Жартылай шындық | Араб Әмірліктері 30 жасқа дейінгі қазақстандық жесір әйелдерге көмек көрсетеді

    Источник: lada.kz

    WhatsApp мессенджерінде мынадай кезекті хабарлама тарап кетті. Кең тараған аудиохабарламада белгісіз бір әйел Біріккен Араб Әмірліктері баламен қалған жесір әйелдерге қазақстандық қалалардың бірінде көмек көрсетілетінін айтады. Бірақ қаланың аты аталмайды. Хабарламаның мазмұны мынадай:

    «Құрметті ата-аналар, өтінемін, ақпаратты тыңдаңыздар. Ақпаратқа жүз пайыз сенулеріңізге болады. Біріккен Араб Әмірліктері біздің қаламызға, оның ішінде 30 жасқа дейінгі жесір әйелдерге көмектесуді ұйғарды. Күйеуімен ажырасқан әйелдер емес, жолдасы қайтыс болған және баламен қалған әйелдерге көмек көрсетеді. Яғни бала 18 жасқа толғанша Араб Әмірліктері жәрдемақы төлеп отырады. Егер сіздің сондай танысыңыз немесе туысыңыз бар болса, оларға көмек көрсетіп осы, ақпаратты жеткізіңіз. Жылдам Қызыл Крестке барып тіркеліп қойсын. Жылдамырақ тіркелсе, тізімге ілігіп кету мүмкіндігі-де жоғары. 18 жасқа толғанша балаға қаржылай көмек көрсетіледі. Тағы да қайталап айтамын, ақпаратқа жүз пайыз сенуге болады. Мен өзім жауап беремін».

    Үкім: Жартылай шындық

    Шындығында, Қазақстанда мұндай жоба бар және оның ресми атауы — «Жетім балалар». Бірақ оны іске асырушы Қызыл Крест емес, Қазақстанның Қызыл Жарты ай Қоғамы (ҚЖҚ).

    Сонымен қатар, жобада жесір әйелдердің жасына шектеу қойылмаған. Құжаттарды қабылдау жыл бойы белгіленген уақыттарда жүргізіліп отырады. Қазір құжат қабылдау кезі емес.

    «Жетім балалар» жобасы туралы

    «Жетім балалар» жобасы елдегі отбасын асыраушы азаматынан айырылған аз қамтылған, кедей және көпбалалы отбасыларға көмек көрсетеді.

    Әр жарты жыл сайын тіркелген адамдарға жәрдемақы төленеді. Құжаттарды әуелі комиссия мүшелері қарайды, олар қолдағаннан кейін БАӘ-дегі Орталық Кеңсеге қарауға жіберіледі.

    • 10 жасқа толмаған балалардың құжаттары қаралады.
    • Әкесі тірі, бірақ анасынан айырылған балалардың құжаттары қаралмайды.
    • Егер отбасында 5 және одан да көп бала бар болса, ең кіші екеуінің құжаты қаралады.
    • Ал егер отбасында 5 баладан аз болса (тіпті 4-еу болса да) құжаттарды бір ғана баланың атына жинайды (ең кішісінің).

    Жәрдемақы алуға қажетті құжаттардың тізімі (тізімде өзгерістер болуы мүмкін):

    redcrescent.kz сайтынан скрин

    2018 жылы жәрдемақыға құжат қабылдау 13 сәуір күні аяқталды, келесі жылға құжат қабылдау туралы немесе басқа да, ақпараттарды Қазақстанның Қызыл Жарты ай Қоғамының ресми сайтынан білуге болады.

    «Бұл Қызыл Жарты ай Қоғамы мен Араб Әмірліктерінің біріккен жобасы, олар бізге демеуші. БАӘ құжат қабылдау мерзімін ашады, біз құжат жинауды бастаймыз. Құжат қабылдауды тоқтататын күнді-де демеуші белгілейді. Белгілі бір мөлшер бар (таңдау керек балалардың саны). Кейін бұл құжаттар комиссияның алдынан өтеді. Әдетте біз әлеуметтанушылармен, денсаулық сақтау, білім беру департаменттерімен және мектеп пен емханалардағы әлеуметтік қызметкерлермен бірігіп жұмыс істейміз. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерін биыл қостық. Олар толық емес отбасылардың бәрін біледі және сол адамдарды бізге жібереді», деп түсіндірді Қызыл Жарты ай Қоғамы Астана филиалының маманы Гүлмира Құлжабаева.

    Көмектескісі келген

    Бұл хабарламаны өз қаласындағы әйелдерге көмектескісі келген волонтер таратқан. Соның нәтижесінде оған басқа да аудиожазбалар қосылып, оның бір бөлігі рас, ал екінші бөлігі ойдан шығарылған. Қызметкерлер мұндай, ақпараттардың рас-өтірігін Қызыл Жарты ай Қоғамының ресми сайтынан немесе өз қаласындағы Қызыл Жарты Ай Қоғамының өкілдерінен анықтап алуға шақырады.


    factcheck.kz мақалаларында аты-жөні аталған тұлғалар немесе оқырман біздің үкіммен немесе дәлелдемелерімізбен келіспейтін болса, тиісті материалдарды ұсынған жағдайда редакция үкімді қайта қарастырып, құжаттарды жариялауы мүмкін.

    Бұл басылым Сорос-Қазақстан Қорының қаржылай қолдауымен дайындалды (жарияланды, жарық көрді). Бұл жарияланымның мазмұны автор(лар)дың пікірі мен көзқарасын білдіреді, оның Сорос-Қазақстан Қорының көзқарасымен сай келуі міндетті емес.