Жалған | Алматылық 2 азамат қаңғыбас иттердің тістеуі салдарынан қайтыс болған

Өткен жылдың желтоқсан айындаTengrinews порталы қалалық ветеринарлық қызмет өкілдерінің қатысуымен өткен қоғамдық кеңестің отырысы туралы материал жариялады. Отырыста қаладағы қараусыз ит-мысықтар туралы әртүрлі деректер келтірілді. Соның ішінде “Алматы ветеринарлық орталығы берген мәліметтер бойынша, 123 алматылықтың жануарлардан жұғатын эхинококкозбен ауырғаны, олардың екеуі қайтыс болғаны” айтылған. Материалдың скрині төменде:

Как передаются паразиты

Үкім: Жалған

Материалдың тақырыбының өзі бұрмаланып берілген, онда екі адамның өлімін иттің қабуымен байланыстырады. Ал материалдың басқа мазмұнына қатысты ештеңе дей алмаймыз. Дегенмен, бәрін рет-ретімен баяндасақ.

Қалалық ветеринарлық қызметтегілердің айтқаны:

Паразиты собак и человека

Бұдан көріп отырғанымыздай, отырыс барысында қайтыс болғандардың қандай жолмен ауру жұқтырғаны айтылмаған. “Эхинококкоз ауруы адамға иттің қауып алуынан жұғуы мүмкін бе?” деген сауалға “Мастино” ветеринарлық клиникасының бас дәрігері Наталья Ингер былайша жауап берді:

“Жоқ, мүмкін емес. Нақты иттен бұл ауруды жұқтырып алу тек оның етін өкпе-бауыр, ішек-қарнымен қоса жеген жағдайда, оның өзінде дұрыс пісірмеген жағдайда ғана мүмкін…”

Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2017 жылдың наурыз айындағы бюллетенінде мынадай мәліметтер берілген: http://www.who.int/mediacentre/factsheets/fs377/ru/

Эхинококкоз | Инфекцияның жұғуы

Шөпқоректі және қорек талғамайтын жануарлардың көпшілігі Echinococcus тасымалдаушы болып келеді. Мұндай жануарлар паразиттің ұрығын ластанған тамақпен және сумен бірге жұтып қойғаннан ауруды жұқтырады да, содан кейін паразит жануарлардың іш құрылысында дами бастайды.  

Паразит етқоректі жануарларға жұғып бірақ тынады: жетілген қүрттар енді олардың ішегінде паразит тарата бастайды. Жануарларға ауру паразиттерді тасымалдаушының ішкі органдарын жеген кезде жұғады.

Адам да паразиттердің кездейсоқ тасымалдаушысы болады, олар да басқа аралық тасымалдаушылар секілді жолмен жұқтырады, бірақ инфекцияны соңғы қожайынға дейін жеткізбейді.

  1. granulosus бірнеше генотүрі белгілі, олардың кейбірінің аралық қожайынға қатысты нақты сипаттары бар. Кейбір генотүрлер E. granulosus-тан ерекшеленеді. Олардың барлығы бірдей адамға жұқпайды. Адамға ісік эхинококкозын жұқтыратын жағдайлардың көбі “ит – қой – ит” арқылы болады, дегенмен басқа үй жануарларынан, соның ішінде ешкі, ірі қара мал, түйе және шошқадан да жұғады.

Яғни, қайтыс болғандар ит қапқаннан эхинококкоз жұқтырды деп айта алмаймыз, өйткені бұл ауру көбіне-көп ірі қарадан және ұсақ малдан жұғады.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz