Жалған | Канадада ЛГБТ қарсыластарын балаларынан айыратын заң қабылданды

Өткен жылдың маусым айының соңында http://gcshelp.org діни ресурсы Канаданың Онтарио провинциясының парламенті дәстүрлі емес некелер мен гендерлік идеологияны сынға алатын ата-аналарды балаларынан айыру туралы заң қабылдағанын жазған болатын. Ақпараттың жарияланғанына біраз уақыт өтсе де, әлеуметтік желі қолданушылары бұл жаңалықты әлі де бөлісіп, таңданыстарын жасыра алмауда.

ЛГБТ в Казахстане и Канаде

Үкім: Жалған

Әңгіме 2017 жылы қабылданып, сол айда-ақ «корольдің келісімін» алған №89 Заң жобасы, яғни «Балаларды, жастарды және отбасыны қолдау туралы Заң» (Bill 89, Supporting Children, Youth and Families Act, 2017) жайында болып отыр.

Біз заң мәтінін мұқият қарап шықтық, бірақ мақалада айтылған мәліметтерді таппадық.

Соның ішінде, дәстүрлі отбасылық құндылықтарды ұстанатын және діншіл адамдардың бала асырап алуына қарсы келетін ешқандай сөзді кездестірмедік. Керісінше, заңда провинцияның бұрыннан келе жатқан тұрғындарының бірлігін, отбасылық және мәдени дәстүрлерін нығайтуға қатысты жаңа ережелер енгізілген, сонымен қатар протекция жасын 17-ге ұзартқан (яғни, көрсетілген жасқа дейін балалардың қызығушылықтарын қорғайды).

Заңда не айтылған?

Жаңа заң оған дейінгі «Балалар мен отбасылық міндеттер» туралы Заң жобасы сияқты «Баланың қызығушылығына оң әсер етуді» мақсат еткен (Бұл туралы құжаттың қосымшасында айтылады), сонымен қатар төмендегі міндеттерді де қатар қойған:

  • «Олардың аймақтық (этникалық) айырмашылықтарына қарамай бірдей мемлекеттік қызмет көрсетілуі керек:
  • Физикалық, эмоционалдық, рухани, білім алу қажеттіліктері мен айырмашылықтарын ескеріп дамуын қамтамасыз ету;
  • Нәсілі, туған жері, түсі, этникалық шығу тегі, азаматтығы, отбасылық ерекшелігі, ерекше қажеттіліктері (мүгедектік туралы айтылып тұр), діни көзқарасы, жынысы, жыныстық таңдауы, гендерлік ұқсастығы мен гендерлік болмысын сақтау;

Балалар мен жасөспірімдер және олардың жанұясына көрсетілетін қызметтер отбасыны мүмкіндігінше нығайтуға бағытталуы керек.

Жалған | Канадада ЛГБТ қарсыластарын балаларынан айыратын заң қабылданды
Онтарио правинциясы парламенті сайтынан скрин

Аталған Заңның тағы бір мақсаты – байырғы халықтардың отбасылары мен балаларына олардың мәдени, мұрагерлік, дәстүрлі және «үлкен отбасы» концепциясын ескере отырып қызмет көрсету. Жаңа Заңда байырғы халықтар (үндістер), инуиттар, метистердің балалары мен отбасыларын, сонымен қатар олардың мәдениетін, мұраларын, дәстүрі және көпшілікпен қарым қатынас жасаудағы қажеттіліктерін ескеретін өзгертулер енгізілген.

Заңның қосымша міндетінде баланың немесе жасөспірімнің тек қана діни қажеттілігін ескеру керек деген нақты міндет жоқ. Діни сенімі баланың қызығушылығына қатысты назарға алынуы керек, ол басқа да факторлармен қатар тұр.

Өздеріңіз түсінгендей, осында айтылған «басқа факторлар», оның ішінде «жыныстық таңдау, гендерлік ұқсастық, гендерлік болмыс» фейк авторлар үшін манипуляция құралы болды.

Баланы тартып алу

Баланы отбасынан (биологиялық немесе асырап алған) айырып алу себептеріне келетін болсақ, ол «Балаларды қорғау» туралы Заңның V тарауында жазылған. Қалаған адам бұл нормалармен танысып, ағылшын тілінен аударып алуына болады. Біз мұнда ол мәліметті келтірмейміз, себебі ол жерде діни және саяси тұжырымдамалар, сонымен қатар ЛГБТ туғандары мен асырап алған ата-аналарға қатысты ештеңе айтылмаған.

«Асырап алуға және лицензиялауға қатысты» VIII тарауда да асырап алушының дәстүрлі некеге көзқарасы немесе жалпы жыныстық таңдауы туралы талаптар жоқ. Тек асырап алуды жоспарлау, құпиялылық, жайлы қарым-қатынас орнату, асырап алатын баланың дәрежесі мен азаматтығы (басқа елден асырап алған жағдайда) сынды қарапайым дүниелер айтылған.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz