ОҚО-дағы балаға қатысты әрекеттер қаншалықты заңды?

ОҚО-да 7 жасар бала сексуалдық және физикалық тұрғыдан зорланғаны туралы ақпарат шыққан күннен бастап, іске бас прокуратура араласқанға дейін оқиға драматург-абсурдисттің сценариімен өрбіп жатқандай көрінді. Билік өкілдері мұндай оқиғаның көпшілік алдында талқыға салынып, сонымен қатар қоғам белсенділері баланың құқығын қорғауды өз мойындарына алғанда не істеу керектігін білмей қалған тәрізді. Бізге қоғам белсенділері заңсыз немесе толық заңды емес деп есептейтін билік өкілдерінің бірнеше әрекеттері мен арыздары белгілі. Соларды талдап көрейік.

Пойыздан түсіріп алып қалу

14 наурыз күні БАҚ пен әлеуметтік желілерде сексуалдық және физикалық зорлық көруі мүмкін деген бала мен оның әжесін Алматыға, тәуелсіз сараптама жүргізуге бара жатқан жерінен полиция қызметкерлері күштеп пойыздан түсіріп әкетті деген ақпарат тарады.

Мәлімдеме: Іс-әрекет заңсыз

Үкім: Шындық

Заңгер Мұрат Мамедов:

«Алдымен аталған тұлғаларды пойыздан түсіруге негізделген құжаттар мен деректерді көру керек. Егер полицияның қолында заңға негізделген ешқандай құжат болмаса, қария мен баланың қолында жол жүру билеті болған жағдайда түсіріп тастауға ешкімнің құқы жоқ. Еліміздің Конституциясына сәйкес Қазақстан азаматы ел ішінде емін-еркін жүріп-тұра алады».

Сараптама

14 наурыз, кеш. Балалар омбудсмені Зағипа Балиева Алматыға, тәуелсіз сараптама жасауға бара жатқан бала мен оның әжесін полиция қызметкерлері неге тоқтатқанын баспасөзге түсіндіріп берді.

З.Балиеваның мәлімдемесі: «Процессуалдық негізсіз жеке сараптама жасау заңға қайшы болар еді».

Үкім: Манипуляция

Келесі күні-ақ танымал адвокат Жанна Уразбахова өзінің фейсбук парақшасында бұл іске қатысты пікірін білдірді:

Сексуальное насилие в ЮКО
Жанна Уразбахованың Facebook парақшасындағы пікірден скрин

Бірақ бұл тек біржақты пікір. Заңгер Мұрат Мамедов:

«Қылмыстық істі жүргізіп отырған мекеменің немесе тергеуші соттың сараптама жүргізуге берген үкімі болуы керек.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 272-бабының 5-тармағына сәйкес, сараптама өз құқын қорғағысы келген оқиға қатысушыларының да қалауымен жасалады. Өз құқықтары мен қызығушылықтарын қорғауға тырысқан қылмыстық тергеу ісінің қатысушылары қылмыстық істі жүргізіп отырған тұлғаға сарапшының ұйғарымы қажет деген қағазды ұсынып, онда тексеруден өтетін объектіні және сарапшы ретінде шақырылуы мүмкін тұлғаның аты-жөнін көрсетеді».

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 273-бабының 1-тармағына сәйкес сот сараптамасын жүргізу келесі тұлғаларға тапсырылуы мүмкін:

  1. Сот сараптамасы мекемелерінің қызметкерлеріне;
  2. Сот сараптамасын жүргізуге лицензиясы бар тұлғалар;
  3. Заңда қарастырылған шарттарға сәйкес және басқа да тұлғаларға бір реттік тәртіппен;

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 277-бабыың 1-тармағына сәйкес, сараптама жүргізуді сот сараптама мекемесінен өзге адамға тапсырылған болса, істі жүргізіп отырған мекеме сараптама жасайтын тұлғаның кім екенін және сараптама нәтижесін өзгерте алмайтындығын анықтауы қажет.

Яғни, сараптама жүргізуге қатысты заң жүзінде қатаң тәртіп бар (оған ҚПК-нің 35-тарауы толықтай арналған).

Қылмыстық-процестік кодексiнің 35тарауында көрсетілгеннен бөлек дербес жасалған басқа сараптамаларды қылмыстық іске енгізу қиын болады. Оларды тек жанама айғақ ретінде қолдана алады.

Жалпы алғанда, біздің заңгеріміз тәуелсіз сараптама жасауға нақты қарсы дәлел таппады. Тек мұндай сараптама нәтижесін нақты айғақ ретінде ұсыну қиын болады.

Омбудсменнің неге алматылық сарапшылардың осыған сәйкес процессуалдық үкім ала алмайды (немесе алуы екіталай) деп есептегені бізге белгісіз.

Шенеуніктерді жұмыстан босату

15 наурыз, таңертең. ОҚО-дағы бірнеше шенеунік жұмыстан босатылды. Мектептегі іске қатысы бар директор да оқиғаның анық-қанығы белгілі болғанша жұмыстан шеттетілді.

Мәлімдеме: Шенеуніктер мен лауазымды тұлғалардың не себепті жазаланғандары белгісіз.

Үкім: Шындық

Заңгер Мұрат Мамедов:

«Өздеріңіз де білесіздер, кез келген адамды жұмыстан шығарарда белгілі бір құжатқа негізделеді (мәселен, соған сәйкес бұйрық керек). Оларды жұмыстан неге босатқанын заң жүзінде талдау үшін БАҚ беттеріндегі үзінділерді емес, құжаттардың өзін қарап шығу керек. Олардың жұмыстан шығуы біз қарастырып отырған оқиғаға қатысты емес екендігін, яғни бұйрықтарда бұл оқиға туралы айтылмағанына сенімдімін. Олар ҚР Заңнамасы мен Еңбек кодексінің «Мемлекеттік қызмет туралы» ережесіне сәйкес босатылған. Тіпті жұмыстан шығу туралы арызды шенеуніктердің өздері жазған болуы да мүмкін. Бірақ бұл тек болжам ғана. Мұндай құқықтық фактілердің заңдылығы жұмыстан шығу туралы арнайы құжат негізінде ғана тексеріледі».

Бала әжесінің видеоүндеуі

15 наурыз күні кешке бірқатар БАҚ өкілдері баланың әжесі жолдаған видеоүндеуді жариялады, бірақ кейін ол бейнені әлдебіреулер жойып жіберді.

Үндеуді көргендердің айтуынша, кадр сыртында біреу әйелге не айту керектігін сыбырлап отырған және бұл бейнежазбаны ол өз еркімен түсіргеніне күмән бар.

Мәлімдеме: Аталған үндеуді тарату заңсыз

Үкім: Жартылай шындық

БАҚ туралы Заңның 3-4 тарауы, 14 бап:

Бұқаралық ақпарат құралдарында немесе телекоммуникация желілерінде ата-анасы және өзге де заңды өкілдері туралы ақпаратты қоса алғанда, адамның дербес және биометриялық деректерін таратуға тыйым салынады. Сонымен қатар төмендегі жағдайларда:

  1. Бала, заңға қайшы әрекеттердің нәтижесінде зардап шексе;
  2. Әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деп күдік келтірілген және (немесе) айып тағылған кәмелетке толмағандар туралы, олардың жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін өзге де ақпаратты таратуға тыйым салынады;

Интернет-ресурстарды пайдаланатын бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі, бас редакторы (редакторы), журналисі, оның ішінде жеке немесе заңды тұлғалар осы Заңның 14-бабының 3-4-тармағында көрсетілген ақпаратты, егер мұндай ақпаратты тарату ата-аналары және өзге де заңды өкілдері туралы ақпаратты қоса алғанда, ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасауда сот кінәлі деп таныған кәмелетке толмағандарды қоспағанда, құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсіздік) салдарынан зардап шеккен баланың және әкімшілік және (немесе) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деп күдік келтірілген және (немесе) айып тағылған кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, таратылатын хабарлар мен материалдарда жария етуге құқылы емес.[БАҚ туралы Заң, 25-бап, 2-2-тармақ]

Көптеген қоғам белсенділері бейнеүндеудің тек бір мақсатпен, яғни баланың тағдырына алаңдап отырған қоғамды тыныштандыру үшін жазылған деп жорамалдады. Бұл материалды тарату 25-баптың 2-2 тармағында айтылған тізімге жата ма, бейнеүндеу баланың құқы мен қызығушылығын қорғау мақсатында жазылды ма? – сұрақ жауапсыз қалды.

БАҚ беттерінде тарап кеткеніне байланысты сұрақтың жауабы 25-баптың 2-2-тармағында айтылады:

«Осы пункттің бірінші бөлігінде айтылғандай, ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында таратуға төмендегі тұлғалардың келісімі керек:…

2) құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсіздік) салдарынан зардап шеккен, он төрт жасқа толмаған кәмелетке толмаған адамның заңды өкілдерінің;»

Осылайша, егер баланың заңды өкілі болып табылатын әже БАҚ өкілдеріне өз келісімін берген болса заң бұзушылық болды деп айта алмаймыз. Бірақ біз қоғамның назарын аудартқан және адамдарды әділдіктен үмітті еткен оқиғаны 25-баптың 2-2-тармағына жатқызар едік.

Тілшілермен кездесу

16 наурыз, таңертең. Балалар омбудсмені Зағипа Балиева бала туралы толық ақпаратты алу үшін журналистерге оның әпкесімен тілдесуді ұсынады.

Мен қазір не болып жатқанын білмеймін, бірақ бірнеше журналист әпкесінің үйіне барып (өз келісімімен), баланы да, әпкесін де көріп тілдесуге болады, өйткені, қазір мен айтқан дүниелер бәрібір толық болмайды. Бала өте тыныш, онымен психолог жұмыс жасап жатыр. Түстен кейін ол дәрігерлік комиссиядан өтеді, екінші психолог оны сараптамадан өтуге дайындап жатыр.

Мәлімдеме: Бұл ұсынысты іске асыру заң бұзушылыққа әкеп соқтыруы мүмкін

Үкім: Шындық

Тағы да БАҚ туралы Заңдағы 14-баптың 3-4-тармағын қараңыздар, баланың жеке басын анықтайтын ақпараттарды таратуға тыйым салынады. Мұндай «шақыру» заңнамалық норманы бұзуы мүмкін.

Factcheck.kz оқиғаның ары қарай қалай өрбитінін жіті қадағалап отырады. Егер біз осы іске қатысты басқа да шешімдерді талдап жазсын десеңіздер бізге кері байланысқа шығуларыңызға болады.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz