ЖАРТЫЛАЙ ШЫНДЫҚ | Досаев: 2016 жылы БЖЗҚ мен ПНҚ Ұлттық банктің бақылауынан шығады

    Фото Vlast.kz сайтынан

    2015 жылдың желтоқсан айында ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында зейнетақы жүйесінің тиімділігі туралы сөзінде Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев осылай мәлімдеген болатын.

    Үкім: Жартылай шындық

    Бүгінгі күнге дейін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Ұлттық банктің жетегінде, ал Проблемалық несие қоры де-юре қаржы реттеуішіне бағынышты емес.

    БЖЗҚ пен Проблемалық несие қорын Ұлттық банктің жетегінен шығару жөнінде мемлекет басшысы 2015 жылғы Қазақстан халқына жолдауында айтқан болатын:

    Ұлттық банкке қатысты институционалды кемшіліктерді жою керек. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын, Проблемалық несие қорын және басқа да қаржылық институттарды оның құрамынан шығару керек. Банк өз ісімен айналысуы керек.

    Алайда, «БЖЗҚ» АҚ мемлекеттік акция пакеті әлі де ҚР Ұлттық банкінің сенімді басқаруында қалып отыр.

    enpf
    Скриншот enpf.kz сайтынан

    Ал Проблемалық несие қоры 2017 жылдың сәуір айында жалғыз акционерінің өзгергенін ресми мәлімдеді:

    Flp.kz
    Скриншот  Flp.kz сайтынан

    Аударған Жұлдыз Әбділда


    factcheck.kz мақалаларында аты-жөні аталған тұлғалар немесе оқырман біздің үкіммен немесе дәлелдемелерімізбен келіспейтін болса, тиісті материалдарды ұсынған жағдайда редакция үкімді қайта қарастырып, құжаттарды жариялауы мүмкін.

    Бұл басылым Сорос-Қазақстан Қорының қаржылай қолдауымен дайындалды (жарияланды, жарық көрді). Бұл жарияланымның мазмұны автор(лар)дың пікірі мен көзқарасын білдіреді, оның Сорос-Қазақстан Қорының көзқарасымен сай келуі міндетті емес.

    ЖАУАБЫН ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

    Please enter your comment!
    Please enter your name here