Министрометр: Ерлан Сағадиев уәдесінде тұрды ма?

“Уәделерді қадағалау” жобасы аясындағы үшінші материалды назарларыңызға ұсынамыз. Естеріңізде болса, жоба дебюті Ақпарат және коммуникациялар министрінен басталып, ҚР бұрынғы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне дейін жетті, ендігі кезек – Білім және ғылым министрінің уәделерінде. 

Сағадиев Ерлан Кенжеғалиұлы – 2016 жылдың 13 желтоқсанынан бастап Білім және ғылым министрі. 2 жыл қызметінде Ерлан Кенжеғалиұлы білім саласына жаңа өзгерістер енгізумен келеді: үш тілде білім беру, латын әліпбиі мен электронды журнал-күнделік және басқалары. Бұл жолы Министрометр сіздің білім саласына қатысты берілген уәделер жайлы біліміңізді анықтайды. Ендеше, бірге тексерейік.

  1. azh.kz: Мемлекеттік гранттардың тағайындалуында
    “Алтын белгі” иелері жеңілдіктер санатынан босатылады.

2. informburo.kz:  “Жаңа тізім жасаймыз, ал “Алтын белгі” иелерін университеттер есебінен қаржыландырамыз”.

3. Электронды журналды қағаз есептілік деңгейіне теңестіру

4. today.kz: қамқоршысыз қалған балалар жайлы жеке мәліметтер ресми ақпарат базасында ашық түрде болады.

5. nur.kz: мұғалімдерді қинап сараптама жасауға, жол жүру билеттерін таратуға, мерзімді тексерістерді жасатуға тыйым салу.

6. yvision.kz: Студенттік футбол лигасын дамыту.

7. tengrinews.kz: 2017-2018 оқу жылынан бастап 2,5,7-сыныптар үшін бес күндік оқу аптасын енгізу.

8. zakon.kz : 2017-2018 оқу жылынан бастап еліміздің мектептерінде  сабақ өткізу уақыты 40 минуттан болады.

9. 2017-2018 оқу жылынан бастап пилоттық жоба аясында нөлінші сыныптарда Әліппе енгізіледі

Журналист Factcheck.kz

Factcheck.kz