Зомби-фейктер: кейде олар оралады

    Әлеуметтік желілерде бір жыл, екі жыл тіпті он жыл бұрын пайда болған жалған мәліметтерге қайта кезігіп жатамыз. Біз оларды зомби-фейк деп атаймыз. Бірақ желі қолданушыларының белсенді түрде репост жасауына қарағанда, олар әлі де бұрынғыша сенеді. Зомбиларды аяғында нық ұстап тұрған да осы нәрсе. Сіздерге танымал зомби-фейктерді ұсынамыз (жүйелі түрде толықтырып отыруға уәде береміз):

    Ангеланың, Терезаның, Джинаның (Дали) жастық шағы

    Фейк про Меркель

    Суреттегі арулар — Ангела Меркель, Джина Хаспел және Тереза Мэй деп айтылады.

    Үкім: Жалған

    Меркельдің жанында тұрған оның бұрынғы құрбылары болса керек. Ал сурет 1972 жылы Берлинде жаңа жыл тойлау кезінде түсірілген.

    Интернет және мессенджерлерде оң жақтағы қыз Джина Хаспел (Орталық Барлау Басқармасының басшысы) емес, жас кездегі Даля Грибаускайте (Литва президенті) деген нұсқалар да кездеседі.

    Фейк про Меркель

    16 наурыз күні Snopes.com сайтының фактчекері Дэн Эвон бұл халықаралық фейкті талдап, бойжеткен Ангела Меркельдің (бұрынғы есімі Каснер, суретте сол жақта тұр) жанындағы қыз Терезе Мэй емес екенін дәлелдеді. Сонымен қатар Азаттық радиосының сайтында Меркель, Грибаускайте мен Мэйдің жас кездерінде кездесіп, суретке түсулері мүмкін емес екендігін дәлелдейтін материал жарық көрді. Ал оң жақтағы қыздың Орталық Барлау Басқармасының басшысы Джина Хаспел болуы мүмкін ба? Жауап белгілі. Екі адам бір-біріне мүлдем ұқсамайды.

    Фейк про Меркель и Хаспел
    Tineye фото-іздеу жүйесінен скрин

    Сурет іздеуші жүйе tineye ақпаратына сенсек, ол алғаш интернет желісінде 2015 жылдың 9 желтоқсанында time журналының твиттер парақшасында жарық көрген.

    Фейк про Меркель

    Рим папасы Дэвид Рокфеллердің қолын сүйіп жатыр, арт жақта тұрған Генри Киссинджер мен Джон Ротшильд…

    Фейк про Папу Римского

    Интернетте бұл тақырыпқа байланысты вариация бар:

    Фейк про Папу

    Үкім: Жалған

    Шын мәнінде Рим папасы 2014 жылы мамыр айында Израильге барған сапарында концлагерь тұтқындарының қолын сүйген. Бұл сәт «Яд ва-Шем» Холокост және Батырлық мұражайында болған. Суретте Киссинджер де, Рокфеллер де, Ротшильд те жоқ.

    Рим папасының Израильге барған сапары туралы репортажды мына сілтеме арқылы көруге болады:

    Ал мына жерден Рим папасы қолынан сүйген адамдардың тізімін біле аласыз:

    Тағы да ханымдар

    Три женщины, курящие трубку

    Осыдан үш жыл бұрын Фейсбуктегі фиминисттердіңКурящие трубку Women’s Rights News деп аталатын парақшасында  «Роза Люксембург, Симона де Бовуар және Эмма Гольдман жағада трубка тартып тұр (1930-е гг.)» деген атауы бар фото жарияланған еді. Сурет бұдан кейін де дәл осындай атаумен әлеуметтік желілерде таралып, қолданушылар дереккөзін де тауып жатты.

    Әзірге сурет кейіпкерлері мен өмір сүрген жылдары туралы айтпай тұра тұрайық. Әлеуметтік желі қолданушысы тауып алдым деген дереккөзін бір қарап өтейік.

    Женщины, курящие трубку на берегу
    Суретте тек «Үш әйелдің теңіз жағасында қыдырып жүргені» ғана айтылған. / В подписи к снимку обозначено только то, что это «Три курящие женщины, совершающие прогулку по берегу моря».

    Анықтама үшін: Роза Люксембург (1871-1919), Симона де Бовуар (1908 — 1986), Эмма Гольдман (1869 — 1940). Теория жүзінде суретте тек философ және феминист Имона де Бовуар ғана болуы ықтимал, бірақ оның дәл осы суретте бар екенін дәлелдейтін дерек жоқ. Сипаттамада аты аталғандардың биографисын қарасаңыз болғаны, суреттің фейк екеніне көзіңіз жетеді.

    Ирандық ханшайым және моноқас

    Көңіл-күйіңіз түсіп кетпес үшін соңғы жылдардағы ең күлкілі фото-фейк туралы…

    Фейк про иранскую принцессу

    Үкім: Жалған

    Ирандық мифтік ханшайым Анис аль Долях туралы ақпарат ok.ru сайтынан алынды. Бірақ ол facebook  пен vk әлеуметтік желілерінде де кең тараған. Желіде мұның жалған екенін дәлелдейтін материал да бар.

    Мектеп оқушыларына арналған бүлдірген дәмі бар есірткілер

    WhatsApp мессенджерінің белсенді қолданушылары украиндықтар мен белорустардың ізін ала кезекті өтірікке кезікті. Хабарламада мектеп оқушылары арасында дәмі бүлдіргенге ұқсайтын есірткілердің тарағанын айтады.

    Үкім: Жалған

    Қазіргі уақытта аталған есірткіден зардап шеккендер жоқ. Бұл фейк алғаш рет 2017 жылдың қазан айында жарық көріп, үлкен шу тудырған болатын, кейін ақпараттың жалған екендігі анықталды.

    Фейки про земляничные наркотики
    Дәл сондай ағылшын тіліндегі фейк-ақпарат (2007) / То же самое фейковое сообщение на английском (2007)

    Фейк ағылшын тілінде 2007 жылы пайда болып, жер бетін бірнеше рет айналып шықты. Аударғанда автоматты түрде шығатын грамматикалық қателіктер оны ашуға көмектесті. Фейктің шығуы туралы толығырақ Snopes сайтынан білуге болады. Мұндай фейк жаңалықтар көбінесе ата-аналарға арналған топтарға жіберіледі. Сол себепті біз оқырмандарға мұндай сілтемелерді таратпас бұрын екі ғана сөзін гуглдан іздеп көруді ұсынамыз. Ақпараттың жалған екенін анықтау үшін сол жеткілікті болар еді…

    Фейк-цитаталар (Ремарк пен Омар Хайям бірге ©)

    Фейковые цитаты

    Фейковые цитаты

    Үкім: Жалған

    Екеуі де мұндай cөздер айтпаған

    Бір кездері интернет пен желілер ақылды ойларды таратушы боп кетті. Бірі Лениннің атынан шығарса, екіншісі ойды Джейсон Стетхэмге тиесілі қылып қоятын. Бірақ мұндай жайттан Эрих Мария Ремарк көбірек зардап шекті:

    Фейки-цитаты

     

     

     

     

    Және аздап Омар Хайям:

    Фейковые цитаты Омара Хайяма

    Джейсон Стетхем ғана ойын осылай жүйелей алады:

    Фейковые цитаты Стетхема

     


    factcheck.kz мақалаларында аты-жөні аталған тұлғалар немесе оқырман біздің үкіммен немесе дәлелдемелерімізбен келіспейтін болса, тиісті материалдарды ұсынған жағдайда редакция үкімді қайта қарастырып, құжаттарды жариялауы мүмкін.

    Бұл басылым Сорос-Қазақстан Қорының қаржылай қолдауымен дайындалды (жарияланды, жарық көрді). Бұл жарияланымның мазмұны автор(лар)дың пікірі мен көзқарасын білдіреді, оның Сорос-Қазақстан Қорының көзқарасымен сай келуі міндетті емес.