Фейк | Сникерсті қатерлі ісікке шалдықтыратын құрамы үшін өртеуде

Біраз уақыттан бері WhatsApp мессенджеріндегі хабарламалар мен әлеуметтік желілерде белгісіз бір адамдардың көп мөлшердегі «Сникерс» шоколадтарын шұңқырға тастап, өртеп жатқан видеосы тарап кетті.

Сонымен қатар, видеоға мынадай сөздер ілескен [Орыс тілінен аударылды]:

«Сникерсті жақсы көретіндерге! Оның құрамынан қатерлі ісікке әкеп соқтыратын зат табылды. Салдарынан көптеген адам қайтыс болып жатыр. Сол себепті Сникерсті барлық елден шығаруда. Осы видеоны көрген адамдардан мұны таратуды сұраймын және де балаларыңызды бұл шоколадтан аулақ ұстаңыздар деп айтқымыз келеді.

Сникерсті жемеңіздер!

Шоколадтың арзандап кеткенін байқадыңыздар ма?»

Фейк | Сникерсті қатерлі ісікке шалдықтыратын құрамы үшін өртеуде
Скриншот: WhatsApp, Астана

Үкім: Жалған

Шын мәнінде көпшілікке тарап кеткен видео 2016 жылдың наурыз айында түсірілген. Сол кезде расымен біраз көлемдегі Сникерс және Марс шоколадтары жойылған болатын, бірақ мүлдем басқа себепке байланысты.

Олардың бірінің ішінен пластмассаның бөлігі табылған соң, барлық батончиктердің көзін құртып, сатылымнан алып тастауды өндірушінің өздері талап еткен.

Фейк | Сникерсті қатерлі ісікке шалдықтыратын құрамы үшін өртеуде
euronews.com сайтынан скриншот

Жарамсыз батончиктер 2016 жылдың басында Нидерландыда шығарылған. Тамақ өнімдерінің сапасын қадағалайтын голландық басшылық өнімнен табылған пластик бөліктері адамның тұншығуына әкеп соқтыруы мүмкін екендігін ескерткен. Содан кейін концерн әлемнің 55 елінен өз өнімдерін алып тастады.

Желіде тараған видео Газа секторы билігінің жасалған іс туралы есебі болатын.

Видео Сникерстің рак тудыруы мүмкін екендігі және одан бас тарту керек деген хабарламамен қатар тарап жатса да, видеодағы дауыс өнімді өртеудің себебі пластик (plastic) екендігін анық айтып тұр.

Мұндай жалған ақпараттардың тарауына халықтың ағылшын тілін білмеуі себеп. Сонымен қатар, қолланушылар видеоны ашып көрмей, тек қатарласа келген ақпаратты оқып қортындыға келуі мүмкін.

Видеоның орыс тіліндегі нұсқасын Euronews сайтынан көре аласыз.

Оқи отырыңыз:

Factcheck.kz