ҮКІМІ ЖОҚ |Арнайы құтқару шараларынан кейін «Сұңқар» кешені қауіпсіз орынға айналды

«Сұңқар» трамплин кешенінің аумағы және оның төңірегі адам өміріне қауіпті»…  «Кешен бөктері берік емес, босаң, үстіндегі ғимарат құрылғысымен бірге жерге шөгіп, «сырғып» кетуі мүмкін»… Оңтүстік астана жұртшылығы арасында біраздан бері осындай сыбыс тарағаны жасырын емес.

ҮКІМІ ЖОҚ:

«Сұңқар» Халықаралық трамплин кешені (ХТК) маңайында топырақтың шөгуі мен көшкінге жол беруі ықтимал түзінділердің алдын алуға арналған шаралардың біразы аталған кешеннің құрылысы аяқталғаннан кейін ғана жүргізілген. Түпкілікті үкім шығару мүмкін емес.

Пруфлинк  – Алматы қалалық ТЖД сайтынан алынған карта.

Көшкін жүруі ықтимал учаскелер қызғылт түспен берілген. Тектоникалық жырықтар қара сызықпен берілген. Су басуы ықтимал аймақтар көк түспен берілген.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің картасында оңтүстік астана жұртына қауіп келтіруі ықтимал аймақтар түгел көрсетілген. Елімізде өткен халықаралық деңгейдегі қысқы спорт ойындарының белгісі саналған «Сұңқар» кешені көшкін жүруі ықтимал аймақтың бірінде орналасқан.

ҮКІМІ ЖОҚ |Арнайы құтқару шараларынан кейін «Сұңқар» кешені қауіпсіз орынға айналды
Фото Radiotochka.kz сайтынан 

Еліміздегі Құрылыс нормаларына сай, шөкпе топырақта ғимарат салуды жобалау барысында белгілі бір қауіпсіздік қағидаттары мұқият ескерілуі тиіс. Мұндай қағидаттың бірі топырақ шөгуіне тосқауыл қою. Егер аталған мәселені толық жою мүмкіндігі болмаса, онда тиісті шаралар кешені қолданылады, оның ішінде апатты аймақтағы топырақ негізін судан қорғау тұрғысында да.

ҚР ҚН 2.03-01-2011

8.3.2. Оларды жібіту мүмкіндігі кезінде отырмалы топырақта құрылысын салу үшін ғимараттар мен имараттарды жобалауды қорғаудың төменде берілген қағидаттарының бірін қолдану арқылы жүзеге асыру керек:

а) Отырмалы қалыңдық шегінде топырақтың отырмалы қасиеттерін оларды тығыздау немесе бекіту арқылы жою;

б)  Барлық жүктемелер мен отыратын топырақтың кері үйкеліс күшін төселетін отырмайтын топырақтарға беру арқылы отырмалы қалыңдықты қадалық іргетастармен кесу;

в) Ірге топырағының отырмалығын толық жоюдан және жойылмаған отырмалықты отырмалы топырақтың қабатын ықтимал жібітуден қорғаудан тұратын шаралардың кешені және жойылмаған отырмалы қасиеттері бар топырақтарды жібітуден пайда болған деформациялық әсер ету кезінде ғимараттардың (имараттардың) күш түсетін қабілеттілігін арттыратын қорғаудың конструктивтік шаралары; ғимараттарды (имараттарды) немесе олардың жеке элементтерін тегістеу; ірге топырағын судан қорғау

ҚР ҚН 2.03-01-2011 Аймақтарда және отырмалы топырақтарда орналасқан  ғимараттар мен имараттар. 8,3 – бөлім. Отырмалы топырақта құрылысын салу үшін ғимараттар мен имараттарды жобалаудың ерекшеліктері

Десек те, көшкін жүруі ықтимал аудандар мен сейсмикалық қауіпті аймақтарда кім де болса емін-еркін жүре алмас, ал трамплин кешені осындай аймақтардың біріне жатады. Осы арада ескере кететін жайт, 2016 жылы (және 2014 жылы) қалалық әкімдік топырақ қабаттарында ылғалдың жинақталуына жол бермеу мақсатында және «Сұңқар» кешені орналасқан бөктерлерді нығайту тұрғысында бірқатар жұмыс жүргізген болатын. Былайша айтқанда, кемшіліктерді жою шаралары қолға алынды.

2014 жылы Алматы қалалық Құрылыс басқармасы «Сұңқар» трамплин кешені орналасқан тау баурайының шығыс және батыс бөктерлерін қосымша нығайту тұрғысында бірқатар жұмыстар жүргізді.

Сол сияқты, 2016 жылы Алматы әкімдігі бөктерлерді нығайтып, нөсер суларды бұруға арналған құрылғылар орнату аясында апатты жағдайлардың алдын алып, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге қаражат бөлінді.

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне хабарласқанымызда, трамплин кешені орналасқан учаскеде:

топырақтың төмен қарай сырғып, көшуі, жазықтықтың шайылуы, жыраның түзілуі,  топырақтың отырғыштығы сынды құбылыстар байқалып, алаң сейсмикалық аймақта орналасқаны

– жөнінде мәлімдеді.

Төтенше жағдайлар департаментінің картасында көрсетілгендей, трамплин кешенінің оңтүстігіне қарай тектоникалық жарылыс сызығы өтеді. Қала әкімінің баспасөз қызметінен келген жауапта да құрылыс учаскесінің сейсмикалық көрсеткіші 9-10 балл екені жөнінде ақпарат бар. «Сейсмикалық ерекшелігі бойынша жердің категориясы – II-III. Отырғыштығы бойынша топырақ жағдайының типі – I-II».

ҮКІМІ ЖОҚ |Арнайы құтқару шараларынан кейін «Сұңқар» кешені қауіпсіз орынға айналды

ҮКІМІ ЖОҚ |Арнайы құтқару шараларынан кейін «Сұңқар» кешені қауіпсіз орынға айналды

Алматы қалалық ТЖД бастығының орынбасары, полковник Е.Нұрпейісов factcheck.kz сайтына берген ақпаратында, 2015 жылы трамплин кешені аумағында көшкін құбылыстары көрініс бергенін, ал 2016 жылы бұл жағдай одан әрі шиеленісе түскенін айтып өтті. Үш рет көшкін жүріп, көшкіннің қайталану қаупі де болған.

сөйтіп, жауын-шашын қарқынының артуы салдарынАН трамплин кешені орналасқан төңіректе топырақ түгелдей суға қанығып, жер қыртысы ауырлай түсті де, оның орнықтылығы бұзылып, жылжып, қозғалуына алып келді,

– деп көрсетілген біздің сұрағымызға полковник Е.Нұрпейісовтің берген жауабында (орыс тілінен аударылды).

ҮКІМІ ЖОҚ |Арнайы құтқару шараларынан кейін «Сұңқар» кешені қауіпсіз орынға айналды

Полковник келтірген мәліметтерге жүгінсек, 2016 жылы болған төтенше жағдайға нөсер жауынды бұру жұмыстарының дұрыс ұйымдастырылмауы мен нөсер канализациясының тиісті деңгейде жұмыс істемеуі себеп болса керек. Бірақ полковник мырза өз жауабында бұл кемшіліктер түгел жойылғанын да ескертеді.

Ал трамплин кешенінінің өзіне келетін болсақ, аталған жобаны ұйымдастырып, бөктерді қиықтап, реттеу сынды өндіріс жұмыстары мен темір-бетоннан жасалған қадаларды қағып орнатумен айналысқан Қазақ бас құрылыс-сәулет академиясының (ҚазБСҚА) проректоры Ерік Бейсембаевтың айтуынша, кешеннің іргетасы сәулет және құрылыс саласындағы құжаттарға сай жобаланып, көтерілген. 

Бөктер беткейінің тіктігі 38-43 градус. Бұл айтарлықтай құлама беткей. Сондықтан, ең алдымен, оның орнықтылығын қамтамасыз ету керек болды. Оның айналасында түгелдей 38 метрге тереңделіп қағылған диаметрі 80 см қада бар. Біз осы қада қағу жұмыстарына тікелей қатысып, осынау құрылғының технологиялық картасын әзірледік.  Олар, сондай-ақ, дөңестен түсер еңіс жолдың тірегі іспетті де қолданылды. Құрылыс барысында, яғни 2009 жылы күн сайын топырақ параметрлерін өлшеп, алған көрсеткішті бағдарламаға енгізіп, түзету коэффициентін беріп отырдық. 

– Арагідік топырақ қабатында жарық болуы да әбден мүмкін. Жоба бойынша онда бірнеше тіреуіш қабырға қарастырылған, тіпті, әл-Фараби даңғылы бойынан-ақ топырақты тіреп көлбеу жатқан тұтас тақтатасты көре аласыз. Ол 12-15 метр тереңдікке кететін анкерлермен бекітілген. Бұл нысан барлық нормаларға сай деп айта аламын.

– Аталған нысан қауіпсіз. Ал көшкін атаулы жер астындағы динамикалық процесс салдарынан болуда, яғни жер қыртысындағы қозғалыстарға қарай. Әрине, бұл арада гидрологиялық жағдайды да ескеру керек, соңғы уақытта жауын-шашын үдей түскенін өздеріңіз де көріп отырсыздар. Сейсмикалық жағдай да әсер етпей қоймайды, ал Алматыда арагідік ептеген жер сілкінісі болатынын біз жақсы білеміз. Әлбетте, көшкін ешқашан болмайды деп кесіп-пішіп айта алмаймыз. Өйткені бұл тұрғыдағы құбылыстарға әсер ететін факторлар жетіп артылады.

– Трамплиннің іргетасы барлық талаптар мен нормаларға сай. Бірақ ол бөктер аумағының оннан бірін ғана алып жатыр. Одан басқа шығыс, батыс, оңтүстік беткейлерді де ұмытпайық. Бұл аймақтарда да топырақ эрозиясы, яғни жердің азып, шөгуі, сол сияқты, жауын-шашын салдарында шайылып кетуін жоққа шығаруға болмайды. Оқта-текте кішігірім жарықтар пайда болып, аса қауіпті болмаса да, көшкін жүруі ықтимал. Біздің қаламыз үшін бұл қалыпты жағдай.

 

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz