ФЕЙК | Зорлық көрген еуропалық қыз-келіншектер мигранттардан кешірім сұрауда

Ақпанның басында бірқатар ақпараттық сайттарда Еуропада #sorry флешмобы басталғаны туралы материал жарық көріп, онда «зорлық көрген қыз-келіншектер» (және бір ер адам) өздерін зорлаған мигранттардан кешірім сұрағаны айтылады. Материал әлеуметтік желіде, форумдарда және жаңалық тарататын сайттарда кеңінен тарады.

Сексуальное насилие в Европе

Үкім: Жалған

Шын мәнінде мұндай хештег те, белсенділер де, «Кешір, Мұстафа» деген плакат та жоқ. Мұны ең бірінші болып жариялаған фейк жаңалықтар таратумен айналысатын panorama.pub сайты болуы керек, ол жөнінде бұрын да жазғанбыз

Әлеуметтік желілерден #sorry хештегі бойынша іздеу нәтижесі ешқандай мәлімет бермейді

Хештег нақты «кешірім сұраған» еуропалықтар туралы материалды бөліскен жағдайда немесе бұл акцияға мүлдем қатысы жоқ жазбаларда ғана кездеседі. Мысалы:

Сексуальное насилие в Европе

Суреттегі қыз – Украинадағы #ЗігрійГероя флешмобына қатысушы…

Әңгіме Украинада 2014 жылдың қазан айында ел әскеріне жылы киім алуға ақша жинау мақсатымен өткен флешмоб жөнінде. Суретті Google бойынша іздеу нәтижесі:

Сексуальное насилие в Европе

Мигранты-насильники

Әлеуметтік желілерде де, адамдарды басқа тәсілмен іздеу жүйесінде де Бритта Борг есімді белсенді жоқ…

…ал жоқ адамның #sorry флешмобын ұйымдастыруы мүмкін емес. Аты-жөні осындай әйелдер мұндай флешмоб ұйымдастырмаған. Бұған Facebook және Twitter желілерінде іздеу арқылы көз жеткізуге болады.

Особенности сексуальной культуры современных европейцев

Есесіне, 2010 жылы 84 жасында қайтыс болған Брита Борг атты әйгілі швед әншісін тауып алдық. Оның әндерін мына сілтемеден тыңдауға болады.

Дегенмен, манипуляция және үгіт-насихат бағытындағы материалдарда жиі кездесетін азғантай шындық мұнда да бар. Сомалилік босқын зорлаған норвегиялық Карстен Нордал есімді адам шын мәнінде бар.

Әрі оның докьюментариге қатысқаны да шындық (жанына түскен жараға орай психологтың көмегін қажет еткен басқа да жастардың арасында ол да болған). Jeg mot meg деректі материалы («Өз-өзіме қарсымын» деп аударуға болады) 2016 жылдың көктемінде норвегиялық NRK TV арнасында жарық көрген болатын. Карстеннің басынан өткен жағдай бесінші эпизодта баяндалады.

Карстеннің фейсбукте аккаунты бар. Мұнда да ол зорлық көргенін еске алады және желі пайдаланушылардың назарын мүлдем басқа хештегке аударады, ол #snuomtabu хештегі арқылы ер адамдардың зорлық көруі сынды ашық айтыла бермейтін мәселені ашық талқылауға шақырады.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz