ЖАЛҒАН | Сағадиев: Қытайда жыл сайын Австралияның халқына пара-пар адам жоғары білім алып шығады

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 2017 жылғы 12 сәуір күні өткен «Қазақстан ғылымы 3.0 модернизация жағдайында» атты форумда:

…ертең біз жыл сайын Австралияның халқына пара-пар адам жоғары білім алып шығатын Қытаймен бір экономикалық кеңістікте боламыз, деген пікір айтты.

Үкім: Жалған

Сағадиев қателеседі, шын мәнінде бүгінгі таңда Қытай жоғары оқу орындарының түлектері Австралия тұрғындарынан 2 есеге аз.

Қытайдың Ұлттық Статистика бюросының 2015 жылы келтірген деректеріне (бүгінгі күнге ең соңғы дерек) сүйенсек, елдегі жоғары оқу орындарын 11 522 738 адам бітірген (бакалавр, магистр, доктор және онлайн оқығандарды қосқанда). Ал Австралияның халық саны, жергілікті Статистика бюросының мәліметінше, 2015 жылы 23 871 500 адам болса, 2016 жылы 24 220 200 адам болған. Деректер бір-бірімен қабыспайды, тіпті, екі есеге дейін артық.

Дегенмен, Қытайдың министр мырза айтып отырған көрсеткішке жетіп қалуы да ықтимал, өйткені Қытайда білім беру саласының көрсеткіштері артып келеді. OECD деректеріне сүйенсек, 2020 жылы бүкіл әлемдегі жоғары білім алатын халықтың 29%-ы Қытайға тиесілі болуы мүмкін деген болжам бар (2010 жылы бұл көрсеткіш 18% болған).

Аударған Жұлдыз Әбділда

Журналист, фактчекер, фотограф. Автор factcheck.kz c 2017 года.

Factcheck.kz