қабылданған шешім мен оның орындалуының арасында айтарлықтай айырма бар.

Айта кету керек, кейбір банктер шара қолданып жатыр: проблемалық қарызды мүдделі коллекторлар мен арнайы компанияларға беріп, сол арқылы беделіне төнетін қауіпті де төмендетті. Алайда, кейбір қаржы институттары, керісінше, өздерінің несие портфелінің жағдайын одан бетер қиындатып алды.

Ұлттық банктің сайтында 2016 жылдың есебі жарияланған, онда банк секторындағы NPL (мерзімі өткен қарыздар) көрсеткішінің 200 миллиард теңгеге төмендегені көрсетілген.

Дәл осы есепте негізгі қарыз және (немесе) есептелген үстеме ақы бойынша қарыз 90 күннен асып кеткен несиенің сомасы 1,0 трлн теңге немесе банктің жиынтық несие портфелінің 6,7%-ы деп көрсетілген.

МАНИПУЛЯЦИЯ | Досаев: 2016 жылдың қыркүйек айына дейін банк секторының барлық субъектілері үшін жұмыс істемейтін несиені есептен шығаруға қатысты шаралар қолға алынады
Скрин: nationalbank.kz

2016 жылы жұмыс істемейтін несиені есептен шығару бойынша қолға алынған негізгі шара ретінде банк операцияларының салық преференциясын 2027 жылдың 1 қаңтарына дейін ұзартуын айтуға болады.

Ол өз банкінен және «Проблемалы несие қоры» акционерлік қоғамынан күдікті және үмітсіз активтерді алған банктің еншілес ұйымдарына талап ету құқығын берумен байланысты.

Проблемалы несие қоры, сондай-ақ, мемлекеттік алымдар мен проблемалық валюта қарыздарын қайта қаржыландыру кезіндегі курс айырмасын өтейтін болады.

Factcheck.kz