МАНИПУЛЯЦИЯ | ҚМДБ пәтуасына байланысты «Мұхаммед – Алланың елшісі» фильмін көруге болмайды

Ирандық режиссер Маджид Маджиди түсірген «Мұхаммед – Алланың елшісі» фильміне байланысты дау туды. Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы пәтуа да шығарған. Алайда, осы пәтуаға байланысты бұл фильмді көруге болмайды деу қисынға келмейді.    

Үкім: Манипуляция

fatua.kz
Скриншот fatua.kz сайтынан
fatua.kz1
Скриншот: fatua.kz сайтынан

Пайғамбардың рөлін сомдау оларға зиян келтіру болып табылады. Өйткені, бұл істің салдарынан оларға жалған кейіп (образ) таңылып, олардың атынан өтірік сөйлеуге есік ашылады.

Бұл пәтуада ешқандай шектеу қойылып, тыйым салмаған. Тек Құран аяттары арқылы дәлелдермен Пайғамбар бейнесін (образын) сомдайтын фильмдердің түсірілуіне түсінік берілген. Оның үстіне, біздің мемлекетте «шариғи» заңдар емес, зайырлы құқықтар қолданыста  болғандықтан, Діни басқарма шектеу қойып, тыйым сала алмайды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заңында да жазылған:

Діни бірлестіктер мемлекеттен бөлінген. Барлық діндер мен діни бірлестіктер заң алдында бірдей. Діни бірлестіктер қандай да болсын мемлекеттік қызметтер атқармайды.

adilet.zan.kz
Скриншот adilet.zan.kz сайтынан

Діни бірлестік немесе ұйым тек ұсыныс ретінде айта алады. Ал ұсынысты әркім өзінше қабылдайды.

 

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz