Синофобия: экспансия болмағанмен, еңбек миграциясы жойылмайды

Қазақстандықтар санасының түкпірінде Қытайдан қауіп келеді деп біледі. Бұған дәлел ретінде жерге байланысты митингілер мен Конституцияның 26-бабын өзгертуге қатысты халықтың реакциясын айтсақ та жеткілікті. Олай болса, сандар, фактілер және логикаға сүйене отырып, қытайдан келетін қауіп туралы мифтерді бір таразылап көрсек.

Қорқыныштың аты – қорқыныш

Төмендегі скринде берілген мәтінге зер салсақ, қытайлықтар туралы әңгіме болғанда не нәрседен қорқатынымызды анық байқауға болады.

миграция китайцев в Казахстан
Скриншот radiotochka.kz сайтынан

Тұрмыстық қорқынышқа бірегейлікті жоғалту, «қытай әлемінде» жоғалып кету жатады, әсіресе, Қытайдың «Бір отбасына – бір бала» саясатын өзгертуінен кейін қорқыныш үдей түскен. Бұл қорқыныш айналып келгенде еңбек нарығына келіп тіреледі. Ол жөнінде журналистер мен аналитиктер жазып жүр. Сонымен қатар, Қазақстан аумағындағы қытай зауыттарының экологияны ластауынан туындаған қауіп-қатер де бар, өйткені Қытай қуатын ҚР аумағына әкеліп жатыр деген үрей бар.

Қазақстандықтар неліктен қытай бола алмайды?

Рационалды емес қорқыныш ешқашан жүзеге аспайтыны белгілі. Мұнда да солай, бізге қытай болып кету қаупі ешқашан төнбейді. Деректерге назар аударайық.

Синофобия: экспансия болмағанмен, еңбек миграциясы жойылмайды
2100 жылға дейінгі Қытай, Қазақстан және Үндістан халқының саны туралы болжам.

Халықаралық Қолданбалы жүйелі анализ институтының (IIASA) деректеріне қарағанда, қытайлықтардың саны 2025-2028 жылдары шарықтау шегіне жетіп, 1,38 млрд адам болады. Ал бұл уақытта Үндістанда 1,456 миллиард халық тұратын болады. Шамамен 76 миллион адамға артық. Қазақстан халқының саны 18,4 миллион болса, тұрмыстық деңгейде Қытай экспансиясынан қорқатын Ресейдің халқы 140,5 миллион болады. Келесі жүзжылдықтың басында, ең қызығы, Қазақстаннан басқа аталған елдердің барлығында өсім қарқынды түрде төмендеп, халық саны айтарлықтай азаяды. Ресейде 115,25 миллион болса, Үндістанда – 1,56 миллиард адам.

Қазақстан 21,3 миллион адаммен ең жоғарғы көсреткішке тек 2070 жылдары ғана жетеді, ал 2100 жылға қарай республика халқының саны 19,7 миллионға азаяды. Бұл уақытта Қытай халқының саны 754,13 миллион адам ғана болып қалады. Бұл демографиялық жағдай 1962 жылы халық санының өсімі 2,1%-ға қысқаруы, ал 2100 жылы 0,1%-ға дейін қысқаратыны түріндегі жалпы тенденциямен байланысты. Әлбетте, өсімнің төмендеуі біркелкі емес. Қытайда өсімнің төмендеп, артынан халық санының азаюын аналитиктер туу деңгейінің түсуімен байланыстырады. Көрнекілік үшін тағы да 2 кесте келтірейік: халық санының өсу қарқыны және ұрықтану деңгейі.

Индексы роста населения в Китае, Казахстане, Индии и Россс
БҰҰ Халық саны департаментінің дерегі
Индекс фертильности в Китае, Казахстане, Индии и России, прогноз до 2100
2100 жылға дейінгі ұрықтану көрсеткіштері (1 әйелге қатысты бала саны). Дереккөз: UN’s World Population Prospects, Update of 2015 by Gapminder.

Келесі жүзжылдықтың басында төрт елде де (Қазақстан, Ресей, Қытай және Үндістан) ұрықтану деңгейіне қатысты тенденция шамалас – 1 әйелге шаққанда 1,83-тен 1,9-ға дейін. Жоғарыда айтылғандарға қосымша тағы бір кесте келтіре кетсек, 2100 жылға қарай біздің аймақта өмір сүруге қажетті кеңістік тапшылығы Қытайда емес, Үндістанда апатты жағдайда болады (1 шаршы метрге 574 адамнан асады).

Прогноз по плотности населения в Китае, Казахстане и России до 2100 г.

Қытай өткен ғасырдың 70-жылдарының екінші жартысындағы көрсеткішке жетіп, әр шаршы метрге 79 адамнан келеді. Қазақстанда 1960 жылғыдай 4,38 адамнан келеді.

Яғни, Қытайдың демографиялық экспансиясынан қорқудың ешқандай реті жоқ. Алайда, бұл орайда Үндістаннан үрейленуге болады.

Қытай еңбек миграциясының 11 факторы

Енді еңбек нарығына төнетін қауіп қай деңгейде екенін саралап көрелік.

Китай и миграция в Казахстан
Скриншот zhasalash.kz сайтынан

«Жоғарғы экономика мектебі» ұлттық зерттеу университеті (РФ) шығыстану бөлімінің меңгерушісі, профессор Алексей Масловтың пікірінше, жақын жылдары Орталық Азия елдерінде 8 млн қытай тұратын болады, олардың 5 миллионы Қазақстанда тұрмақ. Айта кетсек, 2015 жылы Қазақстанда ресми тіркелген Қытай азаматтарының саны 103,5 мың болған.

Бұл деректер еңбек миграциясы бойынша алаңдауға негіз бар екенін көрсетеді. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ халықаралық қатынастар кафедрасының профессоры, ҚР Қорғаныс министрлігі әскери-стратегиялық зерттеулер орталығының аға ғылыми қызметкері Светлана Кожирова өзінің «Қытай миграциясының факторлары» атты аналитикалық жұмысы (2010 ж.) мен «Қытай миграциясы және Қазақстан» атты мақаласында (2016 ж.) қытайлық жұмысшылардың Қазақстанға келуі артатынын дәлелдеуге тырысқан екен. Енді соған назар аударсақ:

Негізгі тезистер:

1.2000 жылы ҚХР ғаламдық сыртқы экономикалық стратегиясын жаңартып, «сыртқа шығу» (цзоу чуцюй) деген ұранды ұстана бастады. Оның негізгі аспектілерінің бірі – халықаралық еңбек нарығының 10%-ын жаулап алу.

2.Қытай миграциясы экономикалық сарында, зерттеу нәтижелері Қытайдың «демографиялық экспансиясы» туралы мифті жоққа шығарады. Ал еңбек миграциясының негізгі себебі ҚХР-дағы жұмыссыздық деңгейінің жоғарылығымен байланысты. Қытайдың қалаларының өзінде жұмыссыздық көлемі 15-20% деңгейінде.

Сколько безработных в Китае, Казахстане и России официально
Ресей, Қытай және Қазақстандағы жұмыссыздықтың ресми көрсеткіші.

3.Қытай экономистерінің бағалауы бойынша, Қытай қалаларындағы жұмыс күшінің мөлшерден артық болуы 1990 жылдардың аяғында байқалып, 20-30 миллион адамға жетсе, ауылдық жерлерде 150 миллион адамға дейін жеткен.

  1. Қытайдағы шөл және шөлейт жерлердің аумағы жылына 2330 шаршы шақырымға артып келеді.
  2. Есептеулерге қарағанда, 2020 жылға дейін Қытайда мұнайды тұтыну деңгейі 2,4 есеге артады деген болжам бар.
  3. Ғаламшардағы орташа есеппен алғандағы бір тұрғынмен салыстырғанда, Қытайдың әрбір тұрғынына өңделген аумақ шамамен 2,5 есе кем тиеді, ауыз су қоры 4 есеге, пайдалы қазба қоры 2 есеге кем.
  4. Ресей мен Қазақстанға миграцияға егістік жердің аумағы да айтарлықтай ықпал етіп отыр. Ғаламшарымыздағы бір тұрғынға орташа есеппен 0,36 га егістік жер тиесілі болса, ҚХР-да бұл көрсеткіш 0,07 га ғана.
  5. Қытай экологтарының бағалауынша, Қытайдың табиғаты тек 1 миллиард адамды ғана «көтере алады».
  6. 2030 жылға қарай Қытай ауыз суды сырттан сатып алады деген болжам бар, шамамен жылына 240 млрд текшеметр су импорттауы мүмкін.
  7. Көп жылдан бері Қытайда әр 100 қызға адамның биологиялық ағзасына сай 106 ұлдан емес, 125 ұл баладан келеді. 2015 жыл мен 2030 жылдың аралығында Қытайда ересек еркектердің саны әйелдермен салыстырғанда 25 миллионға артық болады.
  8. «Трансұлттық шаруашылық стратегиясы» шеңберінде Қытайдың Қазақстанға деген қызығушылығы ерекше. Стратегияға сай, жұмысшы күші қазіргі кезде қытай компаниялары жұмыс істей бастаған немесе жұмыс істеп тұрған елдерге баруы тиіс.

    Экологиялық контекст

Екі жыл бұрын Қытай үкіметінің басшысы Ли Кэцян ҚХР халқының өмір сүру сапасы экологиялық мәселеден қатты зардап шегіп отырғанын мәлімдеді.

2014 жылы Қытай үкіметі елдегі өндірісті Африка, Батыс және Оңтүстік-Шығыс Азияғға көшіруді жоспарлады.

2015 жылдың желтоқсан айында Қытай Қиыр Шығысқа 12 саланың кәсіпорындарын көшіру жөнінде Ресеймен келісімге келді. Олар: металлургия, энергетика, машина жасау, кеме жасау, құрылыс, телекоммуникация, ауыл шаруашылығы, текстиль, химия және цемент өнеркәсібі. Мәселен, алғашқы FAW жүк көліктері Приморьедегі зауыттан 2017 жылдың екінші жартысында шығады.

2016 жылдың қыркүйек айында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның шығыстағы көршімен біздің елдің аумағында 51 кәсіпорын салу жөнінде келісімге келгенін мәлімдеді. Өнеркәсіп, инфрақұрылым, энергетика, ауыл шаруашылығы, мұнай өңдеу, құрылыс материалдарын және ақпараттық технологияларды өндіру бойынша кәсіпорындар салуға тартылатын инвестицияның жалпы сомасы 26 миллиард $ асады.

Батыс аналитиктері бұл бағдарламаны экономикалық пайдамен емес, Қытайдағы экологиялық ахуалдың айтарлықтай нашарлауымен түсіндіреді.

Бұл жөнінде ВВС былай деп жазады: «Бір кездері Батыс елдері Қытайда жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын салып, экологиялық проблемаларды қоса алып барды, – дейді Gavekal Dragonomics зерттеу компаниясының өкілі Том Миллер. – Қазір Қытай дамудың жаңа сатысына көтерілді, енді экологиялық жағынан тиімсіз өндірісті экспорттағысы келеді, сол үшін кедей елдерде металлургия зауыттары мен басқа да кәсіпорындар ашуда».

Смог в Китае и Пекине
Фото news.allinfo.kz сайтынан

Жоғарыдағы пікірлерді түйіндесек, Қазақстанға Қытайдан келетін қауіп экологиядан, яғни онсыз да қоршаған ортасының жағдайы келісіп тұрмаған елге дәл осы тұрғыда зиян.

Енді тек шенеуніктердің зиянды қалдықтарды шығаруға қатысты барлық талаптар сақталатыны туралы уәдесіне сенуге тура келеді немесе экологияны қоғамдық бақылаудың жаңа механизмдерін енгізу керек.

Анықтама үшін:
Китай для Казахстана в цифрах*Хэбей – Қытайдың өнеркәсіп дамыған провинцияларының бірі.


Қазақстан үшін Қытай: сандар сөйлесін

Инвестиция көлемі жөнінен 4-орын: 2010-2015 жж. $10 млрд.

Бірлескен кәсіпорындар саны жөнінен 3-орын: 2017 жылғы 1 сәуірдегі көрсеткіш – 1018. Бір жылдағы өсім – 1,5 есе.

Қазақстан мен Хэбей провинциясы арасындағы тауар айналымы 2,4 есеге артқан.

 

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz