ЖАЛҒАН | 24 мың қазақ қызы қытайға тұрмысқа шыққан

Жер дауының қарсаңында ұлт белсендісі Мұхтар Шаханов 24 мың қазақ қызының қытай азаматтарына тұрмысқа шыққанын және бұл үрдістің қарқынды жалғасып жатқанын айтқан болатын. Тіпті, аралас некеден болатын қауіпті Жер туралы заңға енгізуді ұсынған. Алайда, Шахановтың бұл мәлімдемесі шындыққа жанаспайды.

dalanews
Скриншот dalanews.kz сайтынан

Үкім: Жалған

Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінен алған ресми мәліметке сүйенсек, 2009 жылдан бастап, 2016 жылға дейін Қытай азаматына тұрмысқа шыққан қазақстандық қыздардың жалпы саны – 318.

Таратып айтсақ, 2009 жылы Қазақстан азаматтығындағы қалыңдықтардың 27-сі Қытай азаматтарына тұрмысқа шыққан. Ал тура осы жылы 43 Қазақстанның азаматы Қытай қыздарымен бас қосқан. Олардың үшеуінен басқасы Қазақстанда тұрады.

stat.gov.kz
ҚР Статистика комитетінің мәліметтері

2010 жылы 37 қызымыз қытай азаматына тұрмысқа шықса, 62 азаматымыз, керісінше, қытайлық қалыңдықпен неке құрған. 2011 жылы қазақстандық қыздардың 34-і Қытай азаматымен бас қосқан. Олардың 28-інің тұрғылықты жері Қазақстан болса, бесеуі Қытайда, ал біреуі басқа елде тұрады. Осы жылы қытайлық қалыңдыққа неке жүзігін салған Қазақстан азаматтарының саны – 27.

2012 жылы қазақстандық қыздар мен қытайлық жігіттер арасында 31 неке тіркелсе, қытайлық қыздарды жар еткен Қазақстан азаматтарының саны – 32. Және олардың 32-сінің де тұрғылықты жері – Қазақстан.

2013 жылы бұл көрсеткіш сәйкесінше 44 және 43. Ал 2014-те 55 қызымыз қытай азаматына тұрмысқа шығып, 46 жігітіміз Қытай қыздарын қалыңдық етіп алған. Қазақстандық қыздар мен қытай азаматтары арасындағы 55 жұптың 50-і Қазақстанда тұрады. Ал қытайлық қалыңдықтардың 43-і осы елде тұрып жатыр.

2015 жылы 39 қызымыз қытайға шығып, 42 жігітіміз Қытайдан қыз алған. Ал өткен жылы 51 қазақстандық бойжеткен Қытай азаматымен қол ұстасқан. Олардың тек біреуі ғана Қытай асып кеткен, қалған 50-і Қазақстанда тұрып жатыр. Дәл осы уақытта 53 Қазақстан азаматы Қытайдан қыз айттырған. Олардың 52-сі елде тұрып жатса, екі отбасы Қытайда тұрады.

 

Factcheck.kz